Қызылжұлдыз ауылының жолы қашан жақсарады?... - өңірлік баспасөзге шолу

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде шілде айының алғашқы жартысында жарияланған өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

Шілде айының алғашқы санында осы күні бірді екі етіп, қолда бар құрал-жабдығымен күн көріп отырған кәсіп иесіне арналған мақаланы оқуға болады.  «Өз ісінің шебері» атты мақалада мәтінде:

...Сондай жандардың бірі таңның атысынан күн батып, қас қарайғанша көлік дөңгелектерін жөндеу кәсібін жанына серік қылып жүрген көкшетаулық Айдос Қыдырбаев дер едік. Ол жұмыс істейтін Уәлиханов көшесінің бойындағы орталықты осыдан 6 жыл бұрын жеке кәсіпкер Бақтияр Сейдахметов ашқан. Орталық жай күндері тәулігіне 20 көлікке қызмет көрсетсе, қыстың басы мен көктем айларында одан да көп болады.

Осы орайда,  көлік дөңгелектерінің ақауын ретке келтіретін өз ісінің шебері Айдостың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Оның осы кәсіппен айналысып жатқанына бес жылдың жүзі болыпты. Жұмыстың барлық кезеңінде өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жан бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқарып, клиенттерінің алғысына бөленуде.» деп жазылған.

Сонымен қатар, өңірде халықты жұмыспен қамтуды бағытында да айтарлықтай істер қолға алынған. Бұл туралы газеттің осы күнгі шыққан санындағы «Пайдалы жәрмеңке» мақаласынан оқи аласыздар.

 ...«Достар» мәдениет сарайында жастар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасында оқу орнын тәмамдаған түлектерді жұмыспен қамтуға баса назар аударылған. Бағдарлама аясында өткізілген жәрмеңкеге 321 кәсіпорын өкілдері қатысты. Түлектерге мемлекеттік және жекеменшік жұмыс беруші ұйымдар 186 бос жұмыс орнын ұсынды. Білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты мамандықтарға сұраныстар көп болды. Негізінен логопед, бастауыш сынып, ағылшын және қазақ тілі  мұғалімдері  жетіспейді екен. Бұдан басқа инженер-құрастырушы, электрик, шаштараз да қажет. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 52 адам қатысты. Нәтижесі кейінгі уақытта белгілі болады...

Аграрлы өңір саналатын Шортанды ауданында соңғы жылдары өнеркәсіп саласы да серпінді дамып келеді. Бұл туралы газет тілшісінің «Өнім сапасына жете көңіл бөлінуде» атты мақаласында «...Әсіресе, құрылыс индустриясы қарқын алуда. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын құрылған «Шортанды гранит» ЖШС құрылыс жұмыстары үшін қиыршық тас өндіретін ірі  кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Аудан орталығы Шортанды кентіне жақын аумақта орналасқан кеніштен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы мен өнеркәсіп саласына қажетті қиыршық тас өндіріледі. Кәсіпорын жылына 70 мың тоннадан астам өнім шығарады. Өнімге деген сұраныс жыл санап арта түсуде. Дайын өнімдер сақталатын қойма барлығына қарамастан, өндірілген өнімді тапсырыс берушілер бірден алып кетуде. Өнім тарату ауқымы да кең. «Шортанды гранит» серіктестігінің өнімдерінің басты тұтынушысы Астана-Павлодар жолын салып жатқан «Қазақжолқұрылысы» ЖШС болып отыр.  Серіктестік директоры Ғалымжан Садықовтың айтуынша, құрылысқа пайдаланылатын өнім әрдайым зертханалық сараптамадан өткізіліп тұрады. Кәсіпорын өнімге қойылатын сапа талабын сақтауға үлкен көңіл бөледі. Бес түрлі өлшемдегі қиыршық тас шығаратын кәсіпорын өнімінің арнайы сертификат-лицензиясы бар.

Мұндағы жұмыс барлық уақытта техника қауіпсіздігін сақтауды қажет етеді. Еңбек ететін адамдардың бәрі өз жұмыстарын жақсы білетін білікті және тәжірибелі мамандар. Қиыршық тас шығаратын техниканың машинистері Александр Голиков, Данил Ворон тасты ұсақтау желісінің операторы Валентин Сысоев пен Игорь Пянков - бәрі де осы салада біраз жыл еңбек еткен тәжірибелі жұмысшылар.
Әлемді қамтыған экономикалық дағдарысқа қарамай, кәсіпорын өндіріс көлемін қысқартпай, қалыпты жұмыс істеуде...» көрсеткен.

Ал, «Даулы мәселелер заңды білмеуден туындайды» мақалада жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі қозғалған.

«...Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы қалалық прокуратурамен және облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

«Кәсіпкерлер құқын қорғау» тақырыбында өткен шарада қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Максим Шатковский хабарлама жасап, 2010 жылдан бері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары беретін рұқсат құжаттары 68-ге дейін қысқартылғанын, 21 лицензияланатын қызмет түрінің жиырмасы бойынша аталмыш мекеменің қорытындысын кәсіпкерлер алмайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерліктің субъектілері өз жұмыстарын жүргізу үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне барып жолығудың қажеті жоқ. Азаматтық қорғау саласында қолданылатын рұқсат тәртібін тек Комитет «Е-лицензиялау» wеb-порталы арқылы жүргізеді.
Биылғы жылы бақылау және қадағалаудың жаңа әдісі енгізілді. Оның жұмысы жалпылай бақылау қағидатынан кетуге бағытталып, оның орнына жаңа үлгілер және бақылау мен қадағалаудың әдістері кіргізілді. Жоспарлы тексеріс қысқартылып, бақылаудың ең қауіпті саласына тексеріс жүргізу үшін ерекше тәртіп орнатылды. Оның ішінде өрт қауіпсіздігі жүйесі мен тәуекелдік дәрежесі жоғары нысандар бар.

Тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшеміне сәйкес, бақыланатын тәуекелдік дәрежесі жоғары нысандарға жалпы нысандар санының 20 пайызы жатқызылады. Бұған ірі өрт қаупі бар нысандар және өндірістік кәсіпорындар, көп адам келетін әлеуметтік саланың, білім мен денсаулық сақтау саласының нысандары, өрт қаупі жоғары ірі қоймалар кіреді.

Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті заңды бұзбаған субъектілерді тексерістен босату тәрізді марапаттау қағидатын қарастыратын тәуекелділік бағасының өлшемін жасады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін өрт қауіпсіздігі саласына мемлекеттік өрт бақылау тексерістерінің баламасы ретінде аудит енгізілді. Бақылау субъектісі мен сараптама ұйымының оң қорытындысын алған нысан үш жыл тексерістен босатылады.

Дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген Көкшетау қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Бауыржан Мұқашев мұндай шара барлық мемлекеттік бақылаушы органдарда өткізіліп жатқанын, жергілікті кәсіпкерлердің проблемасын білу үшін жиі бас қосу қажеттігін атап өтті.

- Кәсіпкерлер өтініш айтып, қалалық прокуратура мен облыстық кәсіпкерлер палатасына жиі келеді. Даулы мәселелердің көбі заңнаманы түсінбегендіктен, оны дұрыс қолданбағандықтан туындайды. Соңғы кезде заңнамаға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Кәсіпкерлік кодекс жұмыс істей бастады. Прокуратура органына түскен өтініштерге қарағанда, заң нормаларының бәрі дұрыс орындалып жатыр деп айту қиын. Кәсіпкерлердің құқы бұзылатыны рас. Бұл бағытта әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік бақылаушы органдар жауапқа тартылып, жазаланды. Соңғы кезде мұндай заңсыздықтың саны кеміді. Қазір кәсіпкерлер бізге кеңес алу үшін келеді. Кейбір бақылаушы органдар талаптарының заңдылығын сұрайды. Бізге облыстық кәсіпкерлер палатасы көмектеседі. Прокуратураға түскен өтініштер бойынша нақты тексеру жұмыстары жүргізіледі. Кінәлілер жазаланады. Бақылаушы органдар нысанды тексеру үшін бір ай бұрын ескертулері қажет. Бұл кәсіпкердің тексеріске дайындалуына мүмкіндік береді, - дейді бөлім басшысы.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанна Әбішева өз сөзінде мекемеге бизнесін ашуға ықпал етуден бастап құқын қорғау тәрізді әртүрлі мәселелер бойынша арыздар күн сайын түсетінін айтты. Биылғы жылы  мемлекеттік органдардың бес қаулысы заңсыз деп танылыпты. Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылған. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы дәнекер көпірге айналды. Дөңгелек үстел соңында кәсіпкерлердің сауалдарына тұшымды жауап қайтарылды...»

Осы күнгі газет санында тағы бір жаңалық ол мемлекеттік қызметшілердің табыс декларациясын толтыратындығы болып отыр.

Онда Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа өзі жетекшілік ететін министрліктің жұмысы туралы есеп бергендігі жазылған. ...Бейнеконференция түрінде өткен есеп беру кездесуіне  облыстық әкімдіктің мәжіліс залында бірқатар департаменттер мен басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

Халыққа есеп беру кезінде Бақыт Сұлтанов  Қаржы министрлігінің қызметі туралы, оның ағымдағы міндеттері мен болашақ бағыттары жайлы егжей-тегжейлі айта келіп, министрліктің қызметі өте күрделі, сондықтан, оны бюджеттік тұрақтылық, қаржылық тәртіп, активтерді басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету және қаржы нарықтарын дамыту деп 5 негізгі блогқа топтастырып, әр блогтың жұмысына тоқталды. Одан кейін министр Қазақстан азаматының табысын ашық жариялауға арналған декларацияны толтыруға шақырды. Министрдің айтуынша декларацияны толтыру ешбір қиындық туғызбайды. «Қазіргі кезде осы мәселеге қатысты пікірталастар көп. Дегенмен, декларацияны енгізудің арқасында біз салық салудың әділ жүйесін қалыптастыра аламыз. Себебі, адамның табысы көп болса, бюджетке түсетін салықтың көлемі де көбейеді. Бюджетке салық аз түссе, мемлекеттің халықты қолдау шараларын жасауға деген мүмкіндігі төмендейді. Сол себепті, табыстың көлемі ашық болуы шарт. Қазіргі кезде декларацияны енгізуге қажетті барлық инфрақұрылым жасалды. Оны кез-келген адам толтыра алады. Өйткені, дек-ларация бір беттен аспайды», - деп атап өтті министр.

Декларацияны толтыру жұмысы сатылап жүргізіледі. Келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметкерлер декларацияны толтырып, тапсыруы шарт. 2020 жылы бүкіл халық декларация толтыруға міндетті болады. Одан басқа министр еліміздің мемлекеттік қарызы бар 134 елдің ішінде қарыз көлемі жағынан 12-ші орында тұрғанын айтты. Борыштарды басқару ел бюджетінің маңызды орнықты өлшемдерінің бірі. Сондықтан, бұл бағытта  халықаралық тәжірибе бойынша қарыздың қауіпсіздігін білдіретін шекті мән белгіленген. Осыған сәйкес мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан аспауы керек, ал, оны төлеу мен пайыздарын жабу бағытындағы атқарылатын қызмет бюджет кірісінің 15 пайызынан аспауы тиіс. Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2016 жылдың 1 қаңтарында жалпы ішкі өнімнің 21,6 пайызына тең болды, оған қызмет көрсету 9,8 пайызды құрады дей келе, министр бұл шекті көлемнен біршама жоғары екенін айтып өтті.

Министрге сұрақ қоюшылардың ішінде жеке бизнесін бастамақшы болған жас кәсіпкер бизнесті дамыту бағдарламасы аясында 7 пайыздық несие алғысы келгенін, бірақ, банк қызметіне жүгінгенде, оған банк несиені 19 пайызбен береміз деп бетін қайтарғанын айтып шағымданды.   Министр бұл мәселені жеке бақылауына алып, тиісті көмек көрсетуге уәде беріп, мұндай мәселе туындамауы қажет деді. Себебі, бүгінде отандық бизнесті дамыту мақсатында ел бюджетінен қыруар қаржы бөлініп отыр. Ол ақша  «Даму» қоры арқылы төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі

Газеттің бұл күнгі санында ақмолалық шаруалардың алдағы қысқа қамдану әрекеті де назардан тыс қалған жоқ. Оны «Дала жұмыстары жанданды» атты мақаладан оқи аласыздар.

«...Жарқайыңдықтар  жылдағы дәстүр бойынша жазғы дала жұмыстарына да білегі сыбана кірісіп кетті. Қазір егістік алқаптарды өңдеу мен мал азығын дайындау бірінші кезекте тұр.

Мақсат - түпкі нәтижеге аз шығынмен қол жеткізу. Арамшөппен күресу үшін кейбір астық өндірушілер жердегі техниканы қолданса, авиация қызметін пайдаланушылар да бар. Мәселен, Зерноград селосында орналасқан «Пищепромторг» серіктестігінің алқабына Көкшетау әуежайынан «АН-2» ұшағы ұшып келді. Серіктестіктің директоры Иван Попов өз сөзінде бұл әуе отрядының қызметін он жылдан бері пайдаланатынын атап өтті.

Львов селосының сыртындағы «Осана Агро» серіктестігінің бригада қосына баратын жолда тракторлар көтерген шаң көрінді. Шаруашылық басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Алексей Пугачевтың айтуынша, бригада шөп шабуды бастапты. Қазір алқапта Владимир Васильев, Павел Одинцов, Владимир Бакшеев, Виктор Юрчило және Михаил Авижич тәрізді пішеншілер шөп шабуда.
- Биыл егілген екпешөп бітік шықты. Дала және 400 гектар алқаптағы судан шөбін жинап аламыз. Серіктестіктегі мал басының өсуіне байланысты 900 тонна шөп дайындауды межелеп отырмыз. Кейін өз еңбеккерлеріміз бен жергілікті село тұрғындарын шөппен қамтамасыз етеміз, - дейді шаруашылық басшысы. Львовтық пішеншілер бригадасында Евгений Андреевтің жұмысы бір үзілмейді. Ол алқаптағы барлық шөпті тасымалдап, маяларға салады. Кейін көктемге дейін  тұтынушыларға маялардан шөп босатады...»

«Егіс алқаптарын өңдеумен бірге, шөп науқанына кірісті» -Аудан диқандары 330 мың гектар егістік алқабын химиялық жолмен өңдеп үлгерді. Қазір бұл жұмыс одан әрі жалғасуда. Сондай-ақ, 10 мың тонна шөп дайындалды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Игібаевтың айтуынша, шілде айының басына дейін қалған 24 мың гектар алқапты өңдеу межеленген. Бүгінгі таңда «Арлан» серіктестігінің 4 ұшағы «Бастау» мен «Атбасарский Нива» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің 48,8 мың гектар егістік алқаптарын дәріледі. Бұл жұмысқа «Тума Турба», «Эстерон» және «Эфир экстро» препараттары қолданылуда. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі алқаптарда 53 дәрі сепкіш агрегат өңдеу жұмысымен айналысып жүр. «Атбасарский Нива», «Шуйский» және «Бастау» серіктестіктері 113 және 33 мың гектар алқапты өңдеді.
Аудан бойынша бұл бағытта Ақан Құрманов ауылында орналасқан «Атбасарский Нива» серіктестігі көш бастап келеді. Шаруашылықтың бас агрономы Жанат Тасығожин өз сөзінде 100 мың гектар егістік алқабын химиялық жолмен өңдеу жоспарланғанын, бүгінгі таңда 65 мың гектар алқап өңделгенін атап өтті.
 - Биыл Қостанай қаласындағы «АвиаЗайнар» серіктестігінің 3 ұшағымен дәрілеу жұмысын жүргізудеміз. Бүгінгі күні ұшақтар 45 мың гектар алқапты өңдеді. Негізінен «Ланс», «Эстерон» және «Тума Турба» препараттарын қолданудамыз. Сондай-ақ, бұл жұмысты Ғазиз Нұрмақов, Сергей Встулов және Аслан Аяновтың бригадалары атқаруда. Алқаптарды дәрілеуге өздігінен жүретін 3 техника мен төрт тіркемелі агрегат тартылған. Владимир Атаев пен Алексей Данченко тәрізді механизаторлар өздерінің күнделікті нормаларын асыра орындауда. 8 мың 750 гектар пар өңдедік. Бұл жұмыста Ернар Бәйкенов көзге түсті. Жалпы біз егістік алқаптарын үш рет жыртып, кейін химиялық жолмен өңдейміз,- дейді бас агроном.
Серіктестікте 400 бас ірі қара мал және 300 жылқы бағылады. Бүгінгі таңда Ерлан Серікпаев пен Сандыбек Сәтеновтың бригадалары шөп науқанына кірісті. Олар  «Дон Мар» тіркемелі агрегаттары және «ДжонДир» комбайнымен 3 мың тонна шөп шабулары тиіс.
«Бастау» серіктестігінің бас агрономы Қайыргелді Ербалиннің айтуынша, бір «Ан-2» ұшағымен 15 мың гектар алқап өңделуі тиіс. Әзірше жұмыс көлемінің 9,4 мың гектары орындалды. Агрохимик Надежда Хит басқаратын екінші бригада үш шетелдік дәрі сепкіш агрегатпен 18 мың гектар алқапты өңдеуді жоспарлаған. Қазір 19,4 мың гектар егістік алқабы дәріленді. Механизаторлар Иван Баранин, Максим Хит және Дәулет Шалғынбаев күнбағыс, зығыр және жүгері алқаптарындағы дәрілеу жұмысын аяқтады. Шаруашылық шөп шабуға да кірісті. Биыл 8 мың тонна шөп, бес мың тонна пішендеме, 15 мың тонна сүрлем дайындау жоспарланған. Қазір Қанат Ақылбаев пен Владимир Симинковтың бригадалары бидайық, жоңышқа және түйе жоңышқа шабуда. «Крона» мен «Магдан» шалғыларын және «Джон Дир» комбайнын тізгіндеген пішеншілер Қадырбек Жатаев, Николай Громов, Жанат Қалиев пен Владимир Хит жұмыстарын үдете түсуде. Әзірше 2 мың тонна шөп, 4 мың тонна пішендеме дайындалды. Шөп науқанымен қатар пар жыртылуда. 3 мың гектар пар  екінші рет өңделуде.

Облыс орталығының іргесіндегі Қызылжұлдыз ауылының тұрғындары жол азабын тартып жатқандығы туралы «Қызылжұлдыз ауылының жолы қашан жақсарады?... атты мақаладан өңірде әлі де болса ауылдық жерлердегі жол қатынасы нашар екенін байқауға болады.

«...Көктемде қар еріген кезде  ауылдан шығудың өзі мұң болған. Редакциямызға осы ауылдың тұрғыны Жастілек Рамазанов арыз айта келді. Біз бірге барып, Көкшетау қаласының  «Көктем» шағын ауданынан Қызылжұлдыз ауылына апаратын жолдың жағдайын көрдік.

Расында да, жолдың ой-шұңқыры көп екен. Бұдан бұрын ауыл тұрғындары теміржолды қиып өтетін жолмен облыс орталығына тура қатынапты. Арақашықтық төрт шақырымды құрайды.Теміржол қауіпсіздігіне байланысты бұл жол жабылып, қатынас үзілген көрінеді. Одан бері жөндеу көрмеген жолдың ой-шұңқыры көбейіп, жарамсыз болып қалған. Бүгінгі таңда осы жолдың азабын қалада жұмыс істейтін ауыл тұрғындары әбден тартып жүр. Бұдан басқа Қызылжұлдыз ауылына Краснояр селосынан, Қоныспай ауылынан және бұрынғы сүйек өңдейтін зауыт жағынан келетін жол бар. Бірақ, соңғы екі бағыттағы жолдың сапасы сын көтермейді.
- Жұбайым екеуіміз Көкшетау қаласында жұмыс істегендіктен, баламызды қала іргесіндегі Краснояр мектебінде оқытуға мүмкіндік болмады. Қазір ол №21 орта мектепте оқиды. Жол болмағандықтан, қыс айларында қалада тұруға мәжбүрміз. Оның үстіне ауылға ауыз су аптасына екі рет қана тасымалданады. Суды құйып алуға үлгере алмаймыз. Жұбайым Рүстем Мағдеев «ЕНКИ» кірпіш зауытында жұмыс істейді. Жұмысына Краснояр бағытындағы автобуспен барып үлгере алмайды. Ескі жеңіл көлігімен қалаға тура барады. Жауын жауса, езілген жолмен жүру қиын. Ауылдың іргесінде қиыршық тас өндіретін карьер бар. Қиыршық тасты аталмыш жолға төсесе, бар мәселе шешілер еді, - дейді ауылдың байырғы тұрғыны Тамара Быстрецких.
Әр жыл сайын көктемде Шағалалы өзені тасып, Краснояр селосы бағытындағы жолдың көпірін бұзып кетеді. Осы кезде жолдың азабын жергілікті тұрғындар тартады. Округ орталығына теміржолдың бойымен жаяу барған күндер де болыпты. 26 түтіні бар Қызылжұлдыз ауылының тыныс-тіршілігімен таныстық. Бұл елді мекеннің іргетасын сонау колхоздастыру жылдары Богапов, Ахметов, Әлиев, Абзалимов және Ивановтар әулеті қалаған көрінеді. Кейін «ХХІV партсъезд» атындағы кеңшардың бөлімшесі болған. Сол жылдары мұнда екі қабатты үйлер салынып, бу қазандығы, қоғамдық монша жұмыс істепті. Елді мекеннің өз мектебі, балабақшасы, клубы мен дүкені болған. Қазіргі жағдай мүлдем өзгеше. Бастауыш мектептің ғимараты өртеніп кеткендіктен, балалар Краснояр мектебінде оқуға мәжбүр. Дүкен жоқ. Жұрт азық-түлігін Көкшетау қаласы мен Краснояр селосынан тасиды. Қызылжұлдыз өзен жағасында орналасқандықтан, мал ұстауға қолайлы. Ауыл тұрғыны Фират Богапов табын-табын ірі қара мал мен қой бағып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Мұндағы өзен үсті балықшылардан бір босамайды. Соңғы кезде бұл елді мекенге қоныс аударғысы келетіндер саны көбейіпті. Тек жол мәселесі кедергі жасауда. Оның үстіне ауылдың сәнін қаңырап бос тұрған  екі қабатты 4 тұрғын үйдің қаңқасы бұзып тұр.

- Биылғы көктемде  көпірді су шайып кетіп, мектеп оқушылары үш аптадай үйде отырды. Тұрғындар да ешқайда шыға алмай, аралдағы тіршілікті бастарынан өткерді. Әйтеуір, Краснояр селолық округінің әкімі Базарбай Әбуов ауыл тұрғындарын азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз етті. «Ақсай-нан» зауытымен келісіп, нан жеткізіліп тұрды. Көпірді жөндеп, су тасқыны құлатқан электр бағаналарын қалпына келтірді. Үйлерін су басқан тұрғындарға көмектесті. Көшелерге жарық орнатты. Бұрын ескі әуежайға (қазіргі «Көктем» шағын ауданына) баратын жол болған. Қазір ой-шұңқыры көп бұл жолмен жүру мүмкін емес. Жөндеуді қажет етеді. Ауыл тұрғындарының көбі Көкшетауда жұмыс істегендіктен, бұл жол ауадай қажет. Мұны Краснояр селолық округінің әкімі білсе де, жолды жөндеуге мүмкіндігі жоқ. Әкімге ренжімейміз. Қолынан келгеннің барлығын жасауда. Қыс бойы Краснояр селосына баратын жолды қардан аршиды. Жыл сайын көпірді жөндейді. Аялдама салып берді. Оқушылар Краснояр мектебіне автобуспен тасымалданады. Дегенмен, бұл селода жұмыс істейтін адамдарды кешке алып қайтатын автобус жоқ. Бас кезінде автобус жүрді де, жолаушылар аз болғасын келмей қойды,- дейді ауыл тұрғыны Фая Әлиева.

Тұрғындар бір ай бойы теміржолдың шетімен жүріп, балаларын мектепке апарғандарын естеріне алады. Әрине, бұл өте қауіпті. Бірақ, бұдан басқа жол болмапты. Ауыл мен Көкшетау қаласының арасы жақын болғандықтан, тұрғындардың көбі қысы-жазы жаяу жүреді. Жол жөнге келтірмегендіктен, қыс айларында қалың қарда малтығып жүруге тура келеді.

 - «Көктем» шағын ауданы бағытындағы жол жөнделсе, бірқатар мәселе шешілер еді. Су тасқыны кезінде теміржол көпірінің астына су толып, көлікпен Көкшетау қаласы мен Краснояр селосына жетуге мүмкіндік болмайды. Сондықтан, бұрынғы теміржолды қиып өтетін жолды қалпына келтіру қажет болып отыр.  Бұрынғы сүйек өңдейтін зауыт жақтан келетін жол бар. Бұл жол да әбден тозған. Мұнда жеңіл көлікпен жүруге мүмкіндік болмағандықтан, округ әкімі су тасқыны кезінде жүк көлігімен келді, - дейді ауыл тұрғыны Жастілек Рамазановтың өзі. Адам баласының басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Қызылжұлдыз ауылында бірнеше егде адамдар бар. Мұнда «Жедел жәрдем» келуге құлықсыз. Жолдың нашарлығын сылтау етеді. Көктемде бір сәби ауырып қалып, дәрігер шақырудың өзі үлкен мәселеге айналған.

Краснояр селолық округінің әкімі Базарбай Әбуовпен де хабарластық. Ол өз сөзінде Көкшетауға тура баратын жолды жөндеу қымбатқа түсетінін, сондықтан, бұрынғы сүйек өңдейтін зауыт арқылы өтетін жолдың жөнделетінін айтты. Сондай-ақ, Қызылжұлдыз ауылында тұратын оқушыларды тасымалдау үшін биыл жаңа көлік бөлінбекші. Бұрын Краснояр селосында «Жедел жәрдем» бөлімшесі жұмыс істеген. Қазір бөлімше Көкшетау қаласына ауыстырылыпты.
Дегенмен, осындай проблемалары бола тұра, бұл ауылдың келешегінен үміт күтуге болады. Қазір құрылысы жүріп жатқан қала шетіндегі «Сарыарқа» шағын ауданы толық салынғанда, ауыл тұрғындары Қызылжұлдызға қалаішілік автобуспен қатынауы мүмкін дейді басшылар.

Сонымен қатар газет бетінде «Ел тілегіне құлақ түріп, өзінің де пікірін білдірді» атты мақалада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар өз жұмыстарын қорытындылағанын көруге болады.

«...Өткен бейсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар өз жұмыстарын қорытындылады. Енді олар жазғы демалысқа шыққанымен, арасында ел аралап, сайлаушылармен кездеседі. Жыл ішінде Парламент қарауына бас-аяғы  154 заң жобасы енгізіліп, оның 104-і қабылданды. Президент 80 заңға қол қойды.

Жартысынан астамы жаңарған соңғы шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары Парламент қабырғасындағы алғашқы 100 күнін ғана өткізді. Яғни, олардың жұмыстарына баға беруге әлі  ерте. Шілденің 1-і күні облысымыздан жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов  Аршалы ауданында сайлаушылармен кездесуін бас-тап та кетті. Бірден айта кетелік, депутаттың тұрғындармен жүздесуі алғашқыда «Сіз айта беріңіз, біз тыңдайық» дегендей сылбырлау басталғанымен,  әңгіме барысында оның еңбек жолын ауылда бастап, депутат болып сайланғанға дейін ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен кәсіпкер екендігін  аңғарған тұрғындар белсенділік таныта бастады.

Мәселен,  Мұрат Баритұлының Премьер-Министрдің атына Қазақстанда «Ауыл шаруашылығы банкін» ашу қажеттілігі туралы сұрау жолдауы және ол ұсынысын экономикалық тұрғыдан нақты дәлелдермен дәйектеуі ауыл тұрғындарының көңілдерінен шыққандығы көрініп тұрды. Әрине, он жылдан бері айтылып келе жатса да шешімін таппаған, ақырында  «КазАгро» Ұлттық холдингіне қарасты «КазАгроФинанс», «Аграрлық-несиелік корпорация», «Азық-түлік корпорациясы» сынды құрылымдардың жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, ысырапшылдықтың жолын кесу туралы Президент тапсырмасына орай, сәл де болса сең қозғалғандай еді. Бірақ, әзірге күрт өзгерген ештеңе байқалмайды. «Бұл құрылымдардың кейбіреулері жекеменшікке сатылады» деген әңгіме де ұмытыла бастады. Мысалы, «КазАгроФинанс» Үкіметтен 0,1 пайызбен 60 миллиард теңге несие алса, ауыл шаруашылығы құрылымдарына несиені 7-8 пайыздық үстемемен береді.  Яғни, ауыл шаруашылығына бөлінген ақшадан қыруар пайда тауып отырған құрылымдардың жабылуына қарсы күштердің де аз еместігін ескеру қажет. Яғни, Мұрат Баритұлының айтуынша «Ауыл шаруашылығы банкін» «Аграрлық-несиелік корпорация негізінде ашуға болар еді. Сонда «корпорация қызметкерлері қайда барады», «банкке қажетті маманды тез арада қайдан іздейміз» деген сынды сұрақтар  өз шешімін табатын сыңайлы.

