15:16, 31 Наурыз 2017 | GMT +5
Қызылорданың өнер ұжымы Орынбордағы қандастарды Наурызбен құттықтап қайтты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық филармония ұжымы Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы қандастарымызға «Наурыз-думан» мерекелік концертін тарту етіп қайтты, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Гастрольдік сапармен Соль-Илецк, Беляевка, Димитровский, Новорск аудандарына барған ұжым құрамында «Томирис» би ансамблі, Ү.Медеуова, Н.Нұраддинова, О.Нұралиев, Б.Молдабергенов, З.Баймұрзаевалар өнер көрсетті.
Қазақстанның алғашқы астанасына Сыр бойынан жеткен ұжымды жергілікті халық қошеметпен қарсы алды. Филармония өнерпаздары жергілікті көрермендерге дәстүрлі өнер мен заманауи жанрлар қатар өрілген концерттік бағдарлама тарту етіп, орынборлықтардың ықыласына бөленді.