Қызылорданың пенитенциарлық жүйесінде «Нұр Отан» партиясының қатысуымен «дөңгелек үстел» отырыстары өтуде

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Қызылорданың пенитенциарлық жүйесіне қарайтын ЗК-169/1 мекемесінде «Нұр Отан» партиясының қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы Дәулетқазы Закимовтың айтуынша, жеке құрамның арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ондай фактілердің жолын кесу тақырыбына арналған бұл іс-шара «Нұр Отан» партиясы мен қылмыстық-атқару жүйесінің арасында жол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде. «Дөңгелек үстел» жұмысына сала қызметкерлерімен бірге, «Нұр Отанның» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Өлмесхан Болатбеков пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.
Соңғы жаңалықтар