Кездесу барысында сондай-ақ, субсидия мәселесі, жұмыссыз жүрген азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартуда туындайтын жайлар сөз болды. Мәселен, «Жұмыспен қамту туралы» Заңдағы баптарды нақтылай түсетін заң актілері жоқ болғандықтан, қоғамдық жұмысқа қалай, қанша уақытқа қабылдауға болады деген мәселелер айқындалмаған. Қарапайым тілмен айтсақ, арнайы ережелер жоқ. Ауыл тұрғындарын мазалайтын тағы бір мәселе, ол несие аларда кепілдікке қоятын жылжымайтын мүлікті бағалаудағы кедергілер. Яғни, ауылдардағы мүліктер өте төмен бағаланады да, банктер несие беруден тартыншақтайды.

Жалпы, кездесуге келген Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржановтың ауыл шаруашылығының проблемаларын жетік білуімен қатар, оларды шешудің жолдарын қарастырып белсенділік танытуы аршалылықтардың ризашылығын тудырды. Әрине, «асатпай жатып, құлдық» деуден аулақпыз, дегенмен Мұрат Баритұлы әлі де көптеген елді мекендерді аралап, ауыл шаруашылығы құрылымдары және шаруа қожалықтары басшыларымен, басқа да мамандармен пікір алмасып, ой бөлісетіндігін айтсақ біраз істің бетін қайтаруға жол ашылуға тиіс. Сайып келгенде, азық-түлік қауіпсіздігі мемлекет үшін ең маңызды шаруа. Ал, ол қауіпсіздік ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау болғанда ғана қамтамасыз етіледі...».

«Балалардың демалыс орталығы ашылды»  - Жақында Сандықтау ауданының Приозерный селосында  «Достық» балалардың демалу  сауықтыру орталығы  ашылды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған жаңа орталықтың лентасын аудан әкімі Асылбек Есмағамбетов пен облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова қиды.

Өңірдегі балалардың денсаулықтарын нығайтуды қамтамасыз ету мәселесін шешуге игі ықпалын тигізетін осындай орталықты ашу туралы ойды облыс әкімі Сергей Кулагин айтқан болатын. Ондағы мақсат балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарын жақсарту. Енді міне, сол идея жүзеге асып, Приозерный мектебінің базасында балалардың демалу және  сауықтыру орталығы ашылып отыр.

Төрт қабатты мектептің сол жақ екі қабатты қанаты оқу корпусынан оқшауланып, онда балалардың демалатын бөлмелері мен әкімшілік, шаруашылық және сауықтыру орталығы орналасқан. Мұнда бір ауысымда 50 бала демала алады. Негізінен, онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтардың, көп балалы отбасылардың балалары мен жетім балалар дем алмақ. Балалармен жұмыс бес бағытта жүргізіледі деп жоспарланған: шығармашылық, спорт, лингвистикалық, туристік және өлкетану.

Орталық табиғаты көркем Жақсы-Жалғызтау көлінен бес жүз метрдей қашықтықта тұр. Мұнда балалардың таза ауада табиғат аясында серуендеп, көлге шомылуына, түрлі ойындар ойнап, денсаулықтарын нығайтуларына жан-жақты жағдайлар жасалған. Балалардың демалу және сауықтыру орталығын ашуға жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге қаржы жұмсалды. Осы арада, орталыққа қажетті жиһаздар мен басқа да құрылғыларды алуға мекемелер мен ұйымдар, шаруашылықтар демеушілік көрсеткенін атап өткен жөн.

«Баянғалиға - Манас елінің тағы бір медалі» - Жерлесіміз Баянғали Әлімжановтың «Манас» жырын жатқа айтатын манасшы ретінде бауырлас қырғыздардан алып жүрген сый-сыяпаты аз емес. Қырғызстанның А.Малдыбаев атындағы сыйлығының иегері, «Қырғызстан мәдениетінің мықты қызметкері», Манастың 1000 жылдығына арналған сайыстың жүлдегері болып жалғасатын сондай сый-сыяпаттың қатары биыл тағы толықты. Таяуда Қырғызстанның мәдениет және туризм министрлігі қазақтан шыққан жалғыз манасшы Баянғали Әлімжановты «Саяқбай манасшы» төсбелгісімен марапаттады. 

Бұл медальды халықаралық Саяқбай Қаралаев қоры тағайындап, Манас жырын халыққа танытқан тұлғаларды жыл сайын марапаттап отырады. Бұл жолғы марапатқа ие болғандардың қатарында Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев, жазушы, драматург Бексұлтан Жакиев, Жоғорку Кенеш депутаты Садық Шер-Нияз сияқты елге белгілі тұлғалар бар. Міне, сондай қырғыз елінің атақты тұлғаларының қатарында жерлесіміз Баянғали да төсбелгіні омырауына тақты.

Өткен ғасырдың ортасына дейін әлемдегі ең үлкен жыр грек ақыны Гомердің «Илиада» мен «Одиссеясы» болып танылып келген еді. Кейін кеңестік ғалымдар «Манас» жыры Гомер поэмасынан төрт еседен артық көлемді екендігін анықтады. Осылайша әлемдегі көлемі жағынан ең үлкен жырлар қатарына қосылған «Манас» жырын түгел жаттап алу үшін көп уақыт, қарым-қабілет керек болатыны кім-кімге де түсінікті. Манас жырын түгел айтып шығу үшін бірер сағат жеткіліксіз, оған бірнеше күндер қажет. Баянғали Әлімжанов міне, сондай алып жырды үтір-нүктесін қалдырмай түгел жаттаған, қырғызша айтқанда «шоң манасшы».

Өнерлі адамды қазақ «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтып жатады. Баянғали Әлімжановқа да өнер қонған. Айтыскер ақын, жазушы, драматург, публицист, киногер. Оған қоса, жыршылығы да бар. Міне, осындай өнердің сан түрін бойына сіңірген Баянғали бауырымыз қырғыздың Манас жырын таңды таңға ұластырып жырлайтын қазақтан шыққан жалғыз манасшы.

«Әзірге түйенің өркешіне ғана көтеріп, төсбелгі ғана қадаған алып Манастың елінің нағыз берері әлі алда деп ойлаймын. Қайрат-қуатыңыз еселене берсін. Көкшетау сізбен мақтанады», -  деп жазыпты көкшелік ақын Құдайберлі Мырзабек өзінің фейсбуктегі парақшасында. Иә, Баянғали Әлімжановтың өнер әлеміндегі алар биіктері әлі алда деп сенеміз

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ» - Қазақ азаттық қозғалысының ең салмақты және күрделі кезеңі өткен ғасырдың алғашқы ширегіне тұспа-тұс келді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен, Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрды. Бұл қазақтың тарихи зердесіндегі ұлт зиялыларының отарлық езгіге түскен халықтың бостандығы мен ұлттық рухын қалпына келтіруге тырысқан қоғамдық-саяси іс-әрекеттері болатын. Осы ел үшін өз басын құрбан еткен ат төбеліндей зиялылар тобын баулыған  Әлихан Бөкейханов еді. Ә.Бөкейханов сияқты ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ.

Ұлттық мемлекет құру Әлихан Бөкейханов және оның соңынан ерген буржуазиялық-демократиялық бағыттағы зиялы қауымның түпкі мақсаты болды. Ол ұлт мәселелерінің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы еді. Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси-әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.  «Халық бостандығы» партиясының  қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі мемлекет қайраткері, әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға буржуазиялық қатынастардың енуі, ұлттық буржуазия мен интеллегенцияның қалыптаса бастауы, жалпыхалықтық ояну жағдайында ұлттық-мемлекеттік бірлік мәселесі күн тәртібінде қайтадан қойылды. Осы тарихи кезеңдегі ұлттық саяси элитаның мемлекет туралы ұғым-түсінігін, бағыт-бағдарын Ә.Бөкейханов ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты - ұлттық мемлекеттің болуы деп түсінді.
Ә.Бөкейханов саяси өмірбаянында 1916 жылдың дүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. Қазақ халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісіне Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялыларының «Қазақ» газеті арқылы үзілді-кесілді қарсы шығуы да ұлтты жаппай қырғыннан аман алып қалудың саяси бейбіт жолын ұсынуынан еді.
Ә.Бөкейханов Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Осы кезден бастап ол уақытша үкіметтің саяси өміріне белсене араласа бастайды. Бірақ, ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. «Қазақ» газетіндегі  «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді», - дей келе: «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық», - дейді.

Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында  Бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы  жарияланады. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді. Өз кезегінде Ә.Бөкейханов үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік егемендікке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді.

1917 жылғы 20-21 шілдеде Орынборда өткен І Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд партияға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық, федеративтік, парламенттік республикаға құрылмақ...». Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал, Торғай обкомының төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

Алашорда үкіметінің құрылуына тікелей түрткі болған, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен, Қазақ мемлекеттілігі туралы мәселе қаралған ІІ Жалпықазақ-қырғыз съезін ұйымдастырушылар  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов болған. Съезге қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан  58 делегат, әртүрлі қазақ ұйымдарының атынан  8 делегат және арнайы шақырумен  15 адам,  барлығы 81 делегат қатысқан. Әр уезден 2 ақсақал, әр облыстық қазақ комитетінен 2 өкіл және арнайы шақырылған 30 адам: олардың қатарында Ғұмар Қарашұлы, Қайырша Ахметжанұлы, Ғабдолла Ешмұхамбетұлы, Ахметжан және Қожахмет Оразайұлдары, Құрманбет Бірімжанұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай, Уәлихан Танашев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар, Бақтыкерей Құлманов, Шәңгерей Бөкейұлы, Есенғұл Маманұлы, Мұхаметжан Тынышпаев, Салық Қарпықұлы, т.б. болды. Ендігі мәселе Алашорданың  төрағасын балама негізде сайлау басталады. Үкімет төрағасына 3 қайраткердің - Ә.Бөкейхановтың, Б.Құлмановтың және А.Тұрлыбаевтың кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесінде Әлихан Бөкейханов 40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев 20, Бақтыгерей Құлманов  19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә.Бөкейханов Алаш автономиясының өкіметі - Алашорданың төрағасы болып сайланды. Алғашқы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасап, ол жөнінде «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады» - деп қаулы қабылдады.  Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші, Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен, жері болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер - Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы, Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Үшінші ұстанымы, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киілуі керек. Төртінші ұстанымы, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, ділі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бесінші, ең негізгі ұстанымы бо-йынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек.  

Алаш қозғалысы 1917-1919 жылдары халықтың ықыласына ие болған, қазақ қоғамын дүр сілкіндірген, ел азаматтарының Алаш партиясына ризашылығын білдіріп, құптап қол соққан кезі болды. Қазақ автономиясы мәселесін тұңғыш көтеріп, оны іске асырған Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялы қауымы таптық мүдде емес, тұтас ұлт мүддесін қорғады. Осы ұстанымы үшін 1920-22 жылдары «ұлтшыл» деп жала жабылып, Мәскеуге жер аударылды. Большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімінен кейін Әлихан Бөкейханов қалған өмірін ғылыми-зерттеушілікке арнады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше осы мақсат жолында жасаған қызметі сан алуан. Кеңес билігі тұсында да елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан жоқ. Кеңестік үлгідегі Казақ автономиясы құрылған кезде Әлихан Бөкейхановтың тікелей кеңесімен Әлімхан Ермеков Қазақ автономиясының аумағы туралы баяндамаға дайындыққа кірісті. Осы арада бір айта кетер жайт, Голощекин Қазақстанда жер мәселесін анықтау комиссиясының мүшесі Әлихан Бөкейхановқа мынадай баға береді: «Қазақ қайраткерлері, министрлер Алматыдан шығып Мәскеуге барады да, пойыздан түсіп Кремльге бармай, бірден Әлихан Бөкейхановқа  барып, содан кейін ғана Кремльге келеді. Бұл масқара емей не?».  Қазақ елінің мүддесіне төнген қауіпті дәл түсінген Әлихан бабамыз осы тұста жаңадан отарлау саясатына жол бермеу үшін қазақтарға қажет жер нормасын анықтауда белсенділік танытады. Ол сыртта жүрсе де, ел мен жер тағдыры шешілетін саяси шаралардың қарсаңында қазақ ұлтының дамуына қатысты күрделі мәселелерді, мысалы, солтүстік және оңтүстік облыстардағы шекаралық межені халық санағын жүргізу арқылы белгілеу науқаны алдында тиісті мағлұматтарды баспасөз арқылы қалың қауымға жеткізіп отырған. Түркістан мен Қазақ автономиясының, Қазақ автономиясы мен Батыс Сібір өлкесінің шекарасын анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылған тұста «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылғы 28 қазандағы санында М.Дулатовтың тапсырмасымен «Қазақ қанша?» атты шағын шолуын жариялады. Онда автор әр сөз бен сөз тіркесіне саяси, тарихи, ұлттық, экономикалық, мемлекеттік мағына мен астар берді. Әсіресе, қоныстанушылар жиі орналасқан, қара топырақты солтүстік облыстардың шекарасын анықтауға және оларды қазақ жерінің құрамында қалдыруға жанкешті дәлелдер іздестірілді. Ал, жер жөнінде, соның ішінде солтүстік облыстардың экономика, шаруашылық, этникалық құрамы мен мәдени шоғырлануына баға беруде сол кездегі кеңес өкіметі ғалымдарының ішінде Ә.Бөкейхановпен теңдесетін маман да, ғалым да, саясаткер де жоқтың қасы болатын. Одақтас республикалардың ғалымдары мен саясаткерлері Жер туралы заң мен қаулы-қарарларды Әлихан Бөкейхановтың пікіріне жүгініп барып, талқыға ұсынып отырған.  Баяндамашы Әлімхан Ермеков Қазақ ревкомы мен Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының ұсынысына жүгіне отырып, Астрахан, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губерния-ларын қамтитын жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ республикасының құрамына  беруді ұсынды. Көрсетілген жердің 81 пайызын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатынын, бұл бүкіл тұрғындардың 54 пайызы екенін атап өтті. Сөйтіп, 10 тамыз күні комиссия төрағасы А.З.Каменский барлық ескертулер мен ұсыныстарды қорыта келе, «Қазақ республикасын құру шешілген мәселе, қорытындысы дайындалып, тиісті мекемелер өкімет билігін республиканың басқаруына берудің жолдарын қарастырсын», - деп жариялады. Бұл үлкен жеңіс еді. Алайда, бұл жеңісті тиянақты ету үшін автономияның аумағы мен тұрғындары туралы ұсыныстарды Лениннің алдында қорғап шығу керек болды. Ленин мен Әлімхан Ермековтің көзбе көз тілдесуінің нәтижесінде бүгінгі бүкіл қазақ өңірі Қазақстанның құрамына мәңгілік қосылды. Автономия мен аумақ мәселесі 14 және 16-17 тамызда талқыланып,  24 тамызда тағы да Лениннің қатысуымен өткен ең соңғы шешуші мәжілісте түбегейлі бекітілді. Сөйтіп, Әлихан бабамыз «Тірі болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» - деген өзінің айтқан сөзіне адал болып, туған халқына ақтық демі біткенше қызмет етіп өтті.

Ұлы қайраткердің соңына ерген інілері, азаттықтың құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ» дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді. Қошке Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндеріне, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған  Әлекең».

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс  бар қазақтан,Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, - деп С.Торайғыров айтқандай,  Ә.Бөкейханов  әрқашанда қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек. Осындай жүрегі елім-жерім, халқым деп соққан, бүкіл саналы ғұмырын ұлтының бостандығы мен дербестігіне арнаған асыл азаматтарымыздың ұлтжанды, жанкешті еңбектері жас ұрпаққа асқан үлгі, өнеге. Ел еркіндігі мен ұлт бостандығы үшін құрбан болған ұлт зиялыларының артына қалдырған асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасары анық.

Қорыта келе, халық жүрегінде мәңгі сақталған абзал жанның жарқын бейнесін, есімін, ерлігін жаңғыртып отыру бүгінгі ұрпақтың абзал парызы дегіміз келеді. Үстіміздегі жылы кемеңгер тұлға, Алаштың біртуар перзенті, қоғам қайраткерінің туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған байланысты бір шеті Түркияда, өз елімізде ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, ұлы тұлғаға лайықты құрмет көрсетілуде. Алаш көсеміне осындай игі шаралар жер-жерде жыл аяғына дейін әлі де жалғасар деген сенімдеміз.

«Еңбегімен жасампаз өмір шырайын келтірген» - Жаныңа жақын адам туралы өткен шақтан әңгіме қозғау өте қиын. Мына бес күндік жалғанда ешкім мәңгі өмір сүрмейді. Тағдырға амал бар ма? Бірі дүниеге шыр етіп келіп жатса, бірі келместің кемесіне мініп, мәңгілік оралмас сапарға аттанып жатуы - өмір заңдылығы. 

Мұны іштей түсінсек те, кеудеде лүп-лүп соққан жүрек сұм ажалдың келгеніне сенбей алқынатыны тағы бар. Өз бойындағы кісілік қасиетімен, адамгершілік кескін-келбетімен маңайдағы адамдарды баурап, жылы шуақ таратып тұратын адамдар болады. Тіршілігінде табиғат сыйлаған  қарым-қабілеті арқылы еліне еңбек еткен абзал азамат сыйлы құдамыз Қайреден Кәрібайұлы Кәрібаев Есіл өңірінің тумасы,  шағын Толқынкөл ауылында 1936 жылы сәуірдің 18-і күні дүниеге келген.  Қазақ халқына орны толмас қайғы-қасірет әкелген нәубет жылдары анасы Орынбасар жұртпен бірге масақ теріп, қызы Айшаны, ұлы Қайреденді аман алып қалған. Өкінішке орай, анасы жұмыста жүргенде бес-алты жасар Қайреденнің інісі Қайролла өзенге шомылуға барғанда суға кетіп, о дүниелік болыпты.

Жылдар өткен сайын қарттарымыздың қатары
сиреп, азайып келеді. Алайда, арамызда жақсылықтың  жаршысы болып, бүгінгі жастарға өнегелі өмір жолын салып кеткен жандар аз емес. Сол  белсенді аға буындардың бірі - Қайреден Кәрібайұлы.
Қайреден Кәрібайұлы еңбек жолын 1952 жылы өзінің туған ауылы Толқынкөлде, қарапайым тәрбиешіден бастап,
аудан мен облыс басшысына, мемлекет көлемінде саяси қайраткер дәрежесіне дейін көтерілуі ерлікке тең ерекше еңбектің нәтижесі деп білеміз. Жарқын да жайсаң, жасампаз өмірдің ғажайып баспалдақтарынан өткен, марқұм Қайреденнің есімі кең жазира Арқа атырабындағы Ақмола облысына кеңінен тараған. Өйткені, ол адал еңбегімен, ерекше адамдық қасиетімен, халыққа жақындығымен, қайсар мінезімен, парасат пайымымен, облыс жұртшылығының ілтипаты мен ықыласына бөленген адам еді. Сонымен қатар, сұрапыл соғыс кезінде жас бала болса да, өмірдің бір адамға жүк болар соқпағын көріп өскен соғыс баласы. Қайреден Кәрібайұлының қоғамдық өмірге белсене араласқандығы мен адал еңбегі үшін алған екі «Қызыл Ту» (1975,1980), «Құрмет белгісі» (1972) ордендерімен және төрт медальмен марапатталған.

Бұрын Қайрекеңді атын естігенім болмаса, өзін түстеп көрген жоқ едім, онымен бізді тағдырдың өзі табыс-
тырды. Жаңадан Теңіз ауданы құрылғанда  жаңа ауданның партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, ал, мен болсам, сол аупарткомның хатшысы қызметіне жоғарғы партия мектебінен шақыртылып сайландым. Яғни, Қайрекең басшылықтың тізгінін ұстады, ал, мен болсам оң қолының бірі болып келдім, жүрекпен ұғысып, ақ тілекпен табысып, біріміз аға, екіншіміз інілік парызымызды адал атқардық деп ойлаймын. Адамды түсінен де, ісінен де, жүріс-тұрысынан да айнымай тани білетін осы қасиеті бізді әрдайым таңқалдыратын. Теңіз өңірінде болған 7-8 жылда біздер, бір ауыз сөзге келмей, әрқайсымыз ыммен түсінісіп, бір-бірімізді құрметтей де, сыйлай да білдік. Ақыры төсекте басымыз, төскейде малымыз қосылған мың жылдық құда болдық. Қандай жұмысты қолына алса да, соңына дейін жеткізбей қоймайтын еңбекқор адам еді. Жұмыста талапшыл азамат, отбасында аяулы жар, сүйікті әке бола білді. Жұбайы Роза екеуі Серік, Қабиден, Бауыржан, Бейбіт, Сәбит есімді бес ұлдарын және  Зәуре  есімді қызын қатарынан қалдырмай, тәрбиелеп өсірді.

Осындай атпал азаматтың о дүниелік болғанына 1 шілде күні сегіз жыл толды. Бүгін арамызда жүрсе 80 жастан асар еді, сұм ажал оны ерте алып кетті. Бірақ, «өлді деу-ге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деп ұлы Абай айтқандай, соңында өлмес ісі қалған, көп аудандардың өсіп дамуына сүбелі үлес қосқан, оның ішінде кең жазық са-йын далада, өмірдің талабына сай жаңа Теңіз ауданын құрып, оның экономикасын көтеруге зор еңбек еткен еді. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде қыруар игілікті істердің басын қайырған, өмірге деген көзқарасының, белсенділігінің, еліне деген сүйіспеншілігі мен азаматтығының арқасында елінің елеулісі, халқының қалаулысы бола білген Қайрекең бар саналы өмірін халыққа, ел игілігіне арнап, соңында өшпес із қалдырған айтулы тұлға. Бүгінгі күні еліне өлшеусіз еңбек сіңірген ағамыз, әрі әріптесіміз Қайрекеңді еске алып, жатқан жерің жарық болсын, орның жұмақтың төрінде болсын дей отырып, саналы ғұмырымызда артыңыздан ерген інілеріңіз есімің мен ісіңді мәңгі ұмытпаймыз дегіміз келеді.

«Озық технологиялар - бәсекелестікте табысты болудың жолы» - Мемлекет басшысы Индустрияландыру бағдарламасының 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жүзеге асырылу қорытындыларына арналған кеңеске қатысты.

Елбасы іс-шара алдында тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіптің және фармацевтика өндірісінің халық тұтынатын тауарларымен танысып, «Қазақстанда жасалған» атты көрмені аралады.

Жалпыұлттық телекөпір аясында Индустрияландыру картасының бірқатар жобалары іске қосылды. Бұдан бөлек, істеп тұрған өндірістердің жұмысы таныстырылды. Кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы іске қосылған өнеркәсіптер ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті.

- Индустрияландыру - жаңа экономикалық ахуалдағы біздің жұмысымыздың басты бағытының бірі. Осыдан 6 жыл бұрын елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын үдетуді бастаған болатынбыз. Осы уақыт ішінде өнеркәсіптің өңдеу секторында мыңнан астам кәсіпорын іске қосылды. Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген 500-ге жуық өнімнің мүлде жаңа түрлері шығарыла бастады. 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, - деді Қазақстан Президенті.Елбасының айтуынша, Индустрияландыру бағдарламасының басты нәтижелерінің бірі өңдеуші салалардың оза дамуы болды.

- Өсім қарқыны бойынша өңдеу өнеркәсібі тау-кен өндіру секторын 1,4 есе басып озады. Осылайша экономикамыздың құрылымы жақсаруда. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі оң нәтижелер көрсетуін жалғастырып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асырудың бастапқы кезеңі елдің ішкі өндірісі мен қазақстандықтардың әл-ауқатынан көрінетін әлемдік экономикадағы түйткілдердің көбеюі кезеңімен сәйкес келгенін атап өтті. Осыған орай Мемлекет басшысы Индустрияландыру бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігіне назар аударды.

- Баршамыз көріп отырғандай, ел экономикасы тауарларымызға деген сұраныс пен бағаның төмендеуі арқылы көрініс тапқан зор сыртқы қысымды сезінуде. Елдегі экономикалық белсенділік көп жағдайда ауқымды мемлекеттік инвестициялар арқылы қолдау тауып отыр. Сондықтан, қазіргі кезде экономика өсімінің жаңа көздерін қалыптастыру қажет. Осыған байланысты, алдағы жылдары Үкіметтің күш-қуатын бірнеше экспортқа бағытталған басым салаларға шоғырландыру керек. Мысалы, олар өнеркәсіп саласында азық-түлік өнімдері өндірісі, металлургия, машина жасау, агрохимия және мұнай химиясы өндірісі болуы тиіс. Қызмет көрсету саласында көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, инженерлік-техникалық қызметтер және туризмге назар аудару керек. 2025 жылы шикізаттық емес экспортты 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе арттыруға қол жеткізу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтудың аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы жақсы нәтижелер болғанына қарамастан, индустрияландыру үдерісінде кемшіліктер де бар екенін айтты.

- Өнеркәсіптік өндірістерді көптеп құру мақсат болмау керек. Негізгі назарды жобалардың сапасы мен өміршеңдігіне аударған жөн. Сондықтан, қазіргі бесжылдықта жобаларды іріктеу және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету олардың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін ескере отырып қана жүзеге асырылуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін еліміздің алдынан ашылған мүмкіндіктер туралы айта келіп, Үкіметке Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарықтарға шығуын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы қазіргі заманғы сарапшылардың көпшілігінің бағалауы бойынша, әлем өзгергенін және жаңа жағдайда өмір сүріп жатқанын, бұл кезде «ресурс-тар экономикасының» орнына «білім экономикасы» келетінін айтты.

- Бірінші орынға жаңашыл (креативті) және өнімділігі жоғары жеке бизнес шығып отыр. Қазір әлемде технологиялардың дамуы арқасында заттар интернеті, нано және биотехнологиялар, жаңа материалдар және тағы басқа жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Болжам бойынша, болашақта жаңа технологиялар ғана 30-дан 70 пайызға дейінгі ІЖӨ өсімін қамтамасыз ететін болады. Егер біз жаңа технологиялармен және инновациялармен айналыспайтын болсақ, бәсекелестікте табысты болмаймыз. Сондықтан, 2014-2015 жылдардың өзінде ғана ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары 142 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Әлемдік тәжірибе жоғары оқу орындары ғалымдар ғана емес, студенттер арқылы да әзірленетін инновациялық шешімдер орталығын қалыптастырушы болып табылатынын көрсетіп отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған байланысты Қазақстан Президенті университеттер жанынан инновациялар орталығын құру жұмыстарын жандандыру міндетін қойды, оларда қазіргі заман талаптарына сай келетін кадрлар даярлануға тиіс.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Индустрияландыру бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жоспарын толықтыруға қосар бірқатар ұсыныстарын айтты.

- Біздің қызметіміздің басты мақсаты - халықты лайықты табыс деңгейімен қамтамасыз ете алатын жемісті түрдегі жұмыспен қамту ісі. Бұл үшін бізге бірқатар міндеттерді орындау керек, соның ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет. Халыққа, жастарға әсіресе ауылда өз ісін бастауға мүмкіндік беру керек. Бастапқы капитал алуды жеңілдетіп, шағын несие беру аясын ұлғайтқан дұрыс. Агроөнеркәсіп  кешеніне айрықша назар аударған жөн. Бүгінде ол негізінен халықтың жеке үй шаруашылығынан тұрады. Өндіріс көлемі аз болғандықтан, олардың сақтауға, өңдеуге және өнімді өткізуге мүмкіндіктері жоқ. Олардың өнімдерін өңдеу және өткізуді қамтамасыз ету үшін осындай шаруашылықтардың кооперациясын жеделдетіп
дамыту қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Қазақстан Президенті халық табысының өсімін барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі басымдық ретінде қарастыру қажеттігіне айрықша назар аударды.
- Қымбат импорттық тауарларды отандық өнімдермен алмастыру керек. Үкімет пен Ұлттық банк халықтың табысына тікелей әсер ететін инфляция деңгейін төмендетудің қамтамасыз етілуін қадағалауы қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жерді суару және ирригация жүйесін қалпына келтірудің кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігіне тоқталып, бес жылда 600 мың гектардан астам суармалы жерді іске жаратуға болатынын атап өтті. Қазақстан Президентінің айтуынша, тағы бір маңызды міндет - таяу 15 жылда 1,5 миллион отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.

- Бұл ретте қаржыландыру Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Қазақстандық ипотекалық компания арқылы жүргізілуге тиіс. Барлық қаражатты шоғырландырып, арнаулы шарт жасалатын екінші деңгейлі банктер арқылы бағыттау керек. Мемлекет өзіне тек бақылау міндетін қалдыруы қажет. Сонымен қатар, болашақта жұмыс күші қозғалысының мобильділігін қамтамасыз ету үшін сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана берген жөн, - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев барлық азаматтарды техникалық біліммен тегін қамтамасыз ету және инвестицияның макроэкономикалық тұрақтылығы мен өсімі үшін жағдай туғызу жөніндегі қойылған бұған дейінгі міндеттерді еске салды.

- Үкімет пен Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті қаржыландыруына басымдық бере отырып, экономиканы несиелендіру көлемін қалыпқа келтіруі жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

Үкіметке қолданыстағы бағдарламаларды, соның ішінде индустриялық бағдарламаны бүгін жүктелген міндеттерді ескере отырып қайта жаңартуды тапсырамын. Осы мәселенің бәрін Үкімет, Ұлттық банк және барлық жауапты ведомстволар 1 қыркүйекке дейін қарастырып, ол бюджетте ескерілуі тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан барлық реформалар еліміздің дамуы үшін жаңа сапалы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. Іс-шара барысында Инвестиция және даму министрі Ж.Қасымбек баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен Индустрия-ландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асырудағы жаңа қадамдар туралы әңгімеледі.

Шілденің 5 күні жарияланған санындаАқмола облыстық әкімдігі, Ақмола облыстық мәслихаты, және Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің белгілі қоғам қайраткері Иван Иванович Тимошенконың қайтыс болуына байланысты туған туыстарына көңіл айтылғаны жазылған. «Иван Иванович Тимошенко» - 2016 жылдың 4 шілде күні тоқсанға қараған шағында белгілі қоғам қайраткері Иван Иванович Тимошенко өмірден өтті. Иван Иванович 1927 жылы бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Красноармейск ауданындағы Многоцветный селосында өмірге келген. 1944 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер.  Ол 1943 жылдан бастап ұжымшарда еңбек етті, кейін 1946-1947 жылдары Қарағанды қаласындағы Горбачев атындағы шахтада жұмыс істеді. Партия органдарындағы қызметін 1952 жылы аудандық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы болып бастады. Кейін Ерейментау және Есіл аудандық партия комитеттерінің екінші және бірінші хатшысы болып қызмет істеді. Целиноград облыстық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
Москва қаласындағы политехникалық институттың сырттай бөлімін бітірген соң, Алматыдағы жоғары партия мектебіне түсіп, оқу орнын сәтті аяқтап шықты. 1973 жылы еңбекші депутаттары облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1974 жылдан 1997 жылдың желтоқсан айына дейін, зейнет демалысына шыққанша 14 жыл бойы Целиноград облыстық партия комитетінің хатшысы болды. Отан алдындағы еселі еңбегі еленіп, Иван Иванович Ленин, үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еселі еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» және басқа да медальдармен марапатталды.

Иван Иванович Тимошенко еңбек еткен жылдары өзін талантты басшы және ұйымдастырушы, шаршап-шалдығуды білмейтін қызметкер ретінде көрсете білді. Әрдайым іске деген ынта-ықыласы, іскерлігі мен талапшылдығы, кез-келген шаруашылық мәселелерін шешуге шығармашылықпен қарай білетін мұқияттылығымен өзгелерге үлгі-өнеге болды. Ол өте беделді адам еді, танып-білгендер ерекше құрмет көрсетіп сыйлайтын.   Иван Иванович Тимошенконың абзал тұлғасы біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады.

«Астана күні қарсаңында»  - Тұрғындар арасында спорт пен дене тәрбиесін насихаттаудың негізгі тәсілі  бұқаралық спорт шараларын көптеп өткізу екендігі белгілі.  Осы орайда, Астанамен іргелес Целиноград ауданында бұл мәселеге жете көңіл бөлінетіндігін атап өткіміз келеді. Соның бір айғағы ретінде аудан орталығы Ақмол ауылында болып өткен аудандық «Ақбидай - 2016» жазғы спартакиадасын айтуымызға болады.

Бұқаралық спорт деп аты айтып тұрғандай, мұндай жарыстарға жас та, кәрі де қатыса алады. Дегенмен, жарыс болған соң оған дайындықпен бару қажеттігі түсінікті. Осы орайда, Иван Сауэр басшылық ететін «Родина Агрофирмасы» серіктестігіндегі бұқаралық спортты дамыту бағытында қолға алынған шаруаларды ерекше атап өтуге болады. Ауыл спортын дамыту үшін мұнда барлық жағдай жасалған.

Бұл жолғы аудандық спартакиадада ауыл спортшылары спорттың 23 түрі бойынша бақ сынасты. Жарысқа 18 ауылдық округтен 1000-ға тарта спортшы қатысты. Осы спартакиадаға демеушілік жасаған «Целиноград» қаржы серіктестігінің төрағасы Сағадат Әшебеков, «Ақтық» ЖШС-нің директоры Марат Қамзебаев, «Ақмола-Феникс» АҚ-ның басшысы Максим Божко, «Астана Өнім» АҚ-ның басшысы Ғалымжан Әбдіхалықов, «Новоишимка» ЖШС-нің жетекшісі Марс Итбаев, «Шалқар» серіктестігінің директоры Дулат Қамзебаев, «Ақ дән» ЖШС-нің директоры Айтқожа Байжанов, «Мега Спорт» сауда орталығының жетекшісі Владимир Золотарев сынды азаматтарға алғысымыз шексіз.

Спартакиада барысында аудан әкімі жиналған жұртшылық алдында полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, үш ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторларына су жаңа «Нива» автокөліктерінің кілтін табыс етті. Тартысты өткен сайыстар барысында жалпы командалық есепте бірінші орынды родиналықтар иеленді. Аудан әкімі оларға эллиптикалық тренажерді сыйға тартты. Екінші орын  Қараөткел ауылдық округінің  спортшыларына бұйырды. Ал, жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлаған воздвиженкалық спортшылар да бағалы сыйлықтан құр алақан қалмады. Аудандық мәслихаттың депутаты Болатбек Ыбыраев «Үздік баскетболшы» аталымын дайындаған екен. Оған Қабанбай батыр ауылы командасының ойыншысы Тидэ Рудольф ие болды. Аудандық мәслихаттың депутаты Сайра Матайбаева дайындаған «Үздік волейболшы» аталымының сыйлығы родиналық спортшы қыз Даяна Байжұмановаға тапсырылды. Ал, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы әзірлеген «Үздік футболшы» аталымы бойынша тиісті сыйлық қараөткелдік аяқдоп шебері Сүйіндік Әбілдиновке табыс етілді.

«Азия біріншілігі өтті» - Өткен сенбіде Көкшетауда триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі болып өтті. Оған әлемнің алты елінен 23 жасқа дейінгі элиталық топта өнер көрсететін 85 спортшы қатысып, бақ сынасты.

Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы болған Дмитрий Гаагты дүниежүзілік аренаға шығарған Ақмола, Көкше өңірлерінде атақты жерлестерінің жолын қуған спортшылар аз емес. Үлкен додалы жарыстарда топ жарып жүрген триатлоншыларымыз осы пікірді  дәлелдейді. Бұл жолғы жарыста да еліміздің туының астында өнер көрсеткен триатлоншыларымыз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жарыс белгіленген мерзімде басталды. Сіркіреп жауған жауын жеңіске құлшынған жігіттердің жолын бөгей алмады. Жарыстың үш кезеңінде де алдына жан салмаған қазақстандық триатлоншы Аян Бейсенбаев бірінші тұғырдан көрінді. Екінші орынды да қазақстандық спортшы Темірлан Теміров жеңіп алды. Ал, үшінші орын португалиялық спортшы Филипе Азеведоның қанжығасында кетті.

Гонконгтан келген триатлоншы Леонг Тим төртінші орынды місе тұтты. Тағы бір қазақстандық жас спортшы Антон Портнягин бесінші орыннан көрінді. Жалпы, қазақстандық триатлоншылар бұл жарысқа үлкен дайындықпен келгендерін көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

«Елорданың жоғары оқу орны - алғашқы ондықта» - Биыл екі қазақстандық университет әлемнің алдыңғы қатарлы 400 жоғары оқу орны енетін  QS World University Rankings рейтингі бойынша алғашқы ондыққа кірді. 2009 жылы әлемдік жоғары оқу орындарын бағалайтын белгілі ұйым тізімінің соңында орналасқан Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Астананың Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті содан бергі өткен бірнеше жылдың ішінде әлемнің маңдай алды оқу орындарын басып озып, алдыңғы ондыққа енгені осы оқу орындары үшін ғана емес, тәуелсіз еліміз үшін де үлкен жетістік екені анық.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ-ситеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бас-тамасымен екі жоғары оқу орны - Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық институтының бірігуі негізінде құрылған еді. Ал, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен бірігуі негізінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан
Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес, университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.

Биыл өзінің жиырма жылдығын атап өткелі отырған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті осы уақыт ішінде ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 2005 жылы Оксфорд университетінде білім ордасы «Бiрiккен Еуропа» мәртебелi халықаралық медаліне лайық деп танылған болатын. Ал, 2006 жылы университет қазiргi қоғамның зияткерлiк дамуына үлес қосқаны үшін Халықаралық наградасына ие болды. 2007 жылы «ТМД-ның ең үздік компаниясы» алтын жұлдызымен марапатталды. 2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы Қазақстан Республикасы  Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болды.  
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі үш білім беру баспалдағы бойынша жүргізіледі: жоғары негізді білім, яғни, бакалавриат, магистратура және Ph.D докторантура. Университетке қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Бүгінгі күні университет құрамына 12 факультет кіреді, атап айтқанда, механика-математика, ақпараттық технологиялар, сәулет-құрылыс, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, заң, филология, экономика, халықаралық қатынастар, физика-техника, журналистика және саясаттану, көлік-энергетика факультеті.
Студенттерге 900-дей жоғары білікті оқытушылар дәріс берсе, олардың  65 пайызы ғылым докторлары, профессорлар және мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, сондай-ақ, ғылым кандидаттары мен доценттер. Бүгінгі таңда оқу орнында жиырма мыңдай студент білім алады. Қысқа мерзім ішінде осындай биіктерге көтерілген университетте  оқып, мамандық алу үшін жастарға барлық жағдайлар жасалған. Сәулетті оқу ғимараттары, қазіргі заманғы ең озық құралдармен жабдықталған аудитория-лар, спорт, кітапхана залдары, жатақханалар - бәрі де студенттердің заман талабына сай сапалы білім алуына игі ықпалын тигізеді.

Түрлі өлшемдер бойынша білім беру деңгейі жөнінен әлемдік рейтингте 400 оқу орнының арасынан алдыңғы ондықтан көрінген астаналық Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткен айтулы жетістіктерінің қатарынан өз орнын алары даусыз

«Іргеден өнім жөнелту тиімді» - Астана жыл өткен сайын құлпырып келеді. Әсіресе, қаладағы инфрақұрылымдардың жақсара түсуі, түрлі жаңа ғимараттардың құрылысы, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қарқын алуы Астананың ажарын аша түсуде. Мұндай әсем де сұлу қалада тұру кез-келген адамның арманы екені сөзсіз. Жыл өткен сайын қала халқының да саны көбейіп келеді. Дегенмен, бүгінде елордалықтарды сапалы отандық азық-түлік тағамдарымен тұрақты және жеткілікті қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр. Осы мақсатта Астана қаласының айналасында қолға алынған азық-түлік белдеуін жасау  бағдарламасының берері мол.

Сондай-ақ, отандық өнімді қолжетімді бағамен сатып, біртіндеп шетел тауарларымен бәсекелестікті өрістету де қарастырылған. Облыстың азық-түлік белдеуіне қатысушылары Астана қаласының сау-да сөрелеріне азық-түлік тағамдарының негізгі түрлерін жеткізу көлемін арттыруда. Импортты қысқарту үшін азық-түлік белдеуі аймағында тұрақты шикізат базалары құрылуда. Астаналықтарға азық-түлік тағамдарының негізгі түрлерін қолжетімді бағамен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары өндірістің қазіргі заманғы әдістерін қолданып, өнім тасымалдау шығынын азайтып отыр. Бағдарлама шеңберінде Астана қаласының тұрғындарын азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз етудің нақты талдауы ұсынылды. Азық-түлік тауарларын жеткізетін аудандардың әлеуеттік мүмкіндігіне баға берілді. Мемлекет басшысының алға қойған міндеттеріне сәйкес, Ақмола облысында да Астана қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңір азық-түлік белдеуіне толығымен кіріп, Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын негізгі жеткізуші болып табылады. Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары Елорданы 40 пайыз сүт өнімдерімен, 47 пайыз ет өнімдерімен, 100 пайыз ұнмен және жұмыртқамен, 93 пайыз картоппен қамтамасыз етті. Олардың ішінде елорданың іргесіндегі Целиноград ауданындағы «Capital Projects LTD» серіктестігі бройлер құс фабрикасының қадамы көз сүйсіндіреді. Астананы 100 пайыз құс етімен қамтамасыз ету бағытында салынған кәсіпорын негізгі салмақты өзіне алып, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда.
Аталған кәсіпорын 2017 жылы 20 мың тонна құс етін өндіруді межелеп отыр. Бұл кәсіпорын құрамына кіретін «Шаңырақ» басқарушы компания-сы» серіктестігінің басшысы Максим Божконың айтуынша, 2013 жылы  «АқмолФеникс» акционерлік қоғамының бұрынғы нысандары негізінде Целиноград ауданының Ақмол ауылында ашылған кәсіпорында бос қалған цехтарды жөндеуден өткізіп, заманауи қондырғылар орнатқан соң жұмыс жандана бастады.

- Біздің фабриканы іске қосу үшін қыруар жұмыстар атқаруға тура келді. Нәтижесінде германиялық инвес-торлармен бірлесіп,  етті бағыттағы жаңа кәсіпорын аштық.  Осылайша  400 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоба Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуіне кіреді, сондай-ақ, Елорданы құс етімен 100 пайызға қамтамасыз етуге және импортты 15 пайызға азайтуға мүмкіндік береді, - дейді серіктестік басшысы Максим Божко.

Тағы бір айта кетерлігі, кәсіпорында алты үлкен нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, қажетті қондырғылар орнатылған. Оның ішінде әрқайсысына 23 мың балапан сиятын үш корпустан тұратын цех, 40 мың бройлерлік 4 корпус және жылына 15 миллион балапан шығара алатын инкубатор бар. Біреуінде 54 мың бройлер өсіруге болатын тағы да 14 арнайы цех жұмыс істейді. Сондай-ақ, сағатына 15 тонна өнім шығара алатын құрама жем цехы мен бройлерлерді соятын және етін өңдейтін зауыт іске қосылды. Енді осыған өздерінің автомобиль паркі мен үш жылу орталығы қосылатын болса, жұмыстың қаншалықты ауқымды екендігін пайымдауға болады.
Міне, осының бәрі кәсіпорын ұжымына тәулігіне 4550 тонна сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр. Оның ішінде өнімнің құс еті, шұжық, ысталған ет сияқты 20 түрі бар. Бір назар аударарлығы, өнімді сатуда ешқандай қиындық жоқ екен. Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімдері Астана, Қарағанды, Алматы қалалары мен Ақмола облысының  аудандарына жөнелтілуде. Сондай-ақ, Ресейдің Мәскеу қаласы мен Сібірге, Ресейдің орталық округтеріне де жеткізілуде.

Кәсіпорын қол жеткен табыстармен шектелмей, биылғы жылы өнім шығаруды екі есе көбейтуді жос-парлап отырған көрінеді. Осы мақсатта фабрика өнім шығарумен қатар, өндірістік базаны кеңейтуді қолға алып отыр. Қазіргі кезде 9 миллион инкубациялық жұмыртқа алынатын тағы 4 корпус жабдықталуда. Бұл өндіріс көлемі екі есе артады деген сөз. Осының бәрін ескерсек, бүгінде тәулігіне 50 тонна өнім шығаратын фабрика алдағы уақытта өнім көлемін бірнеше есе арттырмақ. Яғни, 2017 жылы кәсіпорын толыққанды жұмыс істеп, жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін болады.
Қорыта айтқанда, Астананың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыру, сауда орындарын жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету бірінші кезекте Ақмола облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарының еншісіне тиетін міндет. Сондықтан, «Capital Projects LTD» серіктестігі де Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қоса беретініне еш күмән жоқ.

«Бас қаланың бастау алғанын көріп едік» - Жыл сайын аптапты шілденің алтыншы жұлдызында Астана күнін атап өту дәстүрге айналды. Жалпы мерекенің көп болғанын өз басым жөн деп есептеймін. Санамызға, болмысымызға, бар ділімізге сіңген думаншылдық, қызыққа ұмтылушылық, жақсылыққа ынтықтық ұлтымыздың ерекше қасиеттері ғой. Бұл, бетін аулақ қылсын, күйзеліске ұшыраудан, трагедиялық жағдайларға тап болудан, жаназа сияқты мәселелерге байланысты бас қосулардан мың мәртебе артық емес пе? «Ылайым, қызық-қуанышта кездесуге жазсын!» дейтін қазақи тілекке не жетсін, шіркін.

Міне, сондай айтулы мерекелердің біріне айналды Астана күні. Және мұның өзі жаңа заманға жаңа үрдіспен жалғасқан, мәні мен мағынасы аса терең, ұлтымыздың тарихы мен жадынан айрықша орын алатын шара десек, артық айтқандық болмас. Бас қаламыз - ол Қазақстанның жаңа дәуірінің куәгері әрі мүсіншісі, жаңа саяси өмірдің қайнаған қазаны әрі алыс болашаққа үмітпен көз тігуге мүмкіндік беретін асқар шыңы, еліміздің рухани һәм мәдени кіндігі әрі қала сәулетінің небір жауһарлары бар сұлулық символы, қорыта қайырғанда, бүгінгі әлемге танылған қазақтың шынайы мақтанышы. Шаһардың жыл сайын қарыштай, түрлене дамуы соншалықты ілгерілеген ұлтымыздың қазіргі болмысын көз алдыңа әкелетіні ақиқат. Келесі жылы осынау гүл қаланың алаштың астанасы болғанына жиырма жыл толады екен. 1997 жылдың 20 қазанындағы Президентіміздің жарлығымен бұрынғы Ақмола сол жылғы 10 желтоқсаннан бастап еліміздің бас қаласы деп жарияланды. Содан жарты жылдай ғана уақыт өткенде келесі жарлыққа (1998 жылдың 6 мамыры) сәйкес оның аты Астана болып өзгертілді.

Әрине, қаланың тарихы тереңде жатыр. Бұл өңірді адам баласы сонау палеолит заманынан мекендегенін археологтар дәлелдеді. Біздің жыл санауымыздан мың жылдай бұрын Сарыарқаның төсінде, Нұра мен Есілдің аралығында сақтар мен ғұндар өмір сүрген, бекініс тұрғызған. Ғалымдардың айтуынша, ғұн тілінде «ақ» «батыс» деген ұғымды білдірсе, «мола» - «қамал» сөзінің баламасы екен. Демек, «Ақмола», қазіргі кейбір топшылаулардан да әрірек, мәндірек «Батыстық қамал» деген түсінік болып шығады. Атақты «Жеті жарғыны» дүниеге келтіруші Тәуке ханның ордасы бұл қала орналасқан жерге өте жақын болыпты.

Өткеннің талай оқиғаларымен қатар Ақмола бекінісі Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының куәгері болғаны да тарихтан белгілі. Әрине, қала өміріне түбегейлі өзгерістер енгізген 1917 жылғы Қазан төңкерісі. Жаңа үкіметтің алғашқы айларындағы ақмолалық зиялы қауымның өмірі мен қызметін С.Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романында шынайы көрсеткен. Ақмоланың Целиноград болып өзгеруі тың және тыңайған жерлерді игеруге, 1960 жылдың 26 желтоқсанында Тың өлкесін құру туралы жарлықтың күшіне енуімен байланыс-ты. 1979 жылы қала жұртшылығы мен жастарының Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы ұйымдастырған іс-әрекеттері де тарихта қалған елеулі беттердің бірі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру жөнінде мәселе күн тәртібіне шықты. Бұл аса ауқымды істің бастамашысы Президент Н.Ә.Назарбаев екені белгілі. 1995 жылдың 15 қыркүйегінде ол кісі астананы ауыстыру туралы жарлық шығарып, екі жұмадан кейін Үкімет Ақмолаға мемлекеттік органдарды көшіру жөнінде комиссия құрды. Болашақ астананы таңдау бойынша бірнеше қала қарастырылып, ең соңында тоқтау Есілдің жағасындағы қалаға түскені белгілі. Шынында да, бұған мықты негіздер бар-ды, ол жөнінде Елбасы өзінің көптеген еңбектерінде (мәселен, «Еуразия жүрегінде» кітабында), сұхбаттарында, кездесулерде талай айтты. Біріншіден, бас қаланы солтүстікке қарай жылжытуға геосаяси ахуал себеп болды. Екіншіден, Алматы өз дамуында аумақтық ресурсты тауысқан еді, әрі ондағы экологиялық жағдай да нашарлаған болатын. Үшіншіден, астананы ауыстыруда елді индустриялық-инновациялық дамыту тұрғысынан нығайту мәселесі тұрды. Оның үстіне Ақмола көліктің қай түрі үшін де елдің ортасында, тоғыз жолдың торабында орналасқан еді. Қысқасы, ендігі жерде жаңа Қазақстанды жаңа астанада тұрғызу қажет болды.
Мұның алдында жарты жыл бұрын Көкшетау облысы жабылып, көрші Солтүстік Қазақстан облысына қосылды да, ат үстіндегі азаматтардың көбі сол жаққа, кейбіреулері жаңа астанаға немесе басқа облыстарға қызмет ауыстырды. Бірер айдан кейін бізге де сөйтуге тура келді. Республикалық мемлекеттік органдардың, министрліктердің ішінде Ақмолаға ең бірінші боп қоныс аударған Ақпарат және қоғамдық келісім жөніндегі ұлттық агенттікке конкурсқа қатысу үшін құжаттарымызды тапсырып, көп ұзамай соның бас маманы атандық. Кейін агенттік Баспасөз министрлігі болып өзгертілгенде, баспалар бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқардық.

Сол кездегі қала, әрине, қазіргімен еш салыстыруға келмейді, ол кәдімгі провинциялық қалалардың, қатардағы облыс орталықтарының бірі еді. Баспана мәселесінің біршама қиындықтарын көріп, кейін агроуниверситеттің отбасылық жатақханасынан бір бөлмеге қол жетті. Министрлігіміз Бейбітшілік көшесіндегі бұрынғы обкомның саяси ағарту үйіне орналасқан, үш-төрт аялдамалық жер. Күн сайын таңертең, кешке жаяу жүреміз. Сонда берекесі қашқан ескі тротуармен жүргенде, оның өзінің кейбір жерлерде мүлде асфальты қалмаған, барғанша-келгенше аяқ киімді, шалбардың балағын кәдімгідей аппақ шаң қалың басатын. Жолшыбай көп қабатты тұрғын үйлердің, басқа да ғимараттардың біраздан жөндеу көрмеген қабырғаларын, кіреберістерін, есік-терезелерін көргенде көңіл жүдей беретін. Алайда, көп ұзамай құрылыс, жөндеу жұмыстары қарқынды басталып кетті де, орталық көшелердің келбеті тез өзгере бастады.
Астана көшіп келген алғашқы жылдан-ақ Елбасының бастамашылығымен бас қаланың эскиз-идеясына халықаралық конкурс жарияланды, Нұрағамыздың үндеуіне әлемнің үздік архитекторлары назар аударды. Есімде, аса ыждаһаттылықпен өткізілген конкурс-таңдауда дүниежүзіне әйгілі жапон сәулетшісі Кисё Курокава жеңімпаз атанып еді. Оның ұсыныстары бойынша қаланың 2030 жылға дейінгі дамуының бас жоспары әзірленді. Қазақстан мен Жапония сәулетшілерінен басқа астананың болашақ архитектуралық келбетін жасауға Германияның, Англияның, Болгарияның, Швейцарияның, Шығыс елдерінің, басқа да мемлекеттердің белгілі мамандары қатысқан-ды. Олардың әлемдік архитектурадағы ең үздік деген үрдістерді барынша ескергеніне бүгінгі Астананың бейнесіне қарап көз жеткізуге болады.

Елбасының ендігі бір көрегендігі - қаланы Арқаның желі мен боранынан, құмды дауылынан қорғайтын жасыл белдеу жасауы. Ал, күн сайын ірге көтеріп жатқан біріне-бірі ұқсамайтын, адамның небір қиялының қайталанбас жемісі іспеттес ғимараттар, көптеген фонтандар мен кең аллеялар, Есілдің екі жағасын қосып жатқан заманауи ғажайып көпірлер - отандасымызды болсын, шетелдіктерді болсын еріксіз таңдай қақтыратын көріністер.

Қазіргі кезде мұнда Орталық Азиядағы ең биік 88 қабатты «Абу-Даби Плаза» көк тірейтін үйі салынып жатыр. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға «Әлем қаласы» деген атақ пен медальдың берілуі заңды болса керек. Келесі жылы өтетін
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ертегіге бергісіз ғимараттары да бас қаламыздың дүниежүзінің озық шаһарлары қатарынан ойып тұрып орын аларына септеседі.

Астанада қызмет істеген жылдар мен үшін шын мәнінде де, азаматтық кемелдену, рухани биіктеу, дүниетанымымның кеңею, көптеген дос-жарандар, пікірлес әріптестер мен жолдастар табу кезеңі болғаны рас. Санқилы жұмыстар атқаруға, іс-шараларға қатысуға тура келді, оларға шама-шарқымызша үлес қосудың сәті түсті. Мүмкін, сол тірлігіміздің ескерілгені болар, 2008 жылы орыс тілінде жарық көрген «Астана» энциклопедиясына (бас редакторы, ғылыми-редакциялық кеңестің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов) мен туралы мақала енгізілді.

Жоғарыда айтқан көп оқиғалардың ішінде бір ерекше есте қалғаны 1997 жылдың 8 қарашасында жаңа астанаға мемлекеттік билік рәміздерінің - тудың, елтаңбаның және Президент штандартының жеткізілуі. Қазіргідей есімде, күздің қара суығы мен Арқаның қатты желі қатар қысып тұрған күн болатын. Бұрынғы Президент резиденциясының алдында жиналған нөпір халық, сап түзеген әскерилер, гүл шоқтарын ұстаған арулар. Біздің министрліктің ұжымы да түгел дерлік алдын ала белгіленген жерде тұрдық. Бір кезде резиденцияның алдына Президент шықты, қасында Сара Алпысқызы, тағы екі-үш жоғары лауазымды тұлғалар бар. Тиісті музыкалық белгі берілгеннен кейін Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев нық басып, әскери тәртіппен Елбасына мемлекеттік рәміздердің жаңа астанаға жеткізілгені туралы баяндады. Салтанатты әуеннің ырғағымен жанында күзет жасағы бірге еріп жүрген арнайы адамдар рәміздерді үлкен ғимаратқа енгізді. Ауа райының қытымырлығына қарамай көңіл шіркін, ерекше тебіренеді, толқиды, қобалжиды, өйткені, бұл да дербес елдікке, тәуелсіз мемлекетке ғана тән рәсім ғой, осыны сезінгенде «тәубә, шүкіршілік!» деген ой ыстық лептей тұла бойымызды шарпып өтті.

Иә, Астана күні - жай ғана қала мейрамы емес. Бұл - Алаш жұрты рухының асқақтығын, ел экономикасының, әлеуметтік бар болмысының, мәдениетінің жаңа заманға лайық белеске көтерілгендігін паш ететін ерекше дата, Мәңгілік Ел идеясының өміршеңдігін көрсететін айрықша оқиға, Ұлы Дала Елі кіндігінің бақыт ордасы екендігін айшықтайтын мерейлі мереке. Ендеше сол мереке құтты болсын, ағайын!

Ғосман ТӨЛЕҒҰЛ,

облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.

«Жасыл аймақ жайнай бермекші» - Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2009 жылдан бері Шортанды кентінен Щучинск қаласына дейінгі Астана-Бурабай автобаны бойында ағаш көшеттері отырғызылып келеді. Бүгінгі таңда бұл аймақтағы жасыл желек әжептәуір бой көтеріп қалды.

