«Қызылжар» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Али Алиев «Қызылжар» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталмыш клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Али Алиев «Қызылжарға» бөтен емес.

А.Алиев 2015 жылы «Қызылжар» командасына ойыншы ретінде қабылданып, бірінші лигада қола және күміс жүлдеге қол жеткізді. 2017 жылы оның белсенді қатысуымен клуб сегіз жылдан кейін премьер-лигаға жолдама алды.

Осы кезеңде А.Алиев 75 матч өткізіп, 6 голдың авторы атанды.

2019 жылы ол «Қызылжар» командасының бас бапкері болып тағайындалды. Сол жылдың қорытындысы бойынша команда қайтадан премьер-лигаға оралды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Карповичтің «Қызылжар» клубының бас бапкері қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар