«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК аймақта тұтынылатын электр энергиясының 45 пайызын ғана жабады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгінде облыстың жалғыз электр энергиясы көзі - «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК аймақтың жалпы электр энергиясын тұтынуының 45 пайызын ғана жабады. Ал қалған электр энергиясы сырт көздерден сатып алынады.
None
None

Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов мәлімдеді.

«Осыған байланысты Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауыты «СКЗ-U» ЖШС-ны жобалық қуатқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зауыт толық жобалық қуатқа шыққан жағдайда «КРЭК» АҚ желілеріне 12-13 МВт электр энергиясын босатуға мүмкіншілік алады», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, аймақты электр энергиясы тәуелсіздігіне қол жеткізу бағытында қазіргі таңда «Қызылордажылуэлектр орталығы» мекемесінің базасында қуаттылығы 110 МВт болатын газ-турбиналық қондырғысы құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар