Қызылорданың барлық аудандарында кәсіпкерлерге арналған орталықтар мен «Бизнес-мектептер» жұмыс жасауда (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 27-28 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған, Жалағаш аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен «Бизнес мектептер» ашылды.
None
None

Нәтижесінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бұл бағыттағы жұмыстарды облыс көлемінде толығымен бітірді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кеткен жөн, өткен жылы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету туралы келісімге келіп, жыл басынан республика бойынша барлық өңірлерде осындай орталықтар ашылуда.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығын ашудағы мақсат ісін жаңа бастаушы, сондай-ақ жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер үшін қызмет түрлері жинақталған инфрақұрылым құру.

Орталықтарда Кәсіпкерлер палатасының, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның, «Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның, Халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың рұқсат беру құжаттарымен айналысатын бөлімдерінің мамандары мен консультанттары орналасқан.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен ісін жаңа бастаушы азаматтар Орталықтарда тұрақты қызмет жұмыс жасайтын «Бизнес-мектептердегі» арнайы бизнес-тренерлерден дәріс алып, біліктіліктерін жетілдіре алады.

Жалпы, Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарында 20-дан астам қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда: кәсіпкерлер бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, кедендік рәсімдер, менеджмент жүйелерін енгізу, заң, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алулар, маркетинг мәселелері және бизнес-жоспар жасау, сот органдарында сүйемелдеу, рұқсат ету рәсімдерін алу және өзге де қызмет түрлерін тегін ала алады.

Орталық қызметіне жүгінушілер қатары күн санап артуда. Мәселен, бүгінгі күнге дейін аудандардағы Орталықтан 800-ден астам адам кеңес алды.

Соңғы жаңалықтар