Осы мақсатта біршама гектар алқап зерттеліп, Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандарында орналасқан жарамды алқаптың көлемі 1828,7 гектарды құрады. 2012 жылы қашықтығы 110 шақырым, ені 500 метр болатын Астана-Бурабай автобаны бойындағы бұл алқапқа ағаш көшеттері отырғызылды. Қазір жолдың екі жақ бойына отырғызылған 4500,0 мың дана әртүрлі ағаш көшеттері көздің жауын алады. Бұл жасыл желекті отырғызуға Ақмола облыстық әкімдігіне қарайтын «Ақкөл», «Отрадненский» және «Ұрымқай» орман шаруашылықтары атсалысты. Жалпы Астана-Щучинск автобаны бойындағы жасыл желекке 1,9 миллиард теңге бөлінді. Оның 347,3 миллион теңгесіне 174 арнайы техника сатып алынды. Бөлінген қаражат толық игерілді.
Бүгінгі таңда технология мен жобаға сәйкес, ағаштарды күту және өртке қарсы шаралар қолға алынуда. Бірінші кезең аяқталды. Қазір отырғызылған жасыл желек орман тәрізді өсіп келеді. Заңсыз ағаш кесу мен өртті болдырмау үшін бұл алқап күзетіледі. Сондай-ақ, жасыл желекті күту жұмыстары атқарылады. Астана жасыл желегін Ақкөл ауданы мен Щучинск-Бурабай курортты аймағының ағаштарымен қосу үшін жұмыстың екінші кезеңі басталды. Біз жарамды жер телімдерін анықтау үшін қосымша мың гектар алқапты зерттедік. Оның автобан бойындағы қашықтығы 30 шақырым, ені 250 метр болатын 747 гектар алқабы ағаш көшеттерін отырғызуға жарамды болып шықты. Бұл алқапқа «Ұрымқай», «Отрадненский», «Ақкөл» және «Кеңес» орман шаруашылықтары ағаш көшеттерін отырғызады. Осы бағытта дайындық жұмысы жүргізілуде.
Ағаш көшеттерін отырғызу үшін жердің жарамдылығы ескеріледі. Кейін тыңайтқыш қолдану арқылы екіжылдық қара пар жүйесі бойынша жұмыс жүргізіледі. Жасыл желек сұлбасымен жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Ағаш көшеттері таңдалды. Экологиялық сараптама жүргізілді. Бүгінгі таңда жер телімдері алынып, жоғарыда аталған орман шаруашылықтарына бөлініп берілді. Шекараларын жасау жұмысы жүргізіліп, мемлекеттік актілер дайындалды. Сондай-ақ, қара пар жүйесі бойынша топырақ өңдеу үшін дайындық жұмысы ширатылуда. 747 гектар алқапқа ағаш көшеттері отырғызылғаннан кейін Астана қаласының жасыл белдеуіне «Бурабай» курортты аймағының ағаштары қосылады. Облыстық әкімдікке қарайтын орман шаруашылықтарында он бір қорық болса, үшеуі базистік. Қорықтардың жалпы көлемі 163 гектарды құрайды. Орман шаруашылықтарының қорықтарында жыл сайын 13 миллион дана біржылдық, екіжылдық және 76 мың дана үшжылдық ағаш көшеттері өсіріледі. Бұл Астана қаласының белдеуін жасыл желекпен орауға толығымен жетеді.

«Ақмола көз алдымызда дүние жүзі таныған Елордаға айналды»  -  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Майра АЙСИНА:

Уақыт шіркін, жүйрік қой. «Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілетін болыпты» деген әңгіме шыққан күннен бастап еліміздегі мұндай өзгеріске «бөріктерін аспанға атып» қуанғандар да, «Тәуелсіздік алғанымыз жаңа ғана ғой, жылы орынды суытатын кезге әлі ерте» деп шүбәлана қарағандар да аз болмағандығы есте. Бүгінде мұның бәрі тарих қойнауында қалды. Айналдырған жиырма жылға жетпейтіндей уақыт аралығында бұрынғы Ақмола, бүгінгі Астана көздің жауын алатындай әсем қалаға айналды. Бүгін біз Астана күні мерекесіне орай, Парламент Мәжілісінің депутаты, Алматыдан Ақмолаға алғашқылардың бірі болып қоныс аударған Майра Арапқызы Айсинаны әңгімеге тартқан едік.

- Тарих үшін 18 жыл дегеніміз қас-қағым сәт қана ғой. Дегенмен, аз уақытта еліміздегі басқа да облыс орталықтары сынды шағын қаланың Елорда мәртебесіне ие болуымен қатар, өте қарқынды дамып келе жатқан, әсем де өзіндік келбеті қалыптасқан арайлы Астанаға айналуы көз алдыңызда өтті ғой. Әңгімеңізді Ақмолаға қоныс аударған алғашқы күндеріңізден бастасаңыз?

- Сонау 1997 жылы Алматыдан жаңа астанамыз болатын Ақмолаға алғашқы көш келе бастады ғой. Шынымды айтайын, бастапқыда менде Ақмолаға көшу туралы ой болған жоқ. Ол жылдары мен Білім министрлігінде (ол кезде атауы сәл басқаша болатын) қызмет істеуші едім. Алғашқыда бізден Ақмолаға 20 адам барып жұмыс істей бастады. Әрине, Ақмоланың республикалық деңгейдегі мекемелер мен министрліктерді  бірден қабылдай алатындай мүмкіндігі жоқ болатын. Сондықтан, бәрі ыңғайлы орын табылуына орай біртіндеп көше бастағандығы белгілі ғой.

- Сіз қалдыңыз ба?

- Айтпақшы, мені де сол кездегі министріміз Қырымбек Көшербаев шақырып пікірімді білді. Шыны керек, Ақмолаға көшуге бірден келісім бере қойдым деп айта алмаймын. «Қалай болады?, Балалардың оқуы не болады?, Ол жақта жолдасыма жұмыс табыла ма?» деген сияқты әркімнің де көкейінде тұратын сұрақтар мені де айналып өткен жоқ, әрине. Бірақ, 1999 жылы біздің министрлік толық көшетін болған соң  мен де көшуге бел будым. Бұл арада министріміз Қырымбек Көшербаевтың да жанашыр ақылының қамшы болғандығын жасырмаймын. Сонымен, сол 1999 жылдың ақпан айында болашақ жұмыс орнымды, тұратын мекен-жайымды көрейін деп келгенім әлі есімде.

- «Ақмоланың қыста аязы қатты болады екен, жазда масасы маза бермейді» деген әңгімелер сізге де таныс болар?

- Мен Арқаның қызымын. Нақтырақ айтсам, кербез Көкшетаудың бір пұшпағы - Зерендіде өскенмін. Сондықтан, Арқаның аязы маған таңсық емес. Бірақ, біраз жыл Алматыда тұрғандықтан болар, сол ақпан айында Ақмолаға алғаш келгенімде басқа нәрселерді айтпағанның өзінде, бір шабадан азық-түлік алып келгенім есімде. Содан  не керек, баяғы комсомолда бірге қызмет атқарған, Ақмоладағы және кейін көшіп келген таныстарымды тауып алып болашақ астанамызды, мұндағы жағдайды біраз талқыладық қой. Айтпақшы, сол әңгімемен жүріп, өзіме бөлінген жатақхананы барып көруді де ұмытып кетіппін.

- Ақпан айында Ақмола онша «жылылық» таныта қоймайды. Арқаның қызы болсаңыз да Алматыдан соң «ішіңіз жыли қоймаған» болар?

- Енді бір үйден екінші үйге көшсең де әжептәуір қиындықтар туындап жатады ғой. Оның жанында Елорданы көшіру дегеніміз Қазақстанда ғана емес, әлемде сирек кездесетін құбылыс қой. Ал енді, шындап келгенде, «суық екен, қала онша емес» деген сынды сөздер негізінен «ас үйдің әңгімелері» ғой. Әрине, Алматының ауа райы жайлы екендігі рас. Бірақ, Сарыарқаның салқын самалын Алматыда сезіне алмайтыныңызды неге айтпасқа?!

Қалай болған күнде де сол бір қызығы да, шыжығы да аз болмаған күндерді бүгін сағына еске аламын. Рас, біразымыздың  «шамалы уақыттан соң Алматыға қайта ораламыз ғой» деп ойлағанымыз да жасырын емес. Сол кездегі 9 май көшесіндегі жатақхананың шағын ғана екі бөлмесінде тұрғанымызда шамалы ғана уақыт ішінде Ақмоланың адам танымастай өзгеретіні туралы ойладық десем, шындыққа жанаспайтын болар.

Әрине, ол кездегі Ақмола да еліміздегі басқа да облыс орталықтарынан кем түспейтін. Дегенмен, шағын қаланы аз уақыт ішінде Елордаға лайық кейіпке келтіру оңай шаруа емес.

- Содан бері біраз жыл өтті. Бүгінгі Астана 1999 жылы сіз Алматыдан келгенде өзіңіз сол кезде сезінгендей «қабағын түйе» қарсы алған Ақмола емес.

- Әрине. Бірге келіп, біріміз жатақханаға, енді біріміз жалдамалы пәтерлерге жайғасып, жаңа Елордамызда жұмысты бірге бастаған достарымызбен, әріптестерімізбен әр бес жылда жиналып, сол бір сәттерді еске алуды дәстүрге айналдырдық. Ақмолаға қоныс аударған алғашқы уақытта тұрмыстық жағдайларға байланысты едәуір қиындықтар болғаны рас. Министрліктерді жайғастыратын ғимараттар жетіспегендігін айтпағанның өзінде, тұрғын үй, жалпы баспана мәселесі де күрделі болды. Дегенмен, «шешінген судан тайынбас» демекші, бәріне шыдадық. Ең бастысы, біз еліміздегі тарихи шешімнің куәсі болып қана қоймай, сол шешімді жүзеге асырушылардың, жаңа Елордамыздың қалыптасуына, дамуына өз үлесімізді қосқандығымызды мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, бірге көшіп келгендердің бәрі дерлік Астанада тұрақтап қалғандығын айта кеткім келеді. Яғни, Ақмола бізді сіз айтқандай «қабағын түйе» емес, жылы шыраймен құшағын жая қарсы алды деуге негіз бар. Айтпақшы, жастары келіп зейнеткерлікке шыққандар да бүгінде Астана тұрғындары.

- Бізде көп жағдайда Астана туралы айтқанда «асыра сілтеп» жіберуге бейімбіз. Рас, бұрынғы Ақмоланы жаңғыртып қана қоймай, Есілдің сол жағалауынан көрген жұрт тамсана қарайтын әсем қала тұрғыздық. Дегенмен... Бүгінгі Астана шын мәнінде мақтан тұтатын Елордаға айналды ма?

- Енді әсірелеуге бейім халық екеніміз ақиқат. Осы тұрғыдан алып қарағанда көп мақтап жіберетін сәттеріміз жоқ емес. Алайда, барды бар деу керек. Бүгінде Астананы тек біз ғана емес, қаланы абаттандырудың, архитектураның «майын ішкен», әлемдегі талай әсем қаланы көрген мамандар да мақтайды. Көздің жауын алатындай талай ғимараттар, сәулет өнерінің озық үлгілерімен бой көтерген нысандар сөзімізге дәлел емес пе? Мәселен, басқаларын айтпағанның өзінде Астанадағы «Бәйтерек» тәуелсіз сарапшылардың айтуынша әлемдегі ең үздік 100 ғимараттың қатарынан орын алыпты. Небәрі жиырма жылға жетпейтін уақытта Елордамыздың әсемдігін әлем мойындаған, озық үлгіде қарқынды дамып келе жатқан қалалардың біріне айналуы қалай мақтасақ та тұрарлық қой. Бұл арада ешқандай «асыра сілтеушілік» жоқ деп білемін.
Ал енді, орын алған олқылықтары туралы айтар болсақ, әлемнің кез-келген қаласын сынға алуға болады. Яғни, «іздей берсек» кемшіліктер жоқ емес, әрине. Мәселен, жаңадан тұрғызылған сол жағалауда көшелерді  біршама кең қылуға болар еді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер үшін көшелерді қиып өтетін жер асты жолдарының жоқтығы да рас. Дегенмен, бұл Астана құрылысындағы алғашқы жылдары орын алған мәселелер. Кейінгі уақытта мұның бәрі ескеріле бастады.

- Ақмолаға келген алғашқы жылдары «шамалы уақыттан соң Алматыға қайтамын» деп ойласаңыз бүгінде Астананың байырғы тұрғынына айналғандығыңызды сезіп тұрмын.

- Әрине. Шынымды айтсам, қазіргі уақытта Алматыға жұмыс бабымен немесе басқа тығыз шаруалармен бара қалсам бірер күннен соң Астанаға қайтуға асығамын. Баяғы өзіммен Ақмолаға бірге келіп «шамаданның үстінде отырғандардың» да ойлары осындай.
Сіздің Астананы көп мақтауға бейімбіз дегеніңізге қайта оралалық. Ақиқатына келсек, біз біріншіден ХХ ғасырдың соңына таман ел астанасын көшірген бірден бір елміз. Екіншіден, жүз немесе одан көп жыл мемлекет астанасы болған қалалармен салыстырарда ойлану қажет. Тіпті, осы жиырма жылға жетпейтін уақыттың өзінде бүгінгі Астана әсемдігі жағынан ең алдыңғы қатардағы қалалардың біріне айнала бастағандығын біз ғана емес қаламызды көрген қонақтардың өздері айтып жүр ғой. Сондай-ақ, Астананың әлемдегі рухани орталықтардың біріне айнала бастағандығын да көріп отырған жоқпыз ба?! Әлемдегі дәстүрлі діндер басшыларының съездерін Астанада өткізу дәстүрге айналды. Он жыл бойы өтпеген Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының саммиті жоғары деңгейде өткендігін білеміз. Енді міне, 2017 жылы  ЭКСПО
көрмесі өтпекші. Айта берсек, мұндай мысалдар аз емес. Мұның бәрі сайып келгенде, Қазақстанның, оның ішінде әрине Елордамыз - Астананың тағы да қайталап айтайын әлемдегі рухани орталыққа айналып келе жатқандығын айғақтаса керек.

- Ақмола Елорда мәртебесіне ие болған соң еліміздің түкпір-түкпірінен «бақытын іздеп» келушілер көп болатындығы белгілі. Біреу жұмыс бабымен, енді біреулер тағы да бір жағдайлармен дегендей... Бүгінгі күні Астанада шамамен бір миллионнан астам адам тұрады. Яғни, басым көпшілігі көшіп келгендер. Осыған орай, бүгінде «Астана тұрғыны» деген ұғым қалыптасты ма? Алғашқы кезде «алматылықпыз», «ақмолалықпыз», ... деуге бейімдер болушы еді...

- Әзіл үшін айтылған әңгіме болар. Мен өзім Ақмолаға «тастай батып, судай сіңдім» дей аламын. Өзім араласатын достарым мен әріптестерім де солай деп ойлаймын. Рас, алғашқы жылдары кездескенде «Алматыдан келдім», «Шымкенттікпін» деп жатса оны жөн сұрасудың бір жолы деу керек шығар. Сондай-ақ, әңгіме арасында кейбіреулер бөлініп жатса оған назар аударудың қажеті жоқ. Айтпақшы, біз алғашқы көшіп келген жылдары «жигули» автокөлігіміз бар еді. Сол машинамызды неге екені белгісіз үш-төрт рет тонап кетті, бірде терезелерін сындырды. Кім біледі мүмкін  біреулерге машинаның алматылық нөмірі ұнамаған болар. Ақыры сол көлігімізді мүлдем ұрлап әкетті. Шындығында мұны әр қалада да кездесетін бұзықтардың ісі деп бағалау керек шығар.
Ал енді, «Астана тұрғыны» деген түсінікке келетін болсақ, нағыз Астана тұрғыны деп кейінгі жастарды айту керек. Осы қалада туған, осында өскендердің менталитеті де, қылықтары да шынайы Елорда тұрғындарына лайық болады деп ойлаймын. Ал, жалпы Елордамыз - Астана барша қазақтың бас қаласы.

- Жұмыс бабымен немесе басқа да жағдайларға байланысты біраз елді көрген боларсыз. Сонда ол жақтағы қалаларды Астанамен іштей салыстыратын шығарсыз. Қалай, кеудеңізді қуаныш кернеу басым бола ма, әлде «әттеген-ай» да жиі орын ала ма?

- Тым әріге бармай-ақ қояйын, дегенмен ТМД елдерінің бас қалаларының ішінде Астанадан озып тұрғаны жоқ десем ақиқатан алыс кетпегендігім. Мәселен, Тәжікстан астанасы Душанбеде Астанадағыдай кейінгі уақытта сәулет өнерінің озық үлгісімен тұрғызылған ғимараттар жоқтың қасы. Тәшкент бір кезде Орта Азиядағы ең әсем қала саналса, бүгінде көп өзгере қоймаған сыңайлы. Бұл тұрғыда Әзірбайжанның астанасы - Баку қаласы көз қуантады. Шынтуайтқа келгенде  олардан біраз нәрсе үйренуге болады. Жалпы, қысқаша түйіндер болсам,  бүгінгі Астананы «мынау біздің Елордамыз» деп әлемдегі кез-келген өркениетті елдің тұрғынына, архитектура мен сәулет саласы мамандарына ұялмай, мақтана көрсете аламыз.

- Сырттан бірінші рет келген адам Астананың қазақтың Елордасы екендігін бірден сезіне ме? Қазаққа тән бірдеңе көзге ұрып тұра ма дегенім ғой. Үйге жөндеу жүргізсек те «еуроремонт» дейтін болдық қой...

- Бұл арада да Әзірбайжан елінің астанасының ерекшелігі бар. Бүгінгі Астана қазіргі заманғы үлгіде дамып келеді ғой. Рас, бұл тұрғыда бір кезде Алматыда біраз игі істер атқарылған болатын. Бірақ, қазір Алматы да өзгеріп кетті. Алдағы уақытта бұл мәселе ескерілетін болар. Жалпы, бұл жай отандық архитекторларды ойландыруға тиіс. Бүгінгі заман технологиясымен  шығыс үлгісінде, оның ішінде қазаққа тән жағдайларды ескере отырып, жобаларын ұсынса кім қой депті.

Ал енді, ерекшеліктерге келетін болсақ, мәселен Сеул қаласында көшелердің атауы мен реттік нөмірлері үйлердің төбелерінде жарнама сынды көрініп тұрады. Сондай-ақ, кейбір қалаларда көпқабатты үйлердің қабырғаларына (терезелері жоқ жағына) сол елдің халқына тән суреттер салынады екен. Міне, осындай және басқа да өзімізге жарасымды болатын істерді жүзеге асыруға болады.

Қысқаша айтсақ, бүгінде Қазақстанды, оның Елордасы - Астананы әлем таниды, мойындайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, тарих үшін айналдырған 18 жыл қас-қағым сәт қана. Міне, осы қысқа мерзімде Арқа төрінде еліміздің жаңа Елордасын тұрғызып оны әлемге паш еттік. Бүгінгідей қарқынмен дамитын болсақ, алдағы уақытта Астананың әсемдігі, оның тұрғындар үшін жайлылығы өзгелерге үлгі боларлықтай жағдайға келетіндігіне күмән жоқ.

- Майра Арапқызы мазмұнды әңгімеңізге рахмет!

«Бас қаланың бейнесі» -

Көз тұнар Астананың келбетінен,

Есілдің толқынымен тербетілген.

Сәулет пен сұлулыққа табындырған,

Таппаспын сендей шаһар жер бетінен.

Сауырын Сарыарқаның сәнге бөлеп,
Кеудесін көкке керіп бой түзеген.
Арқаның апай төсін әнге бөлеп,
Асқақ қала Астана ой түзеген.

Қарасам Астанаға нұр тұнып тұр,
Ғажайып ғимараттар сыр құйып тұр.
Шағылып ай нұрына, күн нұрына,
Есілдің қос жағасы құлпырып тұр.

Мешіті «Нұр-Астана» дінге арна,
Пирамида, Бәйтерек, ол бақ орда.
Сыйғызған бар әлемді бауырына,
Жүрегі Астананың бол, Ақорда!


Келбеті ұлтымыздың дәл өзіңдей,
Береке, достық, бірлік ел көзіндей.
Осынау Астананың төрт айшығы,
Төрт таған өлең жолдың сөздеріндей.

Астана қиялдағы арман қала,
Тосатын жеңістерді алдан қала.
Өшпейтін жүрегіме махаббаттың,
Мәңгілік бедерлі ізін салған қала.

Ән шалқып аспанында Астананың,
Жайқалды жапырағы жас қаланың.
Елбасы мен Елорда, ел аманда,
Жұлдызы жарқырайды бас қаланың!


Жұмабай ЕСЕКЕЕВ,
ақын-жыршы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

«Елбасымен бір мектепте оқыдым» -

Мен Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев оқыған мектептен білім алғанымды мақтаныш тұтамын. Бұл мектеп 1945 жылы ұлы Абайдың 100 жылдығына орай салынып, пайдалануға берілген екен. Мен осы мектепті 1958 жылы бітірдім.

Еліміздің Президентіне сабақ берген ұстаздардың қатарында Әбдірахман Байжанов, Қабдолла Құлмағанов, Гаухар Құлмағанова, Бағман Кенжекеев, Әзипа Сарыбаева, Қали Игелманов, Қажыкен Қанқашбаев сияқты мұғалімдер бар. Ол кісілердің бәрі бүгінде бақилық болып кетті. Н.Назарбаев осы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірді.

Ұлт Көшбасшысымен қатар оқымасам да, ол туралы замандастарым айтқан әңгімелерден көп жайды естіп білген едім. Ол бала кезінен-ақ ілім-білімге құмар, үлкенді, ұстазды қатты сыйлайтын кішіпейіл болып өсті. Есімде қалғаны, үзіліске шыға қалсақ болды, бастауыш сынып балалары асық немесе «қызыл жалау» деген
ойынды ойнайтын да, жоғары сынып оқушылары волейбол ойнайды. Мығым денелі ақсары бала құрбыларына қосылмай, ойындардан әрдайым аулақ жүреді.

Сабағын өте жақсы оқитын Нұрсұлтан қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласатын. Содан болар, бала кезінен-ақ, оның есімі аудан аумағына жақсы танымал болды. Балалар арасында қиын сабақ атанған математиканы ол өте жақсы оқыды. Үй тапсырмаларын орындағанда, бақылау жұмыстарында сыныптастарына есеп шығаруға әрдайым көмектесетін. Ұстаздары ол туралы «Нұрсұлтаннан түбі үлкен азамат шығады» деп айтып жүретін. Ол ақыры ұстаздарының сол үмітін ақтап, есімі әлемге танымал саясаткер болды.

Нұрсұлтан Назарбаев мектеп бітіріп, биік лауазымды қызмет тізгінін ұстап жүрген кездерінде де өзі оқып, білім алған мектебін, ұстаздарын ұмытқан жоқ. Бірде Қарағандыда жауапты қызметте жүрген кезінде кездескен едім. Сонда маған: «Аға, ауылға барып өзім оқыған мектепте болдым, отырған партамды көріп, көңілім тоғайып қалды» деген еді. Сол сөзінен өзі оқыған мектебін, қызықты балалық шағын ешқашан ұмытпайтынын ұқтым.

Мемлекет басшысының жұмысы ауыр және жауапты. Бос уақыттары да бола бермейді. Соған қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев өзі оқыған мектебі мен ұстаздарының, құрбы-құрдастарының жайынан  әрдайым сырттай хабардар болып отыратынға ұқсайды. Олай дейтінім, осыдан бірнеше жыл бұрын оны оқытқан бір мұғалімі қайтыс болғанда, Мәскеуде іссапарда жүрген Н.Назарбаев ұстазының отбасына қайғысына ортақтасатынын айтып, жеделхат жіберді.

Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отыр. Еліміздің тәуелсіздігі, осы кезең ішінде қол жеткен жетістіктерінің бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін ешкім теріске шығара алмайды. Мемлекет тарихында осындай елеулі орны бар ұлы тұлғамыздың мектептен білім алған балалық шақтары, азаматтық келбеті туралы өзім  білетін жайларды ортаға салғанды орынды көрдім.

«Әлем мойындаған Көшбасшы» -

Осыдан   біраз  бұрын   ел газеті  «Егемен  Қазақстан»  менің   жүректен  шыққан  бір  жырымды  басты. Бір демде,  бір тыныста  жедел жазылған  сол  жыр менің   жүрек сөзім, ақ адал   пайымым еді.  «Нұрлы  жол» деп аталған ол жырым мынау еді:

Нұрлы  жолға  енді, міне, түсті елім,Қолына   алып  жасампаздық істерін.Көрмегенде көз  де соқыр, жүрек жоқ,Арқалады   Елбасымыз  ғасырлардың   жүктерін. Жалғыз өзі ашты әлемнің есігін,Тербетуде   болашақтың  бесігін. Келер ұрпақ мақтанышпен айтады,Назарбаев Нұрсұлтанның  есімін.

Мына   заман неткен  ғажап ертегі, Жастық шағым  қайта айналып келсе еді. Қазақстан, Ғажапстан - туған ел, Мақтан етем, қуат көрем мен сені!..  

Түсінген, көкірек көзі ояу  жанға  осы жырымда  бәрін айттым-ау  деп пайымдаймын. Десек те, қасиетті  тәуелсіздігіміздің  25  жылының  ішінде  Ұлы Көшбасшымыздың  бастауымен   жүріп  өткен  ғасырға бергісіз    уақытымызды таразы басына  тартып, салмақтап көрелік. Мен осы  қаланың  байырғы  тұрғынымын. Облыс орталығына  1970  жылы келгенімде Целиноград шағын ғана шаһар болатын. Қазағы аз, қазақтығы кемшін, тыңның туын көтерген, сол  діл   қай  жерге барсаң  сақталған  және  де көрініс беріп, күре тамыр    қанындай  лүпілдеп тұратын  мекен еді.

Әлі есімде,  1990  жылдардың аяғында  «Қазақ  әдебиеті»  газеті   сол жылдарғы Целиноград облыстық Советі атқару комитетінің  төрағасы, марқұм Қайреден Кәрібаев ағамыздың  сұхбатын басты. Мақалада   қаламыздың  Астана  болуға  қатысты мүмкіндіктері  сөз болды. Құмарта, таңдана  оқыдық.  Біз үшін бұл бір ертегідей көрінген. Енді сол ертегідей елестеген түсіміз  ақиқатқа айналып, әлемнің сұлу  да сымбатты Астана атты  ару қаласына айналды.

Өз басым әлі  түс көріп жүргендеймін. Осындай әлемді таңдандырған Астана салу Елбасының   бірінші ерлігі еді. Тәуелсіздіктің   шапағын шашып  таңы атып келе  жатқанда, Президентіміз   ел дербестігіне сын  болған  20  сынақтан  жас мемлекетімізді  ерлікпен, кемеңгерлікпен  өткізе бастады. Бұл ұлы көшбасшылықтың  жеңіп шыққан  20  сынағының  бірі   Қазақстанның    заңды рәсімделген  және   халықаралық  мойындалған  мемлекеттік шекарасының  болмауы еді. Сол себепті,  жас мемлекет  түрлі   трансұлттық   қауіптер мен  геосаяси қатерлер алдында  аса қауқарсыз еді. Көпұлтты мемлекеттің  өз тәуелсіздігінің алғашқы қадамдары   жасалмай жатып-ақ  күйреуі мүмкін болатын. Осы тұста    халықаралық беделге ие сарапшылардың  басым бөлігі  елімізді өңірлік  белгісі  бойынша  бөлініп кеткен мемлекеттің тағдыры  күтіп тұр деп болжай бастағаны есте. Елбасымыз  елдің  аумақтық  тұтастығын сақтау  үшін мемлекеттік шекараны  халықаралық құқықтық нормаларға сай  бекітіп, заңды түрде рәсімдеуге данышпандықпен  жетекшілік етті. Жағырапиялы жағынан көрші орналасқан   Қытай мен Ресей секілді алып державалармен  және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркімения сынды   түркі тілдес  жас мемлекеттермен  шекара  сызығын анықтап, бекітіп алу  тым оңай  жұмыс емес еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігі мен келешекті  болжай алатын даналық қасиеттерінің  және аса  үлкен ғаламдық беделінің арқасында  ұзақ та  тынымсыз еңбектердің нәтижесінде  Қазақстанның мемлекеттік шекарасы толығымен  заңды түрде  рәсімделіп,  толық жабдықталды. Қазір   Қазақстанның  шекаралық  әскерлерінің  бақылауында  14 мың   шақырымнан  астам  аумақ бар. Мысалға, Ресеймен  шекарамыз  7200, Өзбекстанмен  шекара 2150  шақырым,  Қытаймен шекара 1740 шақырым,  Қырғызстанмен шекарамыз 1050  шақырым да, Түркіменстанмен шекара 400  шақырымды алып жатыр. Сол  ерлік пен   жасампаздық  25  жыл бойына  сәтті жалғасып, Қазақстан өз Ұлт Көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың  арқасында   жаһанға  танымал, мәртебесі  биік  мемлекетке айналды. Мұны көрмеу,  сезінбеу, бағаламау мүмкін емес. Қазірде   жер-жерлерде   мемлекеттік шекараны қорғаудың  жаңа технологиялары  енгізіліп,    шетелдіктердің  кіру-шығуын  бақылайтын  біртұтас  ақпараттық  жүйе қауіпсіздігін, Қазақстан  Республикасының  шекаралары мен  мемлекеттік  егемендігінің сақталуын қамтамасыз ететін  берік жүйе   құрылды. Жас мемлекетімізге сол жылдары  қатер  болған екінші сынақ-қуаты  жөнінен  әлемдегі  төртінші  ядролық арсеналдың  болуы мен  Семей полигонының  проблемалары еді. Өз  тәуелсіздігін  жариялаған  Қазақстан әлемдегі  төртінші  ядролық қару арсеналына ие болғаны  мәлім. Адамзатқа  ажал  әкелетін  бұл мұра сөз жоқ, еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігіне  үлкен қатерлер тудыруы мүмкін еді. Көреген Көшбасшымыз   тәуелсіздіктің  таңы атқан алғашқы  жылдарда-ақ  мұны  ақыл таразысына сала білді. Қазақстанның  әлемдегі ұлы державалардың  геосаяси  мүдделерінің тұтқыны  болмауы үшін  көп кешіктірмей  елдегі ядролық қару мәселесін шешу керек болды. Елбасының  жетекшілігімен  Қазақстанның   болашақ  саясатының  негізін қалаған   алғашқы қадам  1991  жылы  тамызда Семей ядролық  полигонын  жабудан басталды. Ядролық арсеналды  шығару  бо-йынша өз міндеттемелерін орындағаннан  кейін еліміз ядролық қару арсеналын  жойып,  бұрынғы әскери  өндірістерді  конверсиялау  жұмыстарын  шешуге кірісті. Сонымен,   кемеңгер Көшбасшымыз Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тікелей  басшылығымен   1993  жылдың   13  желтоқсанында Қазақстан Республикасының сол  кездегі Жоғарғы Кеңесі Ядролық қаруды таратпау  жөніндегі  келісімді ратификциялады. 1994  жылдың  14 ақпанында Қазақстан МАГАТЭ  мүшелігіне өтті. Осы  кезеңде   кепілдіктер  туралы келісімге  және оған қосымша  хаттамаға қол қойылды. Елбасымыздың  жеке  нұсқауымен  2006  жылғы  8  қыркүйекте Семейде осы өңірде   ядролық қарудан бос аймақ құру туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім шеңберінде  Қазақстан   ядролық қауіпсіздікті бекіту, ядролық материалдардың таралуының алдын алу   және ядролық  лаңкестікпен күрес   бойынша  іс-қимылдың   өңірлік   жоспарын  әзірледі. Соңғы  жылдары  Қазақстан  көтерген бастамалардың қатарында  ядролық қаруды  горизонтальды және вертикалды  тартпау  туралы жалпыға ортақ  жаңа, әмбебап  келісім әзірлеу, ядролық  қарудан  бос аймақтарды заңды түрде бекіту   және аймақтарға қатысушы елдерге  қауіпсіздік  кепілдіктері мен  преференциялар  беру, МАГАТЭ  аз байытылған  уранның  Халықаралық Банкін  өз аумағында орналастыруға мұқият дайындалу  да болды. Елбасымыздың  жеке өзінің  бастамасымен  Біріккен Ұлттар Ұйымы  Семей полигонының  жабылған  күнін, яғни, 29 тамызды  ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың  халықаралық күні деп жариялады. Дана Көшбасшымыздың  бұл бағыттағы   жігерлі де көрегендік  жұмыстары  таяуда болған Вашингтон   Саммитінде жалғасын тауып, ондағы Елбасының   Әлем.  ХХІ ғасыр. Ядролық қауіпсіздік Манифесін   Біріккен Ұлттар Ұйымы  бүгінде өзінің   негізгі құжатына айналдырып отыр.

Қазақстанның  сыртқы саясаттағы өз Президентінің  жетекшілігімен  жүргізіп отырған  дана саясатының  ендігі  бір жемісі мен жеңісі ретінде  Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты емес мүшелігіне қабылдануы  екені рас. Бұл жетістікті  әр қазақстандық, кез-келген қазақ баласы,  елім деген ері  білуі, бағалауы керек. Қысқасы, Президентіміз  
Нұрсұлтан  Назарбаевты   тәуелсіз қазақ елін  Азияның  айтулы да айбарлы   азулы барысына  айналдыра алған  алып мемлекеттің  кемеңгер Көшбасшысы  ретінде ғана біліп, танымымыздың осы  деңгейден ғана шектеліп  қалуын  өз басым дұрыс деп есептемеймін. Керісінше,  тұңғыш  Президентіміздің  планетарлық  деңгейдегі  биіктерге самғап  көтеріле  алған, әлемдегі санаулы  тұлғалардың  бірегейі   екенін мақтан тұтуымыз  және  тағдырымызға мың алғыс  айтуымыз парыз.

Саналы  қазақ баласы үшін бұл оның  ғұмырына жасампаздық жігер мен от берер  қайнар дер едік. Әлгінде  Қазақстан  тәуелсіздігінің таңы атқанда елдің алдынан шыққан  20  қатерлі сынақтар жа-йында, оны Елбасымыздың кемеңгерлік  еңбектерінің  арқасында қалай жеңгенімізді  шамалап айттық. Президентіміз сол жылдарда  Қазақстанның  өз Қарулы  Күштерін құруға, елдегі  криминогендік   жағдайдың  нашарлауы мен  ұйымдасқан қылмысты ауыздықтау,  Кеңестік  жүйеден мұраға қалған  ескірген    заңнамалық базаны  жаңартуға, өз тиімізсіздігін таныта бастаған  мемлекеттік  басқарудың   әкімшіл-әміршіл   жүйесінің  тиімсіздігін жоюға, жаңа мемлекеттік саясаттар құруға, кеңестік Үкімет құлағаннан соң   экономикадағы  қалыптасқан, өнеркәсіптік  кәсіпорындардың тоқтауымен  және қирауымен, ауыл шаруашылығының  құлдырауы, ауыл шаруашылығы жерлерінің  ауқымды  көлемде істен шығуымен, елдегі қаржы-ақша жүйесінің   күйреуі  және валюталық-алтын сақтық  қорларының болмауымен, республикадағы сол жылдарғы  гиперинфляциямен, ақшаның шапшаң құнсыздануымен кемеңгерлікпен күрестер жүргізді. Елбасымыздың  басқаруымен  осы 25  жылдың шеңберінде атқарылған ұлан-ғайыр  жұмыстардың  нәтижесінде Қазақстан  ғаламның  дамыған  30  елінің қатарына қосылмақшы.  Елбасымыз сол жылдарда осы  жасампаздық жұмыстарымен қанаттастыра  Каспий теңізінің   құқықтық  мәртебесін  реттеумен мұнай-газ кен орындарының  ел мүдделеріне сай игерілуін  де  қолға алып,  бұл салаларда да  жеңістерге жетті. Осы жылдарда  халықтың  шет елдерге  тұрақты тұруға  жаппай кетуі мен  ел ішіндегі   теріс көші-қон   балансы да реттелді. Қазақстандықтар өмір сапасына қол жеткізіп, медицина қарыштап дамыды.  Бүгінде елімізде  жүректі, бауырды  ауыстырып салу оталары сәтті жасалуда. Ұлтаралық  шиеленістер  мен этносаралық  қақтығыстар  қаупі мүлдем сейіліп, Елбасының бастамасымен  құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы  жемісті жұмыс істеуде, оның  тәжірибесін барша әлем танып, үйренуде.

Айта берсек, тәуелсіздігіміздің өзіміз тойлағалы отырған  25  жылының ішінде Елбасымыз  ғасырға  бергісіз  еңбектер жасап, елді индустрияландырудың екінші бесжылдығының  міндеттеріне бастауда. Елбасымыздың   бес институционалдық реформасы және оны іске асыратын  100  нақты қадам жоспарлары  ел игілігін еселей түсуде. Ендеше, әр қазақ, әрбір қазақстандық  Елбасы секілді ұлы реформаторды, кемеңгер Көшбасшыны  берген  тағдырға мың  да бір алғыс айтулары керек!

«Пәтер мен емхана қуанышы» -

КӨКШЕТАУ. Облыс әкімі Сергей Кулагин «Жансая» тұрғын үй кешенінде пайдалануға берілген 30 пәтерлі үйдің тұрғындарына жаңа пәтердің кілттерін тапсырды.

Облыс әкімімен бірге, қуаныш иелерін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалының директоры Айбас Жарқымбаев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолда-уында халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі басты орын алады. Қазіргі таңда «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында үй кезегінде тұрған салымшылардың баспанаға қол жеткізуі зор қуаныш. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Бүгінгі мереке күні қарсаңындағы қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін, - деді өз сөзінде облыс әкімі.

Бұл жолы пәтер кілттері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына табыс етіліп отыр. Аталған бағдарлама бойынша өткен жылы облыс орталығында барлығы 21 мың шаршы метр баспана берілсе, биылғы жылдың басынан бері  бұл көрсеткіш 75,4 мың шаршы метрге жеткен. Оның 6 мың шаршы метрі немесе 90 пәтері тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған. Жыл соңына дейін 500 пәтерді қоныстанушыларға беру  жоспарлануда. 

ЗЕРЕНДІ. Облыс әкімі Сергей Кулагин жаңадан салынған аудандық емхана мен Троицк селолық дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен тұрғындарды осынау қуанышты қос оқиғамен құттықтады.

Тәуелсіздік алғалы 25 жылдың ішінде елімізде талай-талай игілікті істің басы қайырылып, жүздеген әлеуметтік өндірістік нысандар бой көтеріп, халыққа пайдалануға беріліп келеді. Бүгін де ауданда қос бірдей денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліп, халықты зор қуанышқа бөледі.

Соның бірі - 250 келушіге арналған емхана. Облыс басшысы аудан тұрғындарының осы қуаныштарына ортақтасып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, қазіргі заманға сай медициналық құралдармен жабдықталған жаңа әрі әсем ғимараттың ішкі бөлмелерін аралап көріп, жоғары білікті дәрігерлердің тапшылығы мәселесіне де назар аударды.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Банұржан Жаңғаловтың айтуына қарағанда, медициналық мекемеде функционалдық диагностика, рентгенологиялық, эндоскопиялық, физиотерапиялық, акушер-гинеколог кабинеттері жұмыс істейді. Жаңа емхананың лентасын медицина саласының елімізге танымал ардагері Серік Ыбраев пен жас маман, эндокринолог Алена Панферова (суретте) қиды. Салтанатты шарада облыс әкімі Сергей Кулагин:

-Астана күні - зеренділіктер үшін ерекше қуанышты күн болып отыр.  Аудан тұрғындары енді жаңа емханаға барып көрінетін болады. Барлық медициналық құрал-жабдықтар заманауи талапқа сай. Бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында түзілген «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» тәрізді мемлекеттік бағдарламалардың септігімен жүзеге асырылып отыр - деді. Сонымен қатар, аймақ басшысы Троицк селосында 25 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Аталған медициналық нысанды салу үшін бюджеттен 116 миллион теңге қаражат бөлінген. Енді бұдан былай 2700 тұрғыны бар село тұрғындары аудан орталығына сабылмай осындағы жергілікті дәрігер мамандарға қаралмақ. Дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көлігі де бар.

Жұмыс сапарында Троицк орта мектебі де назардан тыс қалған жоқ. Білім ордасының жұмысымен танысқан аймақ басшысы жаңа оқу жылына мектептің әзірлігін сұрап біліп, кейбір кемшіліктерді жою туралы аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Шілденің 07 күні шыққан санындағы мақалалар тізбегі:

«Білімділердің бағы жанды» -

Астанада өткен «KazATU OPEN» халықаралық V пікірсайысшылар турнирінде Көкшетаудан қатысқан «Кубок Жарылқасын» командасы жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

«KazATU OPEN» халықаралық V пікірсайысшылар турнирі С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде өтті. Халықаралық пікірсайысшылар жарысына жер-жерден келген 55 команда қатысып, бақ сынас-ты. Бұл жарысқа Көкшетаудың өзінен жеті команда қатысқан еді. Бірақ, солардың арасынан «Кубок Жарылқасын» командасының ғана бағы жанды. Оның құрамында Тұрғазы Ерназар, Асқар Кәкен сияқты жан-жақты білімді және шешен тілді жігіттер өнер көрсетті.

«Бақытты балғын шақ» -

Аудан орталығы Шортанды кентінде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған аудандық «Балғын шақ» конкурсы өткізілді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған конкурсқа өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Мемлекеттік тілді меңгеру бүгінде елімізде өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Мемлекеттік қызметте істейтіндердің арасында мемлекеттік тілді білмейтіндер бар. Кеңес заманында ұзақ жылдар бойы қордаланған бұл мәселені шешу үшін біраз уақыт және еңбек қажет екендігі түсінікті. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік тілді меңгерту бала бақшадан басталса, тиімді болары анық. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған бұл шараның маңыздылығы да осында болса керек.
Конкурс үш кезең бойынша өтті. Бүлдіршіндер өздері мен отбасыларын, өзі тәрбиеленетін бала бақшаны  қазақ тілінде таныстырып, қазақша тақпақтар айтып, ән шырқады. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар ертегілерді қазақ тілінде сахналап, ертегі кейіпкерлерін де өздері сомдап шықты. Шара барысында балалардың да, ата-аналар мен тәрбиешілердің де конкурсқа үлкен дайындықпен келгендігі анық байқалды. Тартысты өткен өнер сайысында қазылар алқасына жеңімпазды анықтау да оңай болмады.
Жарыс болған соң жеңімпаз да болатыны белгілі. Өзге құрбыларынан біршама тәуір өнер көрсеткен Раевка ауылындағы «Балапан» бала бақшасының тәрбиеленушісі  Вера Баженова бірінші орынды жеңіп алды. Шортанды кентіндегі «Балдәурен» бала бақшасының тәрбиеленушісі Елена Салимова екінші, ал Бозайғыр ауылындағы «Бөбек» бала бақшасының намысын қорғаған Алексей Бозингер үшінші орынды иеленді. Конкурс жеңімпаздары - мемлекеттік тілде өнер көрсеткен балдырғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Мүгедек балаларды күту - өзекті мәселелердің бірі» -

Ақмола медиа орталығында мүгедек балаларға күтім жасаудың және оларға дұрыс қараудың жай-жапсарын оқытып, үйрететін арнайы жобаны жүзеге асыру бағытында игі шара өтті.

Мүгедек балаларды күту және оларға дұрыс қарау медициналық қана емес, әлеуметтік сипаттағы  күрделі және көп қырлы мәселе болып табылады. Осыған орай, ата-аналарға бұл жайды түсіндіру, соған дайындау кәсіби оқытуды талап ететін қиын шаруа. Міне, осындай күрделі істі жүзеге асыруға «Таза ниет - Астана» қоғамдық қоры мұрындық болып, «Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау және денсаулықтарын қалпына келтіруді ата-аналарды оқыту арқылы жүзеге асыру» жобасын қолға алды. Көкшетау медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры Алтын Мұстафинаның айтуынша, бұл жобаның мақсаты мүгедек балаларды қалпына келтіру процесін үзбей жүргізуге жағдай жасау. Мұндай істі тек медициналық мекеме ғана атқарып қоймай, үйде ата-аналар да оған атсалысса, нәтижелі болмақ.
Ата-аналарды оқыту екі кезең арқылы жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде теориялық білім берілсе, екінші кезеңде қадағалау арқылы ата-аналар алған білімдерін нақты тәжірибеде жүзеге асырмақ. Оқуды бітіргеннен кейін арнайы сертификат беріледі. Жаңа жоба  мүгедек балаларды қалпына келтіруге игі ықпалын тигізіп қана қоймай, мемлекеттік бюджеттің және отбасының қаржысын үнемдеуге де оң әсерін тигізеді.

«Алғыс арқалаған жан» -

Степногорск аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Сайран Смағұлов туралы бір үзік сыр

Мамандықтың бәрі жақсы. Десек те, солардың арасында қалың жұртшылық қадірлеп, құрмет тұтатын сыйлы мамандықтар да болады. Солардың бірі - дәрігер. Баспасөз құралдары «адам жанының арашашысы» деп айтып, жазып жататын дәрігердің алдында болып, оның көмегін алмаған адам жоқ шығар. Басты байлық - денсаулықтан айырылып, қатты күйзелген пенденің бар сенері де, сүйенері де дәрігер болмақ. Қиналған жанға қол ұшын беріп, жабыққан көңілін жұбату, сауығып кетсем-ау деген үміт отын лаулатып, сенім үдесінен шығу - оңай шаруа емес. Мен білетін сондай міндет биігінен көрініп жүрген, ақ халатты абзал жан деген атқа лайықты, жұртшылықтың алғысы мен сый-құрметіне бөленген дәрігердің бірі  Сәкең - Сайран Садырұлы Смағұлов.
Мен Сәкеңмен Атбасар қаласында 1990-шы жылдардың ортасында таныстым. Ол кезде Сайран Садырұлы темір жол тораптық, кейін соның базасында құрылған аймақтық туберкулезге қарсы дипсансердің бас дәрігерінің орынбасары болып істеді. Ұзақ жылдар Қима ауданында аудандық аурухананың бас дәрігері болып қызмет атқарған Сәкең аудан таратылған соң Атбасарға ауысып келген екен. Жүзі жылы, әрдайым күлімсіреп жүретін оның осы жұмсақ мінезінен болар, жұрт Сәкеңе тез үйіріліп, тіл табысып кететін. Адамның тек тәнін ғана емдеп, оның жан дүниесіне назар аудармайтын, алдына келген аурулардың бәрін науқас деп қабылдайтын дәрігерлер болады. Өкінішке орай, дәрігер атына кір келтіріп, соңғы жылдарда БАҚ бетінде жиі жазылып, айтылып жүрген келеңсіз жайларға да дәл сондай адамдар себеп болған деп ойлаймын. Сондай-ақ, өз міндетін тек адамның тәнін емдеу деп түсінбей, оның жанына, ішкі дүниесіне де назар аударып, ауру меңдеп, жабыққан пендені жылы сөзімен жұбатуға асығып тұратын дәрігерлер де болады. «Адам жанының арашашысы» деген атқа лайық жан да - сол. Сәкең де дәл осы санаттан-ды.

2002 жылдың көктемінде ауырып, ауруханаға түстім. Туберкулез дерті енді ғана басталып, белең алып үлгермесе де асқа тәбетім жоғалып, аз күннің ішінде жүдеп кеттім. «Ас адамның - арқауы» демекші, ас ішпеген соң әлсіреп, әл-дәрменің азаяды екен. Осылайша қатты жүдеп, қиналып келген мені Сәкең алғаш келген күннен бастап  ең алдымен жылы сөзімен жаныма үміт отын құйғандай болды. «Ештеңе етпейді, бірнеше күнде-ақ тәбетіңді қалпына келтіреміз» деді ол нық сеніммен. Оның жылы сөзі жанымды жұбатып, көңілім тәп-тәуір өсіп қалды.

Ауруханада жатқан екі айдай уақыттың ішінде мен Сәкеңді жан-жақты танып, дәрігерлік қана емес, кісілік келбетін де көріп, біле түстім. Ол күн аралатып палаталарды аралап, әр науқаспен сөйлесіп, хал-жағдайын егжей-тегжей сұрап отыратын. Әрдайым жылы жүзбен күлімсіреп, кейде жеңіл қалжыңдап қойып жүретін Сәкеңмен әңгімеден кейін көңілің көтеріліп, ауруыңнан айыққандай сергіп қаласың. Шынын айтқанда аурудан жазылуға  дәрі-дәрмектің көмегі жеткіліксіз, ең алдымен адамның өз құлқы болуы керек, дейтін ол. Жасыратын не бар, туберкулездің ушығып кеткен ашық түрімен ауырып, жандары қиналған кейбіреулердің сол ауруханада жатып жасырып арақ ішіп, темекі тартатындары да болды. Әрине, мұндай денсаулығына еш мән  бермейтін пенделердің қанша емдесе де аурудан айыға алмай, кейін созылмалы дертке шалдығып жататындары болады. Сол кезде Сайран Садырұлының айтқан бір әңгімесі ұмытылмастай болып есімде қалып қойды.
Сәкең айтады: «Ертеректе, кеңес заманында туберкулез диспансеріне бір жас ұшқыш жігіті түсті. Ауруы қатты асқынып кеткен екен, өкпесінде жұдырықтай үлкен тесік бар. Әлгі маған «мен әлі жаспын, ұшқыш болып қалуым керек, олай болмаған жағдайда маған өмірдің көк тиындық құны жоқ», - деді түңіліп. Содан кейін: «Ауруымнан толық жазылып шығатын  амал бар ма?» - деп сұрады. Өкпесіндегі жұдырықтың аумағындай тесікті жабу үшін оған кем дегенде бір жылдай күшейтілген жағдайда ем қабылдауы қажет еді. Осы жайды айтқанымда «аға, мен бәріне келісемін, тек мені емдеңіз» деп жата-жабысып жалынды. Күшейтілген емге екінің бірі төзе бермейді. Яғни, бұл жағдайда күн сайын өте күшті улы бір буда дәрі-дәрмек қабылдау қажет. Ұшқыш жігіт содан күшейтілген жағдайда ем қабылдауға кірісті. Ол күн сайын таңертең берілген бір буда дәрі-дәрмекті үлкен тостағанға салып, оған су құйып езіп ботқа жасайтын. Содан қасықпен кәдімгідей әлгі «ботқаны» жейді. Оның мына қылығын көргендер шыдай алмай шыға қашатын. Бір жылдай ем қабылдаған жігіт ауруынан айығып шықты. Содан бір күні жұмыс бөлмемде отырған маған медбике келіп «сізді бір ұшқыш сыртта күтіп тұр, жолығамын дейді», - деді. Сыртқа шықсам ұшқыш киімін киген жігіт маған қалбалақтай амандасты. Түрі таныс сияқтанғанмен жыға тани алмадым. Аты-жөнін айтқасын ғана танып, жай-жапсарын сұрадым. Ол ауруынан толық айығып, қайтадан ұшқыштар тобына қабылданыпты. Сол қуанышы мен алғысын айту үшін арнайы келген екен.

«Менің әкем мұғалім еді, содан сабақты нашар оқу маған біртүрлі ұят сияқты сезілетін», - деп есіне алады мектептегі алыста қалған балалық шағын ол. Мектепті үздік бітірген Сайран Садырұлы 1970 жылы еш қиналмастан Целиноград медициналық институтына оқуға түседі. Оның таңдаған мамандығы да ауыр және күрделі мамандық - фтизиатр. Бұрын емі жоқ дерт саналатын қазақ «құрт ауруы» атаған туберкулез кеңес заманында да белең алып, туберкулезді емдеу  мемлекеттік деңгейде көтерілген өзекті мәселелердің бірі болып саналатын. Табаны күректей жеті жыл жоғары оқу орнын оқып, жақсы білім алып шыққан жас маманның еңбек жолы өзі туып өскен Қима өңірінде, аудандық аурухананың фтизиатр-рентгенолог қызметінен басталған. Біраз жыл Арқалық қаласында қызмет істеп, қайтадан Қима өңіріне оралды. Өз жұмысын өте жақсы білетін жігіт қызмет баспалдағымен тез көтеріліп, аудандық аурухананың бас дәрігері болды. Қима аудандық ауруханасында атқарылған көптеген жақсы істер Сәкеңнің есімімен тығыз байланысты. Өкінішке орай, Торғай облысы таратылған кезде Ақмолаға қосылған Қима ауданы да таратылып, аудандық аурухана жабылды.

Сайран Садырұлы сияқты білікті маман, іскер басшының далада қалуы мүмкін емес еді. Оған жан-жақтан біраз шақыртулар келген, бірақ ол туып-өскен жеріне жақын Атбасарды қалады. Сөйтіп, алғашында Атбасар темір жол тораптық ауруханасында, кейін, жаңадан ашылған аймақтық туберкулезге қарсы диспансерде қызмет атқарды. Бас дәрігердің орынбасары лауазымын атқарғанымен, Сайран Садырұлына тікелей ауруларды емдеу, яғни, ең жауапты саланы басқару міндеті жүктелген. Туберкулезге қарсы диспансер болғанымен, басқа емдеу орындарындағы сияқты мұнда да фтизиатр мамандары жетіспейтін.

2004 жылы Сайран Смағұлов Степногорск аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалды. Тек Степногорск қаласына ғана емес, іргелес жатқан Ерейментау, Шортанды, Целиноград, Ақкөл, Аршалы, Еңбекшілдер және Бұланды аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсететін аймақтық емдеу орнының жайы  ол билік тізгінін қолға алған тұста аса күрделі болатын. Басшы тұрақтамай, негізгі көрсеткіштері төмендеп, материалдық-техникалық базасы жүдеп тұрған емдеу орнын Сәкең келе сала күшейтуге білек сыбана кірісті. Уақытпен санаспай, барлық білімі мен тәжірибесін жұмсап, аурухананың жайын түзеуге аянбай атсалысты. Осылайша, айналдырған екі-үш жылдың ішінде аурухана негізгі көрсеткіштері жағынан облыстағы алдыңғы орындарға шығып, материалдық базасы да қайта жаңғыртылды. Мәселен, 2008 жылы бірінші рет туберкулез дертіне шалдыққандар саны 135 болса, биыл бұл көрсеткіш 110-ға дейін төмендеген. Осы дертпен ауырған балалар мен жасөспірімдер саны да күрт азайды. Асқынған аурулар жоқ. Мұның бәрі аурудың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың жемісі екендігі айдан анық.
Сәкең алғаш келген кезде төрт қабатты үлкен ғимараттың жоғары қабаттары пайдаланылмай бос тұратын. Белгіленген талап бойынша әрбір науқас емделіп жататын аумақ 8 шаршы метр болса, аурухана жағдайы бұл талапқа сай емес-тін. Осыған орай, бос тұрған 4-ші қабаттағы бөлмелер де кәдеге асып, қазір аурухананың материалдық базасы жақсара түсті.

Қазақы ортада тәлім-тәрбие алып өскен Сәкең өзге басшылардай емес, қазақшаны еркін сөйлейді. Содан болар, ол диспансерде мемлекеттік тілді дамытуға да жете көңіл бөледі. Сәкеңнің тікелей басшылығымен аурухана ұжымы аптасына бір күнде тек мемлекеттік тілде сөйлеуді әдетке айналдырған. Сайран Смағұлов қазақ тіліне осындай жанашырлықпен қарағаны үшін қала әкімінің атынан арнайы алғыс хатпен марапатталыпты.
Мына қамшының сабындай келте пәни жалғанда бақытты болғысы келмейтін пенде бар ма. Бірақ, бақыт құсының екінің бірінің басына қона бермейтіні белгілі. Сол адам талғайтын бақыт құсы Сәкеңе мықтап орныққан сыңайлы. Ең алдымен оның жаны қалаған жақсы мамандығы, соған орай ел мен жұртшылықтың құрметіне бөлеген қызметі бар. Отыз жылдан астам осы салада еңбек етіп, көп жетістіктерге жетті, сый-құрметке бөленді. Содан кейін, өмірінің жартысы бірге өтетін отбасында да орнын тауып, көңілі сүйген жарын тапты. Жары Сәуле екеуі  үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы әке жолын қуып дәрігер болса, екінші ұлы мемлекеттік қызметте, ал кенжелері Талғат Астанада Гумилев атындағы университетте оқиды. Немерелері жарысып өсіп жатыр. Еңбекте де, өмірде де орнын тапқан Сәкеңді  бақытты жан десе, артық айтқандық болмайды.
Биылғы жыл да Сайран Смағұлов үшін жемісті болды. Ұзақ жылғы медицина саласындағы еңбегі ескеріліп, ол «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Тосқауыл қойылуда» -

Ақмола өңірінің жан-жануарлар әлемі сан алуандығымен, сондай-ақ, санының тұрақтылығымен ерекшеленеді.

