08:26, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылорданың битум зауыты «Батыс Еурора -Батыс Қытай» күрежолын салушыларға өнім бере бастады
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысы өзінің тарихында биыл тұңғыш рет битум шығаратын іргелі кәсіпорынға ие болды. Оны «Автомобиль жолдары басқармасы» өз қаржысымен салып шықты.

Жақында Елбасының тікелей эфир хабары алдында ғана іске қосылған бұл зауыт қазіргі күндері толық қуатында жұмыс істеп тұр. Ол облыс аумағында құрылысы қызу жүріп жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне қажетті битумның үштен бір бөлігін дайындап береді. Оның өнімінің сапасы да жақсы, халықаралық стандартқа толық жауап бере алады. Сондықтан болар, зауыт өнімдеріне сұраныс барған сайын артып келеді.