Қызылорданың арзан газы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге көмектесе алады

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы жеріндегі мұнайдың қатарында газдың қоры көп. Мұнда әдетте мұнай өндіру ілеспе газды қоса өндірумен қабат жүргізіледі. Айталық, 2009 жылдың өзінде бұл аймақта 1 млрд. 580 млн. текше метр ілеспе газ өндірілді. Соның ішінде «Ақ­ша­бұлақтағы» кеніште 300 млн. текше метр ілеспе газ өңделді.
None
None

Мұнай компаниялары газды өңдегеннен кейін өздерінің ішкі қажеттіліктеріне жаратады, қал­ғанын магистральды құбыр арқы­лы Қызылорда қаласына жібереді. Облыс орталығына тартыл­ған газ құбыры жылына 420 млн. текше метрді ғана өткізе алады. Аймақта бұған дейін газ аз мөлшерде алынып келді, ал 2008 жылы ірі жылу орталықтарын, оның ішінде «Қызылордаоңтүстік­жылуорталығын» мазуттан газға көшіргесін қыс айларында сұраныс ұлғайды. Сол уақытқа дейін жұмыс істеп келген «Ақшабұлақтағы» газ өңдеу кешені бұны толық өтей алмады. Соның нәтижесінде 2009-2010 жылғы қыс айларында газбен қоса мазут та пайдаланылды.

Бұл бір ғана қондырғы болғандықтан техникалық тұрғы­дан әртүрлі қиындықтар туын­дайтыны белгілі. Өткен қыстың өзінде орталық 20 шақты рет тоқ­тауға мәжбүр болды. Бұл ақаулар­ды жергілікті мамандар жөндеп жатса жақсы, қондырғылардың кей­бірінің қосалқы бөлшектерін сол қондырғылар шығатын зауыт­тар­дан алдыруға тура келеді. Оның ақшасын төлеп, ұшақпен алып келуге бір апта, он күн уақыт кетеді. Қаладағы көпқабатты үй­лер мен жеке секторлардың көбісі газға көшкен. Сондықтан қара­пайым халық қиналып қалмас үшін жылу орталығын газдан өшіруге дейін тура келді. Оны өшір­ген жағдайда құбыр ішіндегі газ халықтың пайдалануына екі апта­ға дейін жетеді. Ал егер жылу орталығын тоқтатпасақ, құбыр ішінде қалған газ бір жарым тәулікке әзер жетеді. Осындай жағдайларға байланысты біз газ­дан мазутқа көшіп отырдық. Осы­лайша қыс айла­рында 20 мың тонна мазут жағуға мәжбүр бол­дық. Бұл дегеніңіз 550 млн. теңге қосымша қаражат деген сөз. Яғни, жарты миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Егер осы жа­ғыл­ған мазуттың орнына газды пайдаланып, электр қуаты мен жылу қуатын шығарсақ, онда 24 млн. текше метр газ жұмсар едік. Ал 24 млн. текше метр газымыз 90 млн. теңге болады. Сонда біз 90 млн. теңгемен ғана жылу беруге болатын орталыққа 550 млн. теңге жұмсап отырмыз. Екінші қон­дыр­ғыны біз асыға күттік. Жо­баларға өзгерістер жасалды. Бұл жаңа технологиямен жасалған қондырғы. Сондықтан оның іске қосылуы бюджетімізді үнемдеуге және халықты «көгілдір отынмен» қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады. Бұл - біріншіден. Екін­шіден, біз ілеспе газбен қатар сұйы­тылған газ да шығарамыз. Бұған байланысты біз кәсіпкер­лермен меморандумдарға отырдық. Соның ая­сында қазіргі кезде «Торғай Петро­леум» және «ҚазГерМұнай» компанияларымен келісім жасал­ған. Жақында «Қызылордагаз» ЖШС-нің базасында болып, олар­дың жұмыстарымен таныстым. Олар Қызылорда қаласы мен елді мекендерді газбен қамтамасыз етуді қолға алмақшы. Сон­дықтан бұл бағыттағы жұ­мыс­тар кеңінен жүр­гізіліп, оң нәтиже­ле­рін береді деп ойлай­мын. Бүгінгі таңда облыста газдың бағасы еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда өте төмен. Сұйытылған газдың ба­ғасы да арзан. Салыстырмалы түрде алсақ, көршілес облыстарда үлкен газ баллонның бағасы 1600 теңгеге дейін барса, бізде 800-900 теңге шамасында ғана. Килограм­мен алғанда Қызылорда қала­сын­да 45 теңге, облыста 62 теңге болады. Алдағы уақытта оны тұрмыстық жағдайда ғана қол­дан­бай, ірі әлеуметтік объектілерді де сұйы­тылған газбен жылытып, мемлекет қаражатын үнемдеу мақсаты тұр. Осы кезге дейін ауаға босқа жа­нып келген «Ақша­бұлақ», «Торғай Петролеум», «Петро­­Қазақстан» кеніштеріндегі газ мәселесі шеші­мін табуы керек. Бұған қоса, кіші мұнай компа­ниялары да бар. Бұл бағытта да үлкен жұмыстар жүр­гізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар