Қызылтаң ауылында жаңартылған мәдениет үйі жұртшылық игілігіне берілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Қызылтаң ауылында күрделі жөндеуден өткізілген мәдениет үйінде алғашқы жаңажылдық шырша жағылып, жұртшылық той-думанға кенелді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылдың ортасында орын тепкен мәдениет ошағы қараусыз қалып, тек қаңқасы тұрған. Енді міне, жергілікті бюджеттен екі миллион теңге қаржы қарастырылып, жаңаша түр-сипатқа ие болды. Аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Әсем Райымбекованың айтуынша, мұнда қазірдің өзінде би, ән айту, музыка аспаптарында ойнау үйірмелері жұмысқа кіріскен. Бишілер тобының жетекшісі Барқыт Бұшаева бұған дейін түрік елінде өнер көрсеткен еді. Ендігі күн жарқын істер жалғасын таппақ. Бүгінде аудан көлемінде 40 мәдениет ошағы жұртшылық игілігіне қызмет етуде.

Соңғы жаңалықтар