08:35, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Қызылорданың «Қайсары» қатарынан он ойында ұтты
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік - Кеше футболдан Қазақстан біріншілігі бірінші лигасында 11 турдың ойындары ойналды.

Осы күні Алматы облысының «Сұңқар» командасын қабылдаған Қызылорданың «Қайсар» командасы қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Сыр бойы басты қаласының футбол жасағы осымен бұл біріншілікте 10-ыншы ойынын өткізді. Соның бәрінде де жеңіс биігінен көрінді. Осылайша 10 ойыннан 30 ұпай жинаған қайсарлықтар қазір бұрынғысынша турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді. Одан кейінгі екінші-үшінші орындарды бөлісіп келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының қос командасы - Семейдің «Спартагы» мен Өскеменнің «Востогында» 11 ойыннан кейін 28 ұпайдан бар.