Облыстық орман шаруашылығы және жан-уарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлық құрамының және «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» кәсіпорнының басты міндеті - жабайы аңдардың санын көбейту, олардың мекендеуіне қолайлы жағдай жасау, браконьерлікпен күресу, аңшылықты тәртіпке келтіру, бір сөзбен айтқанда, аңдар әлемін қорғау болып табылады.
Аңшылық шаруашылығының субъектілерімен 570 адамнан тұратын қорықшылық қызметі құрылды. Әрбір қорықшыға учаске бекітіліп берілді. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін қорықшылық қызметіне сегіз жүзге жуық техника бөлінді. Оның ішінде 439 автокөлік, 47 трактор, 7 мотоцикл, 176 шана, 33 жылқы, қайық, ұшақ және өзге де техникалар бар. Биылғы жылдың алты айында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 300-ге жуық аң мен балық аулау ережесін бұзғандарды анықтап, 2 миллион 700 мың теңгенің айыппұлын салды.

Олжас ҚАРПЫҚОВ,облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

«Білікті басшы» -

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астрахан аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Мақат Үмбетовтың есімі  өз ісінің білгірі ретінде әріптестеріне жақсы таныс.

 Мақат Нұрғалиұлы Астрахан ауданына қарасты Алғабас ауылының тумасы. Тағдырдың жазуымен ата-анасы өмірден ерте өтіп, аға-жеңгесі Сайран мен Манат Үмбетовтердің қолында тәрбиеленді. Мақат бала кезінен еңбекқор болды. Қорадағы малдың қасынан шықпайтын. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мал дәрігері болуды қалады. Інісінің мақсатын қолдаған ағасы «Астрахан» кеңшарынан оқуға жолдама алып беруге жәрдемдесті. Осылайша Мақат 1983 жылы ауылдағы сегіз жылдық мектепті тәмамдағаннан соң Целиноград мал дәрігерлік техникумының ветеринария бөлімшесіне оқуға түсті. Осы саланың қыр-сырын үйренуге тырысты. Оқуға зерек болып, фельдшер мамандығын алып шықты. Жас маман еңбек жолын «Астрахан» кеңшарының №1 бөлімшесінде аға мал дәрігері болудан бастады. Ірі қара малдың туберкулез, бруцеллез тәрізді жұқпалы ауруларының алдын алуға белсене араласты. Кеңшардың бас мал дәрігері Серікпай Мұқышевтан осы жұмыстың қыр-сырын көп үйренді. Сол кезде бөлімшеде мыңға жуық ірі қара болатын. Тауарлы сүт фермасында 500 сиыр сауылды. Мұндағы малдың сауықтыру жұмысына Мақат Үмбетов жауапты болды. Дер кезінде жұқпалы аурудың алды алынып отырды.

Үш жылдан кейін ол Астрахан аудандық ветеринариялық станциясына мал дәрігері-терапевт болып ауысады. Мұнда да аудан бойынша жұқпалы және жұқпалы емес өзге аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысты. Мал басының есебін жүргізді. Сонымен қатар, Астрахан селосындағы жекеменшік малды емдеумен айналысты. Ауданның бас мал дәрігері Елубай Оспановпен, кейін Серік Іргебаевпен бірге еңбек етіп, жұмысты ұйымдастыруды және жоспарлауды үйренді. Препараттар мен вакциналарға алдын ала өтінім жасап, оны уақытында тарата білді. Қауіпті жұқпалы ауруға шалдыққан малдың көзін жойып, арнайы орындарға көмуді ұйымдастырды. 1999 жылы Астрахан аудандық аумақтық басқармасы құрылып, Мақат Үмбетов ветеринарлық инспектор қызметін атқарады. Мал шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын сақтауына ветеринарлық және санитарлық қадағалау жүргізеді. Малды бағу, оны союға дайындау және сату жұмысын ұйымдастырады. 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенінің Астрахан аудандық ветеринария бөлімі басшысы болды. Мұнда да жұқпалы мал ауруының алдын алу, мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру және оның орындалуын
қадағалаумен айналысты. Осы жылдары ол жоғары оқу орнын сырттай оқып, бітіріп шықты.

Мақат Үмбетов 2012 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау  комитетінің Астрахан аудандық аумақтық инс-пекциясын басқарып келеді. Ұжымда Әуезхан Қасымов, Дайрабай Жұмағұлов және Сапархан Сыздықбаев сияқты тәжірибелі мамандар жұмыс істеуде. Олар жұқпалы аурулардың мал мен құсқа таралмауын жіті қадағалайды. Шетелдерден тасымалданатын және экспортқа шығарылатын тауарларға бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырысты орындайтын «Ветсервис+» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ветеринарлық зертхана жұмысын қадағалайды. Мақат Нұрғалиұлы әріптестерінің арасында ұйымдастырушылық қабілетімен, адамдармен тез тіл табысуымен және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ұжымда тұтынушылар құқын қорғайтын жұмыс та дұрыс жолға қойылған. Мұнда келген адамдарға әдептілік көрсетіліп, өтініштеріне тиісті назар аударылады. Ветеринария саласындағы адал еңбегі мен мемлекет органындағы ұзақ жылғы қызметі үшін Елбасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталған. Ол отбасында да адал жар, өнегелі әке. Осындай адамгершілігі мол азаматтар мен білікті мамандар мемлекеттік қызметте көп болса дейсің.

«Жер серігіне қосылудың тиімділігі мен артықшылықтары» -

 «Қазтелерадио» АҚ филиалының директоры Винер Арсланбеков   біздің тілшімізге елімізде сандық телевизияны енгізудің жай-жапсары туралы әңгімелеп берген еді.

- 2014 жылдың желтоқсанында шетелдік жерсеріктерден ақпараттық сыйымдылықтарды жалға алудан бас тарту арқылы елден қаражаттың жылыстауының алдын алатын және ақпараттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ететін қазақстандық «KazSat-3» жерсерігі іске қосылғаны белгілі. «Қазтелерадио» АҚ өзінің сандық сигналының хабар таратуын отандық жерсерікке көшіруде. Осы орайда, қандай нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді және осы істің  маңыздылығы неде екенін айтып берсеңіз?

- 2016 жылдың 15 наурызынан біз «OTAU TV» жер серіктік телевизияның абоненттерін отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіруді бастадық. Қазақстандық жерсеріктің пайдасына таңдау отандық телерадио арналар өзіндік қаражаттарын айтарлықтай үнемдейді, өйткені, шарттар теңге бағамымен жасалады және шетелдік валютаның бағамына байланысты болмайды. Отандық жерсерікте сыйымдылықтарды жалға алу шетелдік жерсеріктерге қарағанда анағұрлым төмен. Осылайша біз өз еліміздің экономикасының дам-уына септігімізді тигіземіз және бұл біздің отандық жерсерікке көшуіміздің қажет болуының бірінші және басты себебі болып табылады.

Бұдан бұрын «OTAU TV» жерсеріктік телевизияның хабар таратуы 2016 жылдың күзінде өз жұмысын аяқтайтын шетелдік жерсеріктен жүзеге асырылған еді. Қазіргі таңда «OTAU TV» қызметтерін 1 миллионнан астам абоненттер пайдаланады және 2016 жылдың қыркүйегіне дейін олардың әрқайсысы шетелдік жерсерікті өшіргеннен кейін телевизия арқылы ақпарат алудан айырылып қалмау үшін жабдықты қайта  күйге келтіруді міндетті түрде жүзеге асыруы тиіс.

- Абонент өз бетімен жабдықты қайта ретке келтіре ала ма?

- Иә, ол үшін «KazSat-3» жерсерігіне абоненттің жабдығын ретке келтіретін маман арнайы  бейне нұсқаулық материал дайындаған болатын. Бұл материал Интернет желісінде, www.otautv.kz және www.kazteleradio.kz сайттарында қолжетімді. Егер отбасында әртүрлі себептермен жабдықты ретке келтіретін адам болмаса, онда абоненттер шарттық негізде ретке келтіртуді жүзеге асыратын авторландырылған дилерлерге білікті көмек алу үшін жүгінулеріне болады. Олар әрбір ауданда, сондай-ақ, барлық байланыстар www.otautv.kz сайтында бар. Бұл қызметтің құны 2000 теңгеден аспайды.

Абоненттердің назарына, өз жабдығын ретке келтіргеннен кейін ол туралы  колл-орталықтың 193 немесе 8 (727) 2581500 телефондары арқылы міндетті түрде хабарлауы немесе дербес шотының нөмірін және телефон нөмірі туралы ақпаратты өз өңірінің сату орталығына (телефоны: 8 (7162) 401551) қалдыруы тиіс, бұл абонентке кепілді сыйлық алуға мүмкіндік береді.

- Дилерлер және олардың қызметтері туралы нақтырақ баяндап берсеңіз.

- OTAU TV абоненттерінің саны жоғарыда айтып өткеніміздей,  1 миллионнан асты, оның 60 пайызы ауылдық жерде орналасқан. Біздің елдің аумағының кеңдігін ескере отырып, біз елдің барлық аумағы бо-
йынша құрылғыны орнатуды өз күшімізбен қамтамасыз етудің мүмкін еместігін жақсы білдік. Сондықтан да, дилерлік желіні дамыту шешімі қабылданды. Авторландырылған дилерлер қабылдағыш жабдықты (қабылдағыштарды, антенналарды, конверторларды) жеткізуге, жабдықтың құрастыру мен қайта күйге келтіру жұмыстарын іске асыруға уәкілетті. Дилерлер «Қазтелерадио» АҚ штаттағы қызметкерлері емес, бұл жабдықты орнату және сервистік қызметті көрсететін жеке кәсіпкерлер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. «Қазтелерадио» АҚ  дилердің атқарған жұмыстарынан табыс таппайды, тек ресми дилерлер ретінде оларды қызметке тарта отырып, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

- Қосылу үшін өтінішті қалай беруге болады және шебердің келуін қанша уақыт күту керек?

- Жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіру үшін өтінішті бірнеше тәсілдер арқылы жолдауға болады: жоғарыда көрсетілген нөмірлер арқылы колл-орталыққа қоңырау шалу; сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша өңірлік абоненттік бөлімге қоңырау шалу; немесе www.otautv.kz ресми интернет-ресурсында онлайн-өтініш қалдыру арқылы.

Бұл өтініштер дилерлер арқылы үлестіріледі және бір-екі күн ішінде шебер сіздің үйіңізге барады, ал, қайта күйге келтіру үдерісінің өзі жарты сағаттан аспайтын уақытты алады. Алыстағы  аудандардың тұрғындары бірлесіп, қайта күйге келтіруге өтініш берулеріне болады, осылайша дилер бір күннің ішінде барлық елді мекенде жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіре алады. Егер елді мекеннің тұрғындарының бірі қайта күйге келтіру үшін өтініш берсе, ол туралы мүмкіндігінше «OTAU TV» жерсеріктік телевизия орнатылған барлық тұрғындарды хабардар ету қажет. Осылайша сіз дилердің жұмысын жеңілдетесіз және қайта күйге келтіру үдерісін жылдамдатасыз. Дилерге бір-екі өтінішті орындау үшін алыстағы ауылға бару қиын болады, ол сондай-ақ, көшу мерзімдеріне және қызмет көрсетудің құнына да  әсер етуі мүмкін.

- Қазақстандық жерсерікке көшкеннен кейін көрермен қандай қосымша артықшылықтарға ие болады?

- Біздің абоненттер сандық телевизияның айқын бояуы мен дыбыс сапасын бағалап үлгерді. Қосымша электрондық хабарлар бағдарламасы және телегазет сияқты сервистер болады. Біздің тараптан тұрақты негізде арналар топтамасының құрамын - олардың сандық және сапалық түрін де жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу көрермендерге қосымша SD арналарды көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ағымдағы жылдың күзінде ақылы топтаманың пайдаланушыларына қолжетімді болатын HD  арналарын көру мүмкіндігі беріледі.

- Елімізде сандық телевизия көптеп енгізілуде. Осыған байланысты сандық, оның ішінде жерсеріктік телевизияға қосылуды ұсынатын операторлар пайда болып отыр.  Осы орайда,  қарапайым адамдарға осы қызметті  таңдауда қателеспеу жолдарын да айта кетсеңіз.

- Таңдау қызметі қала  тұрғындары үшін өте көп. Мысалға, желілік оператор қамтымайтын шалғайдағы аудандардың тұрғындары туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл жай түсінікті, өйткені,  оларға коммерциялық тұрғыдан тиімді емес. Сандық телевизия іске қосылғанға дейін шалғайдағы елді мекен тұрғындары үш-төрт  отандық арналарды көргені ешкімге құпия емес. Республикамыздың шалғайдағы аудандарындағы тұрғындарды ақпаратты қамту мақсатында Елбасының тапсырмасы бойынша  сандық телевизияны таратудың бірінші кезеңі болып табылатын «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясы іске қосылған болатын. Жерсеріктік телевизия елдің 100 пайыз аумағын қамтиды және осылайша барлық қазақстандықтарға еркін қолжетімді 50-ден астам отандық және ақылы топтаманы қосу барысында 100-ден астам телерадио арналарын ұсынады.
Телевизия операторын таңдау барысында бірінші кезекте Қазақстан Республикасының аумағында телевизиялық және  радиохабар таратуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге лицензияның болуына назар аудару керек. Қазақстандық операторлар  жаңа жұмыс орындарын ашады және мемлекеттік бюджетке салық төлейді, бұл ретте біздің экономикамыздың және отандық телевизияның дамуына өзінің үлесін қосады. Сонымен қатар, шетелдік операторлардың телетоптамаларында қазақстандық телеарналар жоқ. Жерсеріктік және желілік хабар тарататын қазақстандық оператор өзінің шетелдік әріптестеріне қарағанда қазақстандық та, шетелдік те телеарналарды таратады. Шетелдік операторды таңдау барысында қазақстандық азаматтар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінен шектеледі.  

«Елімізде сәлафи ағымына заң жүзінде тыйым салынуы керек» -

Облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті», «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестіктері «Бүгінгі күнгі діни ахуал және тұрақтылық» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Осы орайда, Ақтөбедегі лаңкестік оқиғадан кейін елімізде үлкен пікір туғызып отырған бұл өзекті мәселеге құзырлы органдармен бірге қоғамдық ұйымдардың да жете көңіл бөлуі құптарлық жай. Өйткені, ортақ үйіміздегі тыныштық пен бірлік баршамызға қымбат.

Шараға қатысқандар Ақтөбедегі лаңкестік салдарынан қаза тапқан жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов бүгінде қоғам үшін өзекті мәселеге айналып отырған діни экстремизм жайын адамдарға, оның ішінде жастарға түсіндіру, теріс ағымдардың ықпалына түсуден сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталды. Қазіргі күні құзырлы органдар еліміздің аумағында сәлафилердің жұмысына тиым салуды көздейтін заң жобасын дайындауда. Осы орайда, азаматтар өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, оны өкілетті органдардың назарына ұсынудың мәні зор. Дөңгелек үстел барысында айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстардың бәрі хатталып, құзырлы органдардың назарына ұсынылмақ.

Бүгінде өздерінің экстремистік көзқарастарымен айналасындағы жұрттың мазасын алып, еліміздің тыныштығына қатер төндіріп отырған сәлафи дегендер кімдер және олардың ұстанған жолы қандай деген мәселе төңірегінде  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қанат Қыдырмин жан-жақты әңгімелеп берді. Бұл ағымның атауы  «сәлаф - пайғамбар заманы» деген сөзден алынған екен. Пайғамбарды көзі көргендер сахаба, ал  оларды көргендер тәблиғин деп аталады. Пайғамбардан кейінгі үш буын өкілдері ислам дініндегі ең сенімі берік және таза мұсылмандар болды. Сәлафилердің өз ағымдарын осылайша атауына «Пайғамбар заманындағыдай таза дінді ұстанушылармыз» дегенді білдіру ниеті жатқан сияқты. Аты осындай дардай болғанымен, іс жүзіне келгенде сәлафилер теріс жолды ұстанады. Олар барша мұсылман ұстанып отырған төрт мәзхабты мойындамайды, Пайғамбар заманындағыдай мәзхабсыз жолмен жүреді.

Қазақстанға уахабизм немесе сәлафизм идеясының келуі өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан басталады. Сол тұста әркім өз бетімен Пәкістан, Египет, Сирия сияқты елдерге барып оқып немесе мешіт жанында болып дін үйреніп жатты. Олардың көбі сол елдерде белең алған уахабизм идеологиясын саналарына сіңіріп, елге оралған соң оны халыққа таратты. Алғашында кітаптар, буклеттер шығарып таратса, кейін келе интернетті пайдаланды. Бұған бір жағы сол тұстағы еліміздің дінге қатысты заңдарымыздың жұмсақтығы да елеулі ықпалын тигізді. Оған қоса, қажылыққа барып келетіндер арасында да аз уақыттың ішінде көзқарастарын өзгертіп, уахабизм идеясы дертіне шалдығатындар байқалуда. Қажылықты да сәлафилер осылайша өздерінің теріс мақсаттарын орындауға пайдаланып жатқан жайы бар.

2000-шы жылдардың басында елімізде тұңғыш рет Хизб-ут тахрир қоғамының өкілдері сотталып, олардан ел қауіпсіздігіне қатер барлығын түсінген құқық органдары заңды қатайтуға және зиянкес ағымдарды бақылауға алуға көңіл бөле бастады. Осы орайда, елімізде ашылған дін қызметкерлерін даярлайтын Нұр-Мүбәрәк университетінің мәні зор болғаны анық. Бұрын шетелдерден оқып, саналарына түрлі теріс идеяларды сіңіріп келетін жастарымыз сондай залалды идеяларды жұртшылыққа тарату қаупін төнгізетін болса, ендігі арада өз елімізден ашылған діни жоғары оқу орны жер-жерден көптеп бой көтере бастаған мұсылман мешіттерін білімді, көкірек көзі ашық имамдармен қамтамасыз етуге игі ықпалын тигізуде.
Облыстың өкіл имамы Қанат Қыдырминнің айтуынша, мешіттер мүфтият белгілеген төрт бағытта мақсатты және тұрақты жұмыс жүргізуде. Ол бағыттар: оқу-ағарту жұмыстары, уағыз айту, қайырымдылық шаралары және теріс ағымдармен жұмыс істеу. Соңғы кезде орталық мешітке бірқатар білімді де білікті ислам дінін жетік білетін теологтар келген. Сауд Арабиясында оқып білім алған дін саласын жетік білетін Дінмұхамет Сманов, Нұрлан Бақбасаров және «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығының басшысы Қанат Алшынбаев сияқты тео-лог мамандар аудандарға шығып, халықпен кездесіп түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыр.
Көкшетауда бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы қатерлі теріс ағымдарға қарсы нәтижелі жұмыс та жүргізіп келеді. Өткен жылы орталық 10 жобаға қатысып, екі жүзден астам лекциялар оқыған екен. Осы шараларға барлығы 12 мыңдай адам тартылған. Орталық жүргізген осындай игі шаруалардың нәтижесінде елуден астам адам теріс көзқарастарынан қайтып, олардың біразы дәстүрлі ислам дініне оралған. Биыл да «Насихат» орталығы бес жобаға қатысып, бұл бағыттағы жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Дөңгелек үстел барысында Краснояр мешітінің имамы Науан Мұталов, «Ақжол» партиясы төрағасының орынбасары Бақыт Смағұл, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары  Жақсылық Ақтанов, облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Болат Қасенов сияқты шараға қатысушылар да ислам дініндегі теріс ағымдар, оның залалы мен сақтану жолдарына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ол ой-пікірлердің негізі еліміздегі лаңкестермен күреске қатысты заңдарды қатайту және сәлафи ағымының жұмысына тиым салатын заң қабылдау керек деген тұжырымға тоғысып жатты. Шара барысында қозғалған ой-пікірлер мен ұсыныстар өкілетті органдардың назарына ұсынылмақ.

«Прокуратура органдарына жұмысқа қабылдау талабы күшейтіледі» -

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов прокуратура органдарына қызметке алудың жаңа тәртібі жөніндегі жобаның тұсаукесерін өткізді. Онлайн режимінде өткен бұл шараға облыстық және аудандық прокуратура қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдарының өкілдері, заңгер мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер қатысты.

Бас прокурордың айтуынша, прокуратура органдарын өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын және оны жетік білетін білікті мамандармен қамтамасыз етуде біраз күрделі мәселелер бар. Жыл сайын осы салаға 300-дей жас маман қабылданады екен. Ал, еліміздің жоғары оқу орындарын заңгер мамандығы бойынша жылына  30 мыңға жуық жас бітіріп шығады. Олардың 60 пайызы прокуратура саласында қызмет істеуге ынталы. Яғни, бір орынға  60 үміткерден келеді деген сөз. Мұндай жағдайда әрине, солардың арасынан ең үздігін таңдап алуға мүмкіндік бар. Бірақ, соған қарамастан, прокуратура органдарына келіп жататын жас мамандардың арасында өз жұмысын дұрыс білмейтіндер, арақ ішіп, пара алу, қылмыс жасау сияқты жаман әдеттерге бейімдері де кездесіп қалады. Мәселен, соңғы екі жылдың ішінде прокуратура органдарынан он жас маман қызметінен шығарылған. Олардың арасында арақ ішіп, көлік апатына жол бергендері, пара алғандары, тіпті, қылмысқа барғандары бар. Осы жайлардың бәрі прокуратураға жас мамандарды қабылдау кезінде жол берілетін олқылықтардың салдарынан болған жағдай екені анық. Осы орайда, соңғы екі жылда прокуратураға маман қабылдауға мораторий жарияланып, қызметкерлерді алудың жаңа тәртібін жасау қолға алынған еді.

Сөйтіп, Назарбаев университеті, «Deloitte» және «PricewaterhouseCoopers» компанияларының қолдауымен қызметкерлерді іріктеудің жаңа жобасы жасалды.
Еліміздің Бас прокуроры мамандарды іріктеудің жаңа тәртібі жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді. Ендігі уақытта ол екі кезең бойынша жүргізіледі. Бұрын жас мамандарды жұмысқа қабылдауға негіз болған төрт шарт болашақ маманның шынайы бет-бейнесін толық ашуға мүмкіндік бермейтін. Заңдарды білу деңгейін айқындайтын тестілеу мен әңгімелесуден өтіп, қысқаша өмірбаянын, еңбек жолын жазып, медициналық тексеруден өткендігі жөніндегі анықтаманы  берсе болды соған қарап қабылданатын. Ендігі арада мамандарды іріктеуде олардың білімі мен біліктілігі ғана емес, қоғамдық көзқарасы, ой-мақсаттары сияқты жеке адам ретіндегі мінез-құлқын толыққанды анықтайтын жайлар да қамтылатын болады. Мәселен, үміткер бес жүз жолдық эссе жазып беруі тиіс. Ол үшін көркемсөзбен өз ойын шебер бере алатын қабілеті болуы қажеттігі анық. Сондай-ақ, заң шеңберінде түрлі мәселелерді қалай шешуге болатынын тоқсан минут ішінде нақты түйіп жазып шығуы қажет. Сонымен бірге, жүз сұрақтан тұратын психологиялық тестілеуден өтеді. Бір сөзбен айтқанда, жас маман іріктеу сынақтарынан өткен кезде білімі мен біліктілігі, көзқарасы, қарым-қабілеті, адами қасиеттері бар қырынан толыққанды танылатын болады. Бұл прокуратура органдарын сапалы да білікті мамандармен толықтыруға игі ықпалын тигізбекші.
Еліміздің Бас прокуроры екі жылдан бері қолданылып келген мамандарды қызметке қабылдауға қойылған мораторийдің тоқтатылатындығын, ендігі арада жаңа тәртіп бойынша прокуратура органдарына мамандар іріктеу қолға алынатындығын мәлімдеді.

«Партия қатары толықты» -

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында Астана күні мерекесі қарсаңында салтанатты түрде партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова, қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Той дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты Михаил Чирков  тапсырды. Халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелерін Мемлекет басшысының жетекшілігімен игі істер атқарып отырған ауқымды саяси ұйым қатарына қабылдануларымен құттықтап, сәттілік тіледі.

- Елімізде жасалып жатқан  ілкімді істердің  көбі партияның бастамасы. Сол себепті,  елімізді келешекке жетелейтін партия мүшелері атанғандарыңызға қуаныштымын. Бүгінгі күні еліміз қарқынды даму үстінде. Бұған республикамыздың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атануы дәлел бола алады. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі, - деді Михаил Чирков.
Содан соң  аталмыш серіктестікте құрылған бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Екатерина  Чевелюк сөз сөйлеп,  жүктелген барлық міндеттерді мүлтіксіз орындауға уәде берді.

«Бейбіт Ыстыбаев - үш мәрте Қазақстан барысы» -

ал, ақмолалық балуандар алғашқы белдесуде-ақ жарыстан шығып қалды. Неге?..

Қазақ күресінің дүбірлі додасы «Қазақстан барысы» республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Астана қаласының төріндегі «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 34 балуан қатысты.

  Біздің облыстық іріктеуден өтіп, үкілеп қосқан қос балуанымыз - Мереке Тұрашев пен Леонид Станеев жарысқа желпініп барғанымен жеңіліп қайтты. Екеуі де алғашқы айналымнан әріге бара алмады. Жеребе жолдас болмады дейін десең,
Мереке Тұрашевтің қарсыласы ақтөбелік Дархан Темірхановтың салмағы біздің балуаннан екі-ақ келі жоғары. Мереке 103 келі болса, Дарханның салмағы 105 келі. Айтарлықтай айырмашылық жоқ. Балуанымыз боз кілемге шыққанда велотректегі көкшетаулық жанкүйерлер Мерекенің тілеуін тілеп отырдық. Алғашқыда екі бүк ұпаймен жеңіп келе жатты. Алайда, Дархан да екі рет бүкке түсіріп, қос ұпаймен таразы басын теңестірді. Енді не болар екен деп алаңдап отырғанымызда, таза жеңіспен балуанымызды жер құштырды. Санымызды соғып өкінгенімізбен, ендігі үмітті Леонидтен күттік. Оған салмағы 160 келі тартатын Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазар  Ерсұлтанов кезікті. Көңіліміз су сепкендей басылды. Себебі, біздің балуанның салмағы небары 90 келі. Күш тең емесі айқын көрініп тұр. Белдесу басында Леонид Жұманазарды бүк түсіріп, бір ұпай алғанда аздап үміт пайда болғандай еді. Бірақ, Жұманазар алдымен жартылай жеңіспен, содан кейін таза жеңіспен балуанымызды бір емес екі мәрте жықты. Қарсыластың бәрін қапы қалдырған биылғы жылдың «Қазақстан барысы» атағын тағы да Бейбіт Ыстыбаев жеңіп алды. Бейбіт осыған дейін 2012 және 2015 жылы «Қазақстан Барысы» атағын алған болатын. Күміс белбеуді иеленген Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазардың еншісінде осыған дейін «Қазақстан Барысы» турнирінің қола белбеуі бар. Ал, үшінші орын алған жамбылдық Айбол Айтбек биыл бірінші рет жүлдеге ілікті.
Бірінші орын алған Ыстыбаевқа 25 000 000
теңге, алтын тайтұяқ және Астана қаласынан бір бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.  Екінші орын алған Ерсұлтановқа
5 500 000 теңге, үшінші орын алған Айтбекке 1 800 000 теңге көлемінде сыйлық берілді.

Біздің балуандарымыз барын салып-ақ еді, әттең салмақтары аз болды, абайсызда жеңіліп қалды деген сияқты жұбатулар айтуға болар еді. Бірақ, бір емес бірнеше рет облысымыздан барған балуандар алғашқы айналымда-ақ жеңіліп жатады. Ал, биылғы жарыста тұтас елдің көзайымына айналған Жамбыл облысының балуаны 90 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген Дәулетхан Жақыпов ширек финалда үш мәрте Қазақстан барысы атанған салмағы 140 келі Бейбіт Ыстыбаевты әуре-сарсаңға салғанына куә болдық. Оның үстіне Дәулетхан 7 рет боз кілемге шықса, Бейбіт бес-ақ рет белдесті. Содан ба, әлеуметтік желі мен ел ішіндегі алып-қашпа сөздерге құлақ ассақ, төрешілер Бейбітке бүйрек бұрып, жас балуанның тауын шақты деген пікірлер де бар. Ал, біздің Леонидті бір жартылай, бір таза жеңіспен ойсырата жеңген Жұманазар мен Айбол Айтбек ширек финалда 5 минут күресіп, бірін-бірі ала алмады. Ақыры қосымша уақыт - қоян-қолтық белдесуде салмағының ауырлығының арқасында Жұманазар жеңіске жетті. Онымен белдескен Айбол Айтбектің салмағы 92 келі ғана екен. Осыған қарасаң, мәселенің бәрі салмаққа келіп тірелмейтін сияқты. Бап, айла-тәсіл, күш пен жігер керек.
Жамбыл облысынан келген үш балуан да жарыстың ақтық сынына дейін күресіп, тамаша өнер көрсетуінің бір себебі, оларда арнайы мамандандырылған қазақ күресі клубтары бар. Демек, олар ұлттық спортқа, соның ішінде қазақ күресіне көбірек көңіл бөліп, дамуына көп үлес қосып отыр. Тіпті, Бейбіт Ыстыбаевтың өзі болашақта жеке қазақ күресі клубын ашып, шәкірт тәрбиелемекші екенін айтып өтті. Соған қарағанда, біздің балуандарымыздың бағының жанбай жүргені ұлттық күресімізге дұрыс көңіл бөлмеуімізден, шәкірт тәрбиелей алмауымыздан, талабы бар жігіттерді таба алмай, тапсақ баптай алмауымыздан болып отыр десек, шындықтан алыс кетпейміз.

