10:39, 07 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қызылжарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Қызылжарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды.

«Алматы» мен «Конденсат» (Орал) волейболшыларының ойынымен басталған бұл жарыста 3:1 (31-29, 23-25, 25-14, 25-16) есебімен алматылықтар жеңіске жетті. Ал Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» атыраулықтарға 2:3 есе жіберсе, Хромтаудың «ТНК «Қазхромы» жарыс қожайындарын («Есіл») 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін «Конденсат» пен «Атырау», Алматы» мен «ТНК «Қазхром», Есіл» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» өзара күш сынасады. Ақтық кездесулер 11-желтоқсан күні өтеді. Жалпы ел чемпионатының алғашқы турында бұған дейін алматылықтар бірінші, хромтаулықтар екінші, өскемендіктер үшінші орын алған болатын. Ал «Атырау», «Есіл», «Конденсат» командалары 4-6 орындарды бөліскен еді.