"Кызылординские вести" газетінің шыққанына 80 жыл толды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жаңа жылдың алғашқы күнінде «Сыр бойы» газетімен үзеңгілес келе жатқан облыстық «Кызылординские вести» басылымының бірінші нөмірі шыға бастағанына 80 жыл толды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аз-кем тарихына тоқталар болсақ, округтік «Ленинский путь» газеті 1930 жылғы қаңтардың 1-інен Қызылорда қаласында шыға бастады. Қыркүйек айының соңында Қызылорда округінің тарауына байланысты газет қысқа мерзімге шықпай қалды. Бір айдан кейін осы атаумен қайтадан оқырман қолына тие бастады. Ол сол кезеңдегі ВКП(б) Қызылорда аудандық комитетінің, атқару комитетінің, кәсіпшілдер кеңесінің және қалалық кеңестің органы саналды. Ал 1938 жылдың мамыр айынан 1963 жылдың сәуір айына дейін Қызылорда облыстық партия комитеті, қалалық партия комитеті және облыстық кеңес атқару комитетінің органы ретінде шығып тұрды. Облыс Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамына енгеннен кейін тағы да аздаған үзіліс орын алды. 1965 жылғы наурыздың 2-інде «Путь Ленина» деген жаңа атаумен қайта жаңғырды. Ал қазіргі атауын 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алар тұста иеленді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қанаттас, іргелес әріптестер ұжымының тарихы бай, ол тарих беттері онан әрі толықтырылуда. Айтулы 80 жылдың ішінде орыс тіліндегі байырғы басылым өрісті өңірдің кешегісі мен бүгінін жарқыратып көрсете білген аймақтың айнасына айналды. Осы жылдар ішінде қаншама жур­налистер буыны мен оқырмандар алмасты, сөйтсе де «Кызылординские вести» тарих толқынында желкенін жайып, тек қана алға жүзіп келеді.

Соңғы жаңалықтар