«Астана тойына ақмолалықтар тартуы» -

Астана күні мерекесі қарсаңында облысымызда 55 нысан пайдалануға берілді. Ақмолалықтар арайлы Астанамызға 18 жыл толған осы бір мерейлі күнді естерінде ұзақ уақыт бойы сақтайтын болады. Шілденің бірінен бастап аймақта шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп, әлеуметтік салаларда, сондай-ақ, балалардың  демалыс ұйымдарында жаңа нысандар бірінен соң бірі ашыла бастады. 

«Алдымен Жаңа әлеуметтік нысандар» -

4 шілде күні облыс әкімінің қатысуымен үш бірдей нысан салтанатты түрде ашылды. Зеренді селосында орталық жаңа емхана село тұрғындарын қабылдауда. Бұл емхана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Денсаулық сақтау саласындағы 350 нысан» тапсырмасы аясында салынып, пайдалануға берілді. Өңір басшысы Зеренді селосының тұрғындарын жаңа да жайлы, медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген емхананың нақты қамқорлық екендігін атап айтты. Әр ауысымда 250 адамды қабылдай алатын емхана бүгінгі күннің талаптарына толық жауап береді, әрі жаңа нысанның пайдалануға берілуі 116 село тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Емхананың құрылысына 1,4 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Бүгінгі күні ауданда 37 мың адам тұрады. Жыл сайын 750 сәби өмірге келуде. Дәл осы күні ауданның

Троицк селосында дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұған дейін село тұрғындары медициналық көмекті толық ала алмай келген болатын. Ендігі арада заман талабына сай қаралуға, емделуге толық мүмкіндік бар. Селодағы дәрігерлік амбулатория әрбір ауысым сайын
25 келушіні қабылдай алады. Өңір басшысы ғимаратты аралап көргеннен кейін село тұрғындарымен кездесіп, Астана күні мерекесімен құттықтады. Бүгінгі таңда Троицк селосында 2700 адам тұрып жатыр. Жаңа дәрігерлік
амбулатория төңіректегі 10 елді мекеннің тұрғындарына қызмет көрсететін болады. 

 «Одан әрі Жаңа пәтерлер қуанышы» -

Көкшетау қаласының 60 отбасы мерейлі мерекені жаңа пәтерлерінде қарсы алуда. Шілденің 4-і күні облыс әкімі Сергей Кулагин әрқайсысы отыз пәтерлі екі тұрғын үйдің кілтін тапсырып, қуанышты еселей түсті.

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекетімізді барлық қазақстандықтарға ортақ үлкен үй есебінде тұрғызуда. Онда өмір сүруге барлық қолайлы жағдайлар туғызылған. Ал, әр шаңырақты жекеменшік пәтерлермен және үйлермен қамтамасыз ету үшін орасан зор жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, көптеген санаттағы ел тұрғындарының қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Бұл арада аса маңыздысы әрбір адамның жұмыс істеп, қаражат тауып, мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалана білуінде. «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үйлердің салынып, пайдалануға берілуі біздің қаламыздың тұрғындары үшін айрықша маңызды әрі қуанышты мереке, - деп атап өтті облыс әкімі жаңа қоныстың иелерімен жүздескен сәтінде. Жаңа қонысқа ие болғандардың ішінде Нұргүл мен Ойрат Сұрағановтар да бар. Олар енді үш бөлмелі пәтерде тұратын болады.

-2011 жылдан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкі» акционерлік қоғамының салымшылары болып келдік. Бес жыл бойы бағдарламаның шарттарын бұлжытпай орындадық. Енді міне, көптен күткен арманымыз орындалып, жаңа пәтерге ие болып отырмыз,-дейді отағасы.

Үстіміздегі жылы облыс орталығында 75,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 21,6 мың шаршы метрге көп. Оның ішінде 6 мың шаршы метрі немесе 90 пәтер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде салынды. Жыл соңына дейін 500 пәтерді табыс ету жоспарлануда. 90 жас отбасын жайлы да жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету көзделген. Ал, тұрғын үй құрылыс банкінің салымшыларына (171 пәтер) беріледі.

«Бестөбе кентіне де сапалы ауыз су келді» -

Степногорск қаласының әкімі Әнуарбек Күмпекеев мереке қарсаңында кент тұрғындарымен бірге қуанды. Ел үшін айрықша маңызды мәселенің оңынан шешіліп, жергілікті жұртшылықтың зор қуанышқа ие болған сәтіне ортақтасты. 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде соңғы үш жыл бойы «Бестөбе кентін сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылды.

Осы уақыт ішінде құрылыс компаниясы 95 шақырым су жүйесін салып шықты. 15,2 шақырым магистральді су жүйесі және кент ішінде 79,8 шақырым су тарату жүйесі іске қосылды. Үстіміздегі жылдың жаз маусымында тұрғын үй секторы мен әлеуметтік маңыздағы нысандарға су жеткізу жұмыстары жүзеге асырылды.
Осы жұмысқа республикалық бюджеттен 1 миллиард 718,9 миллион теңге қаражат бөлінді. Сөз арасында кент тұрғындары 22 жыл бойы тазалығы күмәнді, кей кезде тіпті санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін ауыз суды тасып ішкендігін айта кету керек. Су құбырының пайдалануға берілуі Бестөбе кентінің барлық тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

«Атбасарда - элеватор,  жақсыда - шұжық цехы» -

Атбасар ауданында 35 мың тонналық элеватор кешені пайдалануға берілді.

Жақсы ауданында «Айбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шұжық өнімдері цехы мен ет өнімдерін дайындайтын цехты пайдалануға берді.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында жаңадан 10 жұмыс орны ашылды. Жұмысшыларға тұрақты еңбекақы төленеді. Инвестиция көлемі 150 миллион теңгеден астам қаржыны құрап отыр. Мұнда өндірілген өнімдер сұранысқа ие.

 ««Достықта» 300 бала дем алатын болады» -

Сандықтау ауданындағы Приозерное селосында мереке қарсаңында «Достық» балалар сауықтыру орталығы ашылды. Жаңа мекеме осындағы орта мектептің жанында салынды. Мұнда бір ауысымда елу балаға дейін тамаша табиғаттың аясында алаңсыз дем алып, денсаулықтарын шынықтыра алады. Жаз маусымында 300-ден астам баланы қабылдау жоспарланған. Олардың арасында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың жеткіншектері, жетім, мүгедек балалар тәрізді топтар бар. Білім ошақтарының үздік оқушылары да осында.
Балалардың сауықтыру орталығын ашуға 9 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Осы қаржының арқасында балалардың демалыс маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыруға барлық мүмкіндік туғызылған. Жанға жайлы жатын бөлмелерімен бірге кітапхана, компьютер сыныбы, ойын алаңдары да кірпияз көңілдің талабына толық жауап бере алады. Орталықта спорт алаңы, мәдени ойындар өткізілетін сахна да бар. Көл жағасында барлық талапқа сай жағажай орналасқан.

«Астананың 18 жылдығына - 18 көше тренажері» -

 Астананың 18 жылдығына орай Целиноград ауданының 18 селолық округінде 18 көше тренажерлері пайдалануға берілді.
Әрбір селода салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысуға мүмкіндік туғызылды. Село тұрғындары ендігі жерде воркаут стритпен айналыса алады. Воркаут дегеніміз халықаралық жастар қозғалысы. Ол қозғалыс көше жаттығулары атауымен белгілі. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 5 миллион 200 мың теңге қаражат бөлінді.

«200-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылды» -

Бурабай ауданында қайырымдылық акциясы шеңберінде 250 жетім, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын қамтитын Дельфинарий өткізілмек. Бұл тәуелсіз мемлекеттер достастығында бірінші және жалғыз кешен. Бұл жерде балалар теңіз хайуа-наттарын, екі қара теңіз дельфинін, белуха китін, үш теңіз мысығын тамашалай алады. Гастроль 2015 жылдың мамыр айынан бері еліміздің барлық өңірлерінде өткізілуде. Көрермендер залы 550 келушіні қабылдай алады.
Жоғарыда айтқандай, аймақта тұтастай алғанда 55 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде селолық жердегі жиһаз цехтары, қоғамдық монша, сауда үйлері, балалар алаңдары бар. Бұл нысандардың пайдалануға берілуі аймақтың 200-ден астам тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

«Көптің тілегі - ізгілік пен бірлік» -

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы Науан Хазірет атындағы орталық мешітте болып, Ораза айты намазына жиналған жамағатты ислам дінінің ізгі мейрамымен құттықтады.

Облыс әкімімен орталық мешітте облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары және Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды. Қасиетті  Рамазан айы да аяқталып, мұсылмандар үшін ұлық мерекелердің бірі саналатын Ораза айты басталды. Таңертең Науан Хазірет атындағы орталық мешітке айт намазына жиналған адамдар көп болды. Облыс басшысы жиналған жамағатты Ораза айтымен құттықтады. «Біздің еліміздің басты байлығы - бірлігіміз бен татулығымыз. Мұның бәрі Елбасымыздың бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында қол жеткен жетістік. Осындай саяси және әлеуметтік тұрақтылығымыздың арқасында еліміз экономикалық жағынан қарқынды дамып келеді. Біздің облысымызда Астана күні қарсаңында көптеген жаңа әлеуметтік, өндірістік нысандар ашылып, іске қосылуда. Кеше ғана Зеренді ауданында жаңа емхана ашылса, Көкшетау қаласының біраз тұрғындары жаңа пәтерге ие болып, қуанышқа кенелді» - дей келе, облыс әкімі қол жетіп отырған осындай жетістіктердің бәрі еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың арқасы екендігін айтты және адамдарды бірлікке, қайырымдылыққа бастайтын ислам дінінің рөлін атап өтті. Рамазан кешірім айы екендігін, өңірімізде қайырымдылық шараларына белсене қатысатын кәсіпкерлердің аз еместігін тілге тиек етіп, жиналған қауымға Ораза айтында игілік пен жақсылық, береке-бақыт тіледі.

Бұдан кейін облыстың өкіл имамы Қанат Қыдырмин жиналған қауымды құттықтап, одан әрі имамның жетекшілігімен айт намазы басталды. Айт намазынан кейін мешітте кішкентай балалар мен ата-аналарына арнап айт дастарханы жайылды.

Ал, шілденің тоғызы күні шыққан газеттің кезекті санында мына мақалаларды оқиаласыдар

«АРҚАНЫҢ АРҚАЛЫ АҚЫН ҚЫЗЫ» -

Рысты Шотбаева Қараөткел өңірінің мақтанышына айналған, соңында мол əдеби мұра қалдырған қалам иесі. Таяуда Сабынды ауылында ақын апамызды еске алу кеші болып өтті.

Кешті ұйымдастырған қорғалжындық өнерпаз Бөлеген Тыныбеков. Ұйымдастырушылық деңгейі жоғары болғандықтан ба, Сабынды мектебіндегі мəдени шара қызықты жəне тартымды өтті. Əнмен, бимен өрілген жа- расымды əңгіме жалықтырмай, жұртты тарта түсті. Қорғалжын өнерге бай ел. Ағайынды өнерпаз жігіттер Мақсат пен Қанат Аб- зеловтар тойдың сəнін келтірді. Жергілікті композитор Марат Əлімжановтың «Қорғалжыным» əні кештің өзегіне айналғандай əсер қалдырды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рысты Шотбаева өмір бойы Ақмола облысының бір кездегі Сілеті ауданында тұрған кісі. Өскелең ұрпаққа тəлім-тəрбие бере жүріп, қолынан қаламын тастамай тер төкті. Бұл тура- лы Бөлеген аға ағынан жары- ла əңгімеледі. Ақынның 1973 жылы алғашқы тырнақалды еңбегі есебінде «Ереймен етегінде» кітабы жарық көріпті. Ақын апамыздың жазушылық қырының да осал болмағанын бірнеше драматургиялық туындылары- нан аңғаруға болады. Олардың қатарында «Енелер мен келіндер», «Егіз ұл», «Қасірет пен бақыт» пьесалары бар. Сатиралық шығармалары да өз алдына бір төбе. «Жалқаудың жазасы», «Көк қарындаш» сияқты туындылары кезінде оқырман тарапынан жоғары бағасын алған. Рысты апамыздың көптеген өлеңдер жинағы, поэмалары орыс тілінде басылып шықты. Ал, айтулы поэмаларының ішінен «Бөгенбай батыр», «Əділ үкім» сияқты ту- ындыларын ерекше айтуға бола- ды. Рысты Əбдірахманқызының туған өңірі Сабынды ауылы. Шырайы келіскен бұл кездесуде Сабындының төлтума азаматтары ақын апаларының елге жиі келгенін, еңбектерімен жұртқа танылған Тəттібала, Наталья Геллерт сияқты еңбек адамдары туралы да өлең- жырлар, мақалалар жазғанын мақтанышпен еске алды. Ол дүниелері кезінде облысымыздың маңдайалды газеті «Арқа ажарында» талай басылған-ды. Осы газетте Рысты Шотбаеваның бірқатар по эмаларыныңда тұсауы кесіліпті. Алқалы жиында Қорғалжын аудандық мəдениет бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Шалғынбаев əдеби кешке жол ашқан ел аза- маттары мен ақынның балала- рына зор ризашылығын білдірді. Аналарының шығармашылық еңбегі жайлы Шолпан, Алма, Роза есімді қыздары, немересі Ақбота жерлестерімен сыр бөлісті. Тіпті, олар ақынның өзі шығарған бірнеше əндерін де орындап берді.

«Тіл - достықтың тірегі» -

Мемлекеттік тілді өз ана тіліндей меңгеріп алған өзге ұлт өкілдерінің арасында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Снежана Кузнецова да бар.

  Жас ару Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледждің екінші курс студенті. Оның мемлекеттік тілге де- ген шынайы құрметі мен сүйіспеншілігі бала кезінен қалыптасыпты. Мектепті қазақ тілінде тəмамдаған, өз халқының мəдениетімен қатар қазақ халқының барлық əдет-ғұрпын санасына сіңірген. Бір қызығы, отбасы мүшелерінің ешбірі қазақша сөйлемейді екен. Анасы На- талья қызының тілді меңгеруге деген құлшынысын құптап, əрдайым көп тіл білгеннің ой-өрісі, дүниетанымы кең болатындығын айтып отырады. Осылайша Снежана өзінің қабілеттілігінің арқасында тілді тез меңгеріп алыпты. Алғашқы ұстазы Дəметкен Арыстанова оқушысының талабын қолдап, қарым- қабілетін жетілдіруге барынша көңіл бөліпті. Одан басқа, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Гүлжан Əлмағамбетова тіл ұстартуына елеулі үлесін қосқан. Талапты жас қазақтың бас ақыны Абайды сүйіп оқиды. Біршама өлеңдерін жатқа білетін ол «Абай оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Талай додаларда топ жарып жүрсе де əр байқаудың ол үшін жөні бөлек. Өйткені, ауданның үкілеген үмітін арқалап бару оңай емесі анық. Адамды орта тəрбиелейді ғой. Оның құрбылары да қара көзді Ажаргүл, Гүлімай жəне Ботагөз есімді аруларымыз. Кез- дескенде қазақша шүйіркелесіп, оқыған кітаптары жөнінде ой бөліседі екен. Тілі жатық, қазақшаны қайсыбір қазақтардан артық сөйлейтін Снежана мемлекеттік тілді əрбір қазақстандық меңгеруі тиіс деп біледі. Ол халықтың мəдениеті, салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрпын білу тіл арқылы жүзеге асатынын айтады. - Мен үшін қазақ тілі əлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, ажарлы тілдердің бірі. Сол себепті, əр еліміздің патриоты тіл жанашырлары қатарынан табылғаны дұрыс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі баршаны біріктіретін, жас- т а р д ы ж а қ ы н д а с т ы р ат ы н т ат ул ы қ тіліне айналуы тиіс» деген сөзімен толықтай келісемін. Сонымен бірге, қазақ əдебиетінің жауһарларын оқыған адам тілді тез меңгеріп алуға бір табан жақын болатынын ескерген жөн. Оған қоса, бұл ұлттың мəдениетін түсінуге септесіп, жан дүниенің нұрлана түсуіне əсер етеді. Мен қазақ тілін білгенімнің арқасында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен аудармасыз танысқаныма қуаныштымын, - деп Снежана ағынан жарылды. Қазір е с епші мамандығының қыр-сырын үйреніп жүрген ару болашақта қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі болуды армандайды. Сол себепті, ұдайы өзін-өзі жетілдіреді. Қазақ тілінде газет-жур- налдар жəне кітаптар оқиды. Осылай- ша ол мемлекетік тіліміздің мəртебесін асқақтатпақ. Сөзбен емес, əрине, іспен.

«Ауылдастары Мәдина дейді» -

Вера Аманжолованың ұлты украин. Тың игеру басталмай тұрып, ата-анасымен Украинадан Зеренді ауданына қарасты Игілік ауылына көшіп келіпті.

Сол кезде небары 14 жаста екен. Алайда, заман ерте есейтіп, бұғанасы қатпай еңбекке араласқан көрінеді. Бүгінде Вера əже жетпіс бес жастың биігіне шықса да, өзін əлі тың сезінеді. Сөзі ширақ, ойы жинақы. Балалық шағын күрсіне еске алады. Сол қиын қыстау кезеңде жас қыз мектепте еден жуушы, кейін колхозда бұзау бағушы, сауыншы бо- лып жұмыс істеген. Оқуын да аяқтай алмап- ты. Бар-жоғы төрт-ақ сыныптық білімі бар қыздың алдына қойған мақсаты аз емес-ті. Дегенмен, жоқшылық қол байлаған заманда, оған жету оңай болмаған. Қара жұмыс атаулының қай түрі бол- масын білек сыбана кірісіп, бар уақыты ертеңгі күннің қам-қарекетімен өтетін. Əрине, пенде болған соң қаншама жайтты бастан өткересің. Уақыт тұлпар зымырап, жыл артынан жыл өтіп жатты. Он сегіз жасында Омар Аманжоловқа тұрмысқа шығып, жеті бала сүйді. Отбасына Кене- сары ауылында үй беріліп, Вера əже үй шаруасымен қоса жұмысын қатар атқарып, кішкентай сəбилерін тəрбиеледі. Өткен өмірге ой жүгірткен əжей кішкентай кезінде қазақ жеріне көшіп келгеніне қуанатынын жасырмады. Оның айтуынша, ес білгелі қазақтардың арасында өмір сүрген соң тілді, салт-дəстүрлерді меңгеру оншалықты қиынға соқпапты. Ол халқымыздың ұлттық тағамдарының қай-қайсысын болмасын да- йындауда алдына жан салмайды. «Қонақ келсе - құт» деп білетін əжей əр мейманға ақ дастархан жайып, айрықша ілтипат көрсетеді. Əсіресе, ауылдың жеткіншектері оның əзірлеген құртын сүйсініп жейтін көрінеді. Қазір мал ұстауға жағдайы болмаған соң қазақтың ұлттық сүт тағамдарын жасаудан да қол үзіп қалған. Əңгіме арасында Вера əжей үлкен-кіші демей тұрғындардың барлығы оған Мəдина деп ат қойып алғанын күлімсірей жеткізді. - Маған сен украинсың деп ешкім бетіме басқан емес. Мен де өзімді украин емес, қазақтың қызымын деп санаймын. Əлбетте, қиын-қыстау кезде бауырларына басып, қолдау көрсеткен елге алғысым шексіз. Қазақтың бауырмалдығы, қонақжайлығы өзге халықтардан ерекшелеп тұратын асыл қасиет деп білемін, - деді ол. Ол əдемі қартаю үлгісін көрсетіп, немерелері мен шөберелерінің қызығын көріп отырған бақытты əже. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, шаңырақтың ал- тын діңгегі болып, барына тəубе етіп өмір кешіп келеді. Əрдайым елдің тыныштығы мен ұрпағының амандығын тілеп отырады.

«Барлығымызды ортақ мүдде біріктіреді» -

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған еркіндігіне жетіп, тарих сахнасынан өз орнын алды. Əлбетте, тəуелсіздік басымызға бірден қона қоймағандығын, оған жету үшін халқымыз талай тар жол, тайғақ кешулерден өткенін ұмытпауымыз керек.

Сонымен бірге, өсу мен өркендеудің əр белесін бағындырған қыруар жұмыстар атқарылды. Биылғы жыл атаулы даталарға жəне оқиғаларға толы жыл. Атап айтқанда, Жезқазған қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткен «Болашақтан естелік» халықаралық форумына қатысу мəртебе сі маған бұйырды. Бұл еліміздің тарихи жəне мəдени мұрасының орталығы санала- тын қасиетті Ұлытау жеріне алғаш аяқ басуым еді. Бойымды мақтаныш сезімі кернеп, ұлы дала көрінісі керемет əсерге бөледі. Менің ойымша мұндай мерекелік шаралардың халықаралық достық пен қарым-қатынасты нығайтып, ел тарихын білуге жəне құрметтеуде маңызы зор. Сондай мəнді əрі ауқымды шаралардың бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы бол- ды. Еліміздің жүрегі Астана қаласында отанын шексіз сүйетін азаматтардың ор- тасында өткен күндерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлығымызды ортақ мүдде патриотизм біріктіре түсті. Қазіргі таңда əр ата-ана баласын лайықты тəрбиелегені жөн. Жасөспірімдерге көңіл аудармау кейін опық жегізу мүмкін. Осы ретте, облыстық поляктар бірлестігі жас толқынды тəрбиелеуге баса мəн береді. Біздің барлық жобаларымыз аға буын өкілдері мен жастарды бір арнаға тоғыстыруға бағытталған. Со- нымен бірге, қайырымдылық шаралары да көптеп ұйымдастырылады. Бұл тек қаражат түрінде жүргізілмейді. Себебі, жомарттылық тек ақшамен емес, арнаған уақытпен өлшенеді деу орынды. Бүгінгі таңда қайырымдылық жұмыстарына бел- сене үлес қосушы азаматтардың қатары қалың. Қазақстан халқы Ассамблеясының жы- лына орай «KZ волонтерлері» орталығы ашылды. Еріктілер Краков қаласындағы халықаралық мектепте біліктіліктерін шыңдады. Сол кезде «Жақсылыққа жол» қайырымдылық жобасы да бастау алды. Жоба облыстық поляктар бірлестігі жастар қанатының бастамасымен өткен жылдың наурыз айында жүзеге асты. Бұл жобаның басты мақсаты - көмекке зəру балаларға қол ұшын беру. Жобаның бірінші шарасы Шучинск қаласындағы балалар үйінде өтті. Игі істен түскен қаражатқа балалар үйінің театр студия- сына құрал-жабдықтар сатып алын- ды. Оған қоса, жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған болатын. Ағымдағы жылы «Кəмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығы балаларды қолдау мақсатында оларға арналған кітаптар акциясын өткізді. Шара барысында поляк орталығының жас еріктілері өмірлік қиындықтарға ұшыраған жасөспірімдерге психо- логиялық көмек көрсетті. Барлығы 260 кітап тарту етілді. Халықаралық балалар күнінде 300-ден аса жасөспірімге мульт- фильм көрсетілді. Бұл жолы еріктілер кішкентай келушілерге мульфильмнен бөлек балмұздақ пен əуе шарларын да- йындап, шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Облыстық поляктар бірлестігі осындай келелі істерімен əрдайым таныла бермек. Игі шаралар болашағымыздың жарқын болатынының үлкен кепілі.

Людмила СУХОВЕЦКАЯ,

облыстық поляктар бірлестігі төрағасының орынбасары, поляк тілін оқыту орталығының жетекшісі.

««Этно» сан ұлттың биін билейді» -

Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Елімізді мекендеп келе жатқан əр халықтың өзіндік дəстүрі, ұлттық құндылықтары мен мəдениеті бар.

Осы ретте, би - əрбір ұлттың мінез- құлқын тануға көмектесетін əрі адамның өзінің айналасы- на деген іңкəр сезімінен туындаған үйлесімді қимылдар жиынтығы болып табылады. Елімізде тұратын барлық этностардың биін мың бұрала билеп, тек біздің өңірімізде ғана емес республикаға та- нылып жүрген топтардың бірі - «Этно» би тобы. Облыс орталығындағы Достық үйінде бұл топтың құрылғанына көп уақыт бола қоймаса да, өміршең өнерлері талай- ды тəнті етіп үлгерді. Олар əдемі əуенге қойылған билерімен талай сахнаның шырайын келтіріп жүр. Бүгінде би то- бында жетпіске жуық бала бар. Топтың жетекшісі Ирина Лобанованың айтуынша, əр бишіні би үйірмесіне қабылдағанда олардың икемділігіне, қозғалғыштығына баса назар аударылған екен. Тек сонда ғана жақсы нəтижеге қол жеткізуге бола- ды деген ойда. Содан ба балаларға талап қойып, дайындықтағы талпыныстарына қарайтын көрінеді. Би ұжымы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Олар өздерінің жеке залдарын- да аптасына үш рет дайындық жүргізеді. Ал, көздің жауын алатын костюмдері облыстық бюджет есебінен тігілген. Би өнерін насихаттап жүрген қыздардың ре- пертуары күннен-күнге ұлғайып, қанатын кеңге жаюда. Жас бишілер тобы көптеген байқаулардың жүлдегерлері. Мəселен, үстіміздегі жылы Алматы қаласында өткен Fashion House International сайысында еврей жəне өзбек биін орындап, «Ең үздік этнографиялық би тобы» аталымы бо- йынша марапатталды. Əділқазылар алқасы қыздардың кəсіби деңгейіне, ұжымның жаңашылдығына жоғары бағасын берді. Осылайша көкшелік «Этно» би тобы сынға түскен небір тəжірибелі топтардың арасынан суырылып шығып, өздерінің мықтылығын дəлелдеді. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас бишілердің талай жетістікке жетіп, шырқау биігінен көріне беретініне сенімдіміз.

«Қазақ тілінде сөйлейтін шəкірттеріміз өсіп келеді» -

Жыралыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген даналық сөзі бар.

Шыныменен, ел бірлігі болмаса, мемлекеттің да- муы жөнінде айтудың өзі қиын. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құтты мекенге тұрақтылықтың та- мырын жайғызған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, көрегендік танытты.  Ассамблея - бірлік пен татулықтың тірегі. Ол талай ұлт пен ұлысты бір ортақ мүддеге жұмылдырып, айналасына мейірім мен достық шуағын таратар қасиетті ордаға айналды. Əрбір ұлттың тегіне, дініне қарамастан, барлық азаматтардың құқықтарының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Осы бір тең құқылы конституциялық құрылымның өңірлік бір тармағының берекені молайтуда ықпалы мол. 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын елімізде мамыражай тірлік орнаса, ол Елбасымыздың сарабдал ішкі, сыртқы саясатының нəтижесінде іске асқанын айтқан дұрыс. Ассамблея институты əлемдегі ешбір елде жоқ құрылым. Бұл мақтануға тұрарлық дүние. 20 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл əлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін көрсетуде. Осылайша Елбасы ұстанған саясаттың өміршеңдігін дəлелдеді. Біздің облысымызда ассамблея жұмысы жақсы жолға қойылған. Этномəдени бірлестіктердің мүшелері қандай да болсын мерекелерден қалыс қалмай, түрлі мəдени жəне спорттық шараларды ұйымдастыруда белсенді. Мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі екенімді мақтан етемін. Сондай-ақ, татулығымыз бен бірлігімізді нығайта түсу жолында өз үлесімді қоссам деймін. Бүгінде Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің директоры ретінде жас өрендердің болашағы мені қатты толғандырады. Əрбір баланың бойында отаншылдық сезімі қалыптасса деймін. Қазіргі күні білім ошағында 193 оқушы оқиды. Олардың қырық пайызға жуығы əртүрлі ұлт өкілдері болып табыла- ды. Əлбетте, еліміздің кемел келешегі мемлекеттік тілмен байланысты екенін ешкім жоққа шығармайды. Сол себепті, оқушыларға қазақ тілін меңгертуге баса көңіл бөлеміз. Айтар болсақ, аптаның алғашқы екі күнінде балалар күні бойы қазақша сөйлеуі тиіс. Ал, сəрсенбі, бейсенбі күндері орыс тілін, жұма, сенбі күндері ағылшын тілін үйренеді. Əсіресе, мектеп оқушылары Анастасия Хорунтия, Виктория Кравченко, Диана Ошанованың қазақ тілін меңгеру деңгейі жоғары екенін қуанышпен құптай айтуға болады. Бірі мектепішілік концерттерде жүргізуші болса, бірі қазақтың əндерін тамылжыта шырқап, көрерменнің құлақ құрышын қандырады. Жаңа оқу жы- лынан бастап «Қазақ халқының шешендік өнері» үйірмесі өз жұмысын бастамақ. Бұл үйірме шеңберінде сирек ұшырасатын дарындылықты шыңдауға бел буып отыр- мыз. Оқу орнында əрбір шара қайталанбастай форматта өтеді. Мəселен, жыл сайын Наурыз мерекесі ерекше тойланады. Өткен жылы оқушылардың бастамасы- мен əр сынып бір ауылдың атымен ата- лып, тағылымы мол театрландырылған көрініс қойды. Олар ұлттық тағамдардың түр-түрі самсап тұрған ақ дастархан жайып, қазақтың ұлттық киімдерін киді. Бүгінде жастарымыз біле бермейтін салт-дəстүрлер жетерлік. Сол себепті, биыл балалар қазақ халқының рухани өзегі салт-дəстүрлерді жаңғыртты. Ме- реке мəнділігімен шəкірттер жадында қалды. Осылайша біз оқушыларды мектеп қабырғасынан өзара тату болуға жəне толеранттылыққа тəрбиелеуге ұмтыламыз. Алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы жұмыстарымызды одан əрі жалғастырып, оқушыларыма «Дамудың сыры - бірлікте, табыстың сыры - тірлікте» екенін жеткізуге тырысып бағамын.

