«Қызылжар» қатарынан алтыншы мәрте жеңіске жетті

Екінші ойын күніндегі алғашқы кездесуде Петропавлдың «Қызылжары» сырт алаңда Павлодар облысының «Ақсу» командасымен кездесті.
Петропавлдық клуб биылғы біріншілікті сәтті бастады. Бес турда бірде-бір ұпайды шашау шығармаған олар турнир кестесінде бірінші орында тұрған еді. Бұл жолы да сол жеңісті жолды жалғастырды.
Ойынның бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңнің соңына таман «Қызылжардың» белсенділігі байқалды. Нәтижесінде олардың қатарынан бразилиялық шабуылшы Витор Родригес Хосе 79-минутта алыстан гол соғып кетті. Ал, 82-минутта петропавлдық клубтан Марат Шахметов есепті үстемелей түсті.
Осылайша, «Қызылжар» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Қатарынан алты мәрте жеңіске жеткен олар турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.
Енді аталған турда «Ақтөбе» мен «Атырау», «Астана» мен «Қайрат», «Ордабасы» мен «Тобыл» ойнайды.
Еске салсақ, 15 сәуірде «Қайсар» «Жетісудан» 2:0 есебімен басым түссе, «Каспий» «Оқжетпесті» 2:1, «Шахтер» «Мақтаралды» 3:0 есебімен жеңді.