«Ұлтына қарама, жүрегі елім деп соққан жан дүниесіне бойла» -

Павлодар облысын - да Қазақстан халқы Ассамблеясының жəне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қарым-қатынас мəдениеті» жазғы мектебі өткізілді.  

Алғашқы күні Қаныш Сəтпаевтың мемориалдық мұражайында өткен дөңгелек үстелде жастарды патриоттық т ұ р ғ ы д а т ə р б и е л е у м ə с е л е с і талқыланды. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Нəзипа Шанай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл жəне Геннадий Шиповских, Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова, Қазақстан Рес- публикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Орталық Азия өңіріндегі этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сəдуақасова өз пікірлерін білдірді. Жазғы мектеп барысында бес адам «Kazakhstan for peace» экстремизмге қарсы жастар қозғалысының кейсін иеленді. Осы- лайша еліміздегі спикерлердің қатары толыға түсті. Ш а р а қ о р ы т ы н д ы с ы н д а қатысушылар аталған облыстағы туризмді дамыту мəселесі бойынша өз жобаларын қорғап, сертификаттарға ие болды.

«Ассамблея мүшесі болу - абырой» -

Бүгінгі күні еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, əлем танитын мемлекетке айналды.

Бұл табыс бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болып келеді. Осындай келелі мəселелерді шешудің əрі жүзеге асырудың пəрменді тетіктерінің бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясы екенін барша қазақстандықтар мойын- дайды. Ассамблея достыққа - дəнекер, ұлағатты істерге - ұйытқы болды. Мен Шортанды ауданында туып-өстім. Сана- лы ғұмырымды журналистика саласына арнап, еліміздегі тарихи жайттарға қалам тербедім. Тіпті, екі жинағыма туған жер- ге деген сүйіспеншілігімді арқау еткен едім. Сол себепті, маған қазақстандық патриотизм деген ұғым таңсық емес. Тек аға буын ғана емес, өскелең ұрпақтың жүрегінде де отансүйгіштіктің жалыны лапылдаса деген үміттемін. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі ретінде маған үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Айта кетерлігі, Ассамблеяның əр сессиясы маған ерекше əсер сыйлай- ды. Мұнда əлеуметтік-экономикалық мəселелер өз шешімін тауып, халықтың əл-ауқатын жақсарту жұмысы ширатыла түсетіні қуантады. Осылайша сессияның маңызы да арта түсуде. Осы ретте, жастар арасында бірлік идеясын насихаттау жұмысын үзбей жалғастырып келемін. Əр ұлттың тарихы, салт-дəстүрлері, мəдениеті мен рухани құндылықтары жастар арқылы жалғасын табады. Мұны естен шығармағанымыз дұрыс. Журналист ретінде жұртшылық алдында сөз сөйлегенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жер туралы айтқан тағылымды ойларын мысалға келтіремін. Əлбетте, елімізді барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ор- дасына айналдырып, толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай білген Ұлт Көшбасшысының ой толғаныстары əр қазақстандыққа ерекше күш-жігер да- рытатыны сөзсіз.

Нина МАЛЮГА,

аудандық «Вести» газетінің бас редакторы,

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.

Шортанды ауданы.

«Достық əнін шырқаған» -

Халықтың ынтымағы мен ауызбірлігін сақтау мəселесі қашанда маңызды болып қала бермекші.

Бұған достық жəне жасампаздық мұратын насихаттап жүрген өнер ұжымдарының қосар үлестері мол. Солардың бірі - «Журавушка» халықтық фольклорлық ансамблі. Ұжым сексенінші жылдардың басын- да Людмила Петрухинаның бастамасы- мен құрылды. Əуелде орыс халық əндері үйірмесінің негізі қаланып, кейіннен клуб мүшелерінің ынтасымен шығармашылық ұжым өз жұмысын бастады. Ансамбль «Жу- равушка» деп аталды. Бұл олардың киелі сах- на төрінде алғаш орындаған əннің атауы еді. Журавушканың алғашқы жетекшісі, музыкант Владимир Казаков болды. Ол ансамбльдің аудан, облыс көлемінде таны- луы жолында көп еңбектенді. Оған қоса, А.Глушнева, А.Потлова, Л.Щербиненко, Г.Деобальд сынды ұжым мүшелерінің тынымсыз еңбегінің арқасында діттеген мақсатқа жету мүмкіндігі туды. Топ Олей- ник, Гончаров, Петрухиндер отбасылық ансамблімен толығып, тоқсаныншы жылдары ұжымда жиырмаға жуық адам өнер көрсетті. Олар славян халықтарының əндерін шырқап, өз ортасында біршама танымал болып қалды. 1989 жыл ансамбль үшін ең табысты кезең болды. Ұжымға халықтық атағы беріліп, «Журавушкасыз» бірде-бір мерекелік шара өтпеуге айналды. Тіпті, Астана қаласында əлденеше салтанатты шараға қатысып, репертуарындағы əндерін асқан шеберлікпен о р ы н д а д ы . Ə л бе т т е , ха л ы қ т ы қ д е ге н мəртебелі атаққа ие болу оңай емес. Ал, үш жыл сайын сол атаққа лайық екеніңді дəлелдеу тіпті қиын. Жыл санап ұжымның құрамы өзгергенімен, топ мүшелерінің əнге деген ықыласы сол қалпы. Ұжым əр уақыт ізденіс үстінде. Сəйкесінше, олардың өнерлеріне де көпшіліктің берер бағасы жақсы. - Ұжым мүшелерінің жас ерекшеліктері əр алуан. Оның ішінде, Ольга Зайцева, Светлана Губарева, Анна Рудий сынды та- лай жылдардан бері əн салып келе жатқан əншілерді атап өткім келеді. Ансамбльдің музыкалық жетекшісі Геннадий Поляков екеуіміз тыңдарманның жанын баурап алатын мазмұн, мағынасы мол əндерді таңдауға ұмтыламыз. Репертуарымызда қазақтың халық əндері де бар, - дейді халықтық ұжым жетекшісі Светлана Шарипова өз сөзінде. Ансамбльдің кəсіби шеберлігін о сы саланың майталман мамандары əлдеқашан- ақ мойындаған. Олар тек ауданда ғана емес, көптеген жерде танымал. Мемлекеттік мере- келермен бірге, олар Масленица, Рождество сынды дəстүрлі жəне діни мейрамдарды бірге атап өтеді. Өзге этномəдени бірлестіктермен де тығыз қарым-қатынаста. Сол себепті, еліміздегі ынтымақты сақтаудағы үлесі зор деп білеміз.

«Қазақ жерінде тұратыныма қуанамын» -

1944 жыл біздің əулетіміз үшін өте ауыр соқты. Себебі, отбасымыз күштеп  қоныстандырудың құрбаны болды. Сол қиын-қыстау кезеңде қазақ жерінен пана  таптық. Көсегеміз қазақ елімен бірге көгерді. Мен осы қасиетті топырақта өмірге  келдім, осында білім алдым, өсіп-  қалыптастым. Отбасымызда бес бала  болдық. Сол жылдар жоқшылықтың  кермек дəмін татырды. Тіпті, дастарха-  нымызда бір үзім нан болмаған кездер  де басымыздан өтті. Сонда да біз еш  мойымай, əр таңды үмітпен атырған едік.  Жергілікті қазақ халқы қолындағы барын  аямай, əрдайым бөлісіп отырушы еді.  Бізді ингуштар деп алалау болған жоқ.  Осылайша біз тұрғылықты халықпен  етене араласып, өсіп өне бастадық.  Əкем Ибрагим рухани дүниесі бай,  көңілі тоқ, шүкіршілігі мол адам бо-  латын. Кішкентай кезімізден барға  қанағат қылып, жоққа сабыр етуді  үйретті. Айтқан тағылымды əңгімелері  көкейімде əлі күнге дейін сақталған. Ата-  анамның жақсы тəрбие беруі өмір жо-  лында үлкен демеу болғаны да рас. 1976  жылы Көкшетау кооператив техникумын  тəмамдаған соң Магомед Хашиев екеуіміз  отбасын құрып, тоғыз баланың ата-анасы  атандық. Балаларымыздың тəрбиелі əрі  білімді болып өсуіне баса мəн беріп, көп  еңбектендік. Əдемі ойларымыз жүзеге  асып, қазіргі күні олар - түрлі салада  еңбек етіп жүрген білікті мамандар.  Жарым Магомед ұзақ жылдар бойы  Щучинск қалалық «Вайнах» шешен-  ингуш қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  болды. Əрдайым бірлік пен татулықтың  маңыздылығын айтып, ұлтаралық қарым-  қатынасты нығайтуға барын салды. Біз отбасы болып əр мейрамда орталық алаңда  түрлі шаралар ұйымдастыратынбыз. Бұл  балаларымыздың кеңпейіл, бауырмал  болып өсуіне септігін тигізді.  Менің өмірімдегі күтпеген  қуаныштардың бірі - 2007 жылы  Халықаралық əйелдер күні қарсаңында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қолынан «Күміс алқа» алуым. Бала-  ларым өздері барлық құжаттарымды  жинап, тапсырған екен. Осы сүйінішті  жаңалықты аудан əкімдігінен естіген  кезде өзімді ерекше бақытты сезіндім.  Себебі, Ұлт Көшбасшысымен кездесу  əркімге бұйыра бермейтін бақ қой. Содан ба, қабылдауда болған кезде қатты  қобалжыдым. Бірер жыл бұрын «Алтын алқа» иегері атансам да, Елбасы  марапаттаған «Күміс алқасы» жаныма  қымбат. Сол сəтті ерекше тебіреніспен  еске аламын. Бүгінде он екі немеремнің  қызығын көріп отырған əжемін. Əттең,  бұл бақытқа жарым ортақтаса алмады.  Ол бір жарым жыл бұрын ауыр науқастың  салдарынан көз жұмды.  Əлбетте, қазақ жерінде өмір кешіп  жатқаныма қатты қуанамын. Көпұлтты  елiмiз Елбасының сындарлы саясатының  арқасында өзара тату-тəттi ғұмыр кешiп,  өсiп-өркендеуде. Одан артық не керек. Бір  шаңырақтың астындағы халқымыздың  достығы мен өзара түсіністігі одан əрі  жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық  əрдайым берік болып, қашанда ынтымақ,  бірлік мəңгі жасай берсін. Туған жердің  төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің  ішінде əрқайсымыз ел бірлігінің  сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір  кешуімізге атсалысайық.

 Фаина ХАШИЕВА,  

Щучинск қалалық «Вайнах»  шешен-ингуш қоғамдық  бірлестігінің мүшесі.  Бурабай ауданы.

«Құрылысқа назар аударылды» -

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов Щучинск қаласында болған жұмыс сапарының барысында  жаңадан салынып жатқан қос 75 пәтерлі тұрғын үй мен мектеп құрылысын аралап көрді.

Тұрғын үй құрылысының бас мердігері «Номад Строй ЭК» серіктестігі нысанды салуға  794,177 миллион теңге сомасында келісім-шартқа қол қойған. Мердігерлер үйдің қабырғасын қалап, су құбыры мен электр желісін жартылай  орнатқан. Дегенмен, қаржы тапшылығынан қазіргі уақытта  жұмыс қарқыны нашар. Құрылыста тас қалаушы болып еңбек ететін Серік Омаров 7 ай көлемінде айлық алмағанын, бұл  жөнінде прокуратураға хат жолдағанын айтты. Бұл орайда, Мұрат Теміржанов   қаржы мәселесін шешіп, жұмыс қарқынын жеделдету керектігін баса атап көрсетті.

Алдағы уақытта тұрғын үйдің маңайын абаттандыру жұмыстары да қолға алынып, тұрғындарға барынша қолайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынбақ. Елбасының тапсырмасына орай, мемлекеттік бағдарламада тұрғын үйге зәру жас отбасыларға баспананы  жеңілдікпен беру қарастырылған. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынып жатқан мұндай құрылыстардың кедергісіз жүруінің маңызы зор.

Мұрат Теміржанов Щучинск қаласында 900 оқушыға арналған мектеп құрылысында да болды. Бұл құрылысқа бюджеттен 126,873 миллион теңге қаржы бөлінген. Аталған әлеуметтік нысанның ғимараты бой көтеріп, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептегі 38 сыныпта  интербелсенді тақталар орнатылып, толықтай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен бірге, сыртқы электр желісін тарту жұмыстары да атқарылып жатыр. Шілде айында мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелердің қатарын сейілтіп, азаматтарға жайлы тұрғынжай сатып алудың негізгі тетігі болып отыр. Адамдардың тұрмыс деңгейі  жақсарса, еліміздің де өркендей түсері  анық.

«Жайылымның жайы айтылды» -

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев жұмыс сапарымен Ақкөл ауданында болды.

Алдымен, халық қалаулысы аудан орталығындағы «Нұр Отан» партиясы Ақкөл аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдады. Мәжіліс депутатының қабылдауында мұңын шағып, арыз-шағымын айтып келгендер көп болды. Мәселен, зейнеткер Валентина Левицкая балалар үйінің жанында орналасқан үш тұрғын үйдің кәріз жүйесі тозғанын айта келіпті. Құбырлардың іші күл-қоқысқа толып қалу салдарынан тұрғындар біршама қиындық көріп отырған көрінеді. Бұрын балалар үйіне қарасты баспана қазір қараусыз қалған. Сондықтан, жөндеу жұмыстары тек тұрғындардың есебінен жүргізілуі тиіс. Ал,  азаматша аталмыш үйде зейнеткерлер тұратындықтан  тиісті қаражатты жинау қиынға соғатынын алға тартты. Мәжіліс депутаты бұл мәселені бақылауға алатынын мәлімдеді.
Бүгінгі таңда зейнетақыны есептеудегі өзгерістер азаматтарды қатты алаңдатуда. Осы жайтты көтерген Нина Поповичті  зейнетақы жарналарының уақытылы аударылмауы еңбек өтіліне әсер ететіні қынжылтады. Өз кезегінде Жексенбай Дүйсебаев оған зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа жүгініп, істің мән-жайын анықтауды сұрады.

Қабылдау барысында заң жобалары да әңгіме өзегіне айналды. Еске салар болсақ, Мәжілісте жайылымдар туралы заң жобасы таныстырылған болатын. Осы ретте, халық қалаулысы Ақкөл орман шаруашылығының директоры Қадырбай Тоқтасынды қабылдауға шақырып, аудандағы жайылымдарды тиімді пайдалану мәселесі жөнінде сұрастырды. Орман шаруашылығының көлемі 41 мың гектарды құрайды екен. Оның қырық сегіз пайызын орман алқабы алып жатыр. Қалғаны жайылымдық жерлер. Егер мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген азаматтарға жайылым жерлер қажет болса, акті толтырып берілетін көрінеді.

- Жайылым мәселесінде шешілмеген түйіндер көп. Халықтың көп бөлігіне мал бағатын жерлер жетіспей отырғаны жасырын емес. Ал, мал шаруашылығын дамытып, ауылды өркендетейік десек бұл мәселені шешу қажет, - деді өз сөзінде Жексенбай Қартабайұлы. Бұдан соң Мәжіліс депутаты Ақкөл балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне барып,  буынды емдеуге арналған сауықтыру залының жұмысымен танысты.

«Облыстық кәсіпкерлер палатасына - жаңа басшы» -

Еркебұлан Баяхметов Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды.

Еркебұлан Еркешұлы Баяхметов 1972 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Володар ауданының Сырымбет ауылында туған. Білімі жоғары. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Әр жылдары «Кәсіпорын-дарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі» ААҚ Солтүстік Қазақстан облыстық  филиалы директорының орынбасары, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарызын өтей алмайтындармен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, 2007-2009 жылдары Астана қаласындағы «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы қызметкерлерді басқару және жұмысты ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары болды.

Жаңа қызметке тағайын-далғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша аймақтық  филиалына жетекшілік етті.

«Мемлекеттік қызметші осы атқа толық сай болуы тиіс» -

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік қызметтің әлемдік стандартқа сәйкес жаңа институттары мен тетіктері енгізіліп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында осындай алғашқы талаптардың бірі ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратты құру міндеті қойылған болатын.

Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі құрыла бастады. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» және «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңдары күшіне енді. Мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының бірі мемлекеттік қызметшінің жеке еңбегі мен абыройына орай және кәсіби дайындығын ескере отырып, қызмет баспалдақтары бо-йынша ілгерілету болып табылады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі діңгегі Әдеп жөніндегі кеңестерге беріліп отыр. Кеңестің атқаратын ісінің бірі - жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу, осы бір келеңсіз көрініске жол бермеу. Сондай-ақ, кеңес жемқорлық нышаны көрініс берген тұстарды түбегейлі талдап, қорытынды шығарады әрі мемлекеттік органдардың жұмыс жүйесіне ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілді. Әдеп нормаларын сақтау - мемлекеттік қызметшілердің бірден-бір негізгі міндеті. Осы талап жүзеге асқанда ғана мемлекеттік қызметтің беделі биіктеп, оған деген сенім де күшейеді. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің болмысын қызмет және қызметтен тыс уақытта да назардан тыс қалдырмайды. Жалпыға бірдей қалыптасқан стандарттар шеңберінде қызмет істеу мемлекеттік аппаратқа деген ел тұрғындарының берік сенімін нығайтады. Бұл дегеніңіз әрбір мемлекеттік қызметшінің Елбасы қойып отырған міндет үдесінен табылуы.

Облыстық кеңес құрамы жекелеген мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, мәслихат депутаттарынан, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралып отыр. Жыл басынан бері кеңес бес мәрте отырыс өткізіп, лауазымды тұлғаларға қатысты 17 тәртіптік іс қарады. Кеңес жұмысының қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің ағаттықтарына орай, лауазымына сәйкес келмейтіндігі немесе қызметіне толық сәйкес келмейтіндігі туралы шешімдер шығарылды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында қоғамға жат қылық көрсету оқиғалары жасыратыны жоқ, кездесіп қалады. Мұндай фактілер, әрине, мемлекеттік қызметшілер туралы қоғамда теріс пікір қалыптастырады. Қазақстан халқына қызмет етуді жан-тәнімен қалаған мемлекеттік қызметшілер өздерінің мінсіз мінез-құлқымен, жарқын ісімен, өміршең өнегесімен, пайымды парасатымен өзгелерге үлгі болуы керек. Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда ішімдік ішіп көзге түсуі тіпті адам төзбес жағдай. Мұны  өздерінің бойларындағы қасиеттерінің қандай екендігін көрсету деп бағалаған жөн. Осындай әдепсіз әрекеттері үшін үстіміздегі жылдың мамыр айында ауылдық округ әкімдерінің бірі қызметінен босатылды.Мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзіне сын айтқандарды қудалау мысалдары да кездеседі. Мұндай фактілерді Әдеп жөніндегі кеңес дер кезінде анықтап, тиісті шараларды жүзеге асырып отырады.

Сөз соңында мемлекеттік қызметшінің кәсіби біліктілігімен қатар, адалдығы мен қарапайымдылығы, әділдігі мен ақиқатшылдығы да көзге көрініп тұруы керектігін айтқым келеді. Сонымен бірге, ол жалпыға бірдей моральдық әдеп нормаларын бұлжытпай, қатаң сақтауы керек.

Қадырхан ОТАРОВ,

облыс әкімінің бірінші орынбасары,

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі.

«Астананың айшықты мерекесі» -

Б и ы л ғ ы А с т а н а к ү н і қ а л а тұрғындарына ғана емес, қонақтар үшін де көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған айрықша ажарлы мереке ретінде аталып өтті.

Орталықтағы «Хан шатыр» жанында орналасқан этнографиялық ауылдың сыртқы келбеті сонау көшпелі дəуірді еске салардай сəулетті де сəнді болды. Киіз үйдің ішкі жабдықтары көз жауын алар сəнімен қуандырса, ұлттық киім киген қыз-келіншектердің киіз басып, дастархан жай- ып жүрген əрекеттері көне суретті көз алдыңа əкеледі. Содан болар, қазақ ауылына келушілер саны бір толастамай, мерекелік көңіл-күйді онан əрі көтере түсті. Арнайы құрылған он алты қанат ақ орданың жанындағы шағын ипподромда ат спорты ойын- дары жүріп жатты. Қыз қуу, жамбы ату, теңге алу, көкпар сияқты ұлттық ойындарды тамашалау- шылар аз болмады. Құсбегілер өздері баптаған құстары жайында айтып, құспен аң аулаудың əдіс-тəсілін баяндап, ұлттық дəстүрімізді қайта жаңғыртқандай болды. Үлкен алаңқайда құрылған сахнада əншілер мен бишілер өнерлерін көрсетуде. Ағаш аяқ жалғап, алып адам бейнесінде алшаң басып жүргендермен суретке түсушілер аз болмады. Қаладағы ұлттық мəдени орталықтар мерекені барынша тартымды, қызықты өткізуге белсене атсалысты. Сахнаға шығып, түрлі тілде əндер айтып, би билеген өнерпаздардың өнерін қол шапалақтап қошеметпен қарсы алған көпшілік мерекенің салтанатына дəн риза болғандай. Жалпы алғанда, биылғы Астана күні өзіндік ерекшелігімен, тартымдылығымен жұртшылықтың есінде қаларлықтай жоғары деңгейде өтті.

Шілденің 14 де шыққан газет санында мына мақалаларды оқи аласыздар:

««БӨБЕКТЕ» бүлдіршіндер көп» -

Бозайғыр ауылындағы «Бөбек» балабақшасы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тəрбие беру жұмысын атқарып отырған өнегелі мекеме. 1980 жылы салынған екі қабатты ғимарат өтпелі кезеңнің ауыр жылдарында біраз уақыт иесіз қаңырап тұрды.

Кейінірек қалпына келтірілген бала бақша бүлдіршіндерге тəлім- тəрбие беру ошағына айналды. Дегенмен, ескі ғимараттың бірде шатырынан су ағып, енді бірде жылу құбыры жарылып дегендей əуресі көп болды. Осы орайда, жергілікті əкімдік аудан, одан əрі облыс басшылығына шығып, 2011 жылы облыс бюджетінен 65 миллион теңге қаржы бөлініп, бала бақшада күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл қаржы жетпегендіктен, толықтай қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мүмкін болмады. Осыған орай, 2015 жылы республикалық бюджеттен 211 миллион теңге қаржы қарастырылып, ғимарат түгелдей қайта жөндеуден өткізілді. Осылайша өмірге екінші рет жолдама алған бала бақша қазіргі заман талабына сай жарақталып, бүлдіршіндерге саналы тəрбие, сапалы білім беретін орынға айналды. 140 орындық мекемеде бүгінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер тəлім-тəрбие алып жатыр. Бала бақшаны 2010 жылдан бері тəжірибелі ұстаз, іскер ұйымдастырушы Ғалия Дайтова басқарып келеді. Ескірген ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, заман талабына сай жабдықталуына, білікті мамандармен толықтырылуына іскер басшының тікелей ықпалы болғаны анық. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатын Ғалия Төлешқызы аудандық мəслихаттың де- путаты. Техникалық қызметкерлерді қосқанда бүгінгі күні 38 адам еңбек етеді. Олардың 12-сі тəрбиешілер. «Мамандармен қамтамасыз ету мəселесі толық шешілген. Тəрбиешілеріміздің бəрі жоғары жəне арнау- лы орта білімді тəжірибелі мамандар», - дейді бала бақша меңгерушісі. Өткен жылы «Дип- ломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша келген жас тəрбиеші Гүлнұр Ысмайылова мемлекеттік бағдарлама шеңберінде пəтер алыпты. Тағы бір жас маман Айзада Ахатова да таяу болашақта баспаналы болмақ. Ата-ана лар ба ла ларының т амағы үшін айына 6500 теңге төлеп тұрады. Қалған шығындар мемлекет есебінен. Бүлдіршіндердің саналы тəрбие, уақыт та- лабына сай жақсы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап отырған бала бақша қызметі үшін төленетін бұл ақы көлемі оншалықты жоғары емес. Яғни, оның қызметі ата-аналар үшін қолжетімді болып отырған жайы бар. Қазақ жəне орыс тілдерінде тəлім беретін бала бақша тəрбиеленушілері ауылда өтетін барлық көпшілік-мəдени шараларға белсене қатысады. Балдырғандардың əн салып, би билегенін, сахналық көріністер көрсетіп, ойындар ойнағанын тамашалау ересек көрермендер үшін қызық қана емес, қуанышты да

-Батырбек Оздоев: «АУЫР АТЛЕТИКА БІР КҮНДЕ ДАМЫМАЙДЫ» -

Жауырыны жерге тимей, алғаш ұлтымызды əлемге танытып, «Қазақ даласының батыры» атанған Қажымұқан бабамыздың атындағы Көкшетау спорт мектебінің қабырғасынан шыққан шəкірттердің алдыңғы легі Олимпиада жүлдегері атанса, кейінгілері республика көлемінде өнер көрсетіп жүр. Осы мектепте ауыр атлетикадан шəкірт баптап жүрген Батырбек Оздоевпен осы спорт түрінің бүгінгі жай-жапсары, алған асулары мен жетістіктері жайлы əңгімелескен едік.

- Ауыр атлетика кешегі Кеңес заманы- нан бері тұғырынан түспей келе жатқан спорт түрі. Бұның бастауында небір саңлақтар тұр. Солардың бірі - өңірімізден шыққан Жамаледдин Панахов. Ол бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнады. Ауыр атлетикадан жеткен жетістіктері жетерлік. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қазақ ССР-нің бірнеше мəрте чемпио- ны, КСРО Қарулы күштерінің чемпио- ны, Бүкілодақтық жарыстар мен Куба жəне Чехословакияда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы жəне ре- кордшысы, сондай-ақ, бірқатар əлемдік рекордтардың авторы. Жиырма алты жылын шəкірт тəрбиелеуге жұмсап, 5 спорт шебері мен көптеген чемпиондар баптап шығарды. Сондай ардагерлеріміздің бірі - Александр Кубрин. Ол да КСРО-ның спорт шебері, Қазақ ССР-нің чемпионы, Бүкілодақтық село ойындарының чемпионы. Бұлардың спортқа деген адалдығын, еңбегін айтып тауыса алмайсың. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі ауыр атле- тикадан қол жеткен жетістіктеріміз де баршылық. Сонау өтпелі кезеңде, тоқсаныншы жылдардың соңында об- лысымызда екі-ақ ауыр атлетші қалып, спорттың бұл түрі құлдырағаны есімізде. Спортшыларға жаттығатын жер болмай, жағдай жасалмай, əркім өз күнін қалай көремін деп əуре сарсаңға түсті, көбі сауда- саттықпен айналысып кетті. Бірақ, спортқа жаны ашитын жігіттер бас қосып, 1998 жылы Көкшетаудағы №19 орта мектептің сол кездегі директоры Марат Ыбыраевқа бардық. Мəн-жайды түсіндіріп, мектептің ескі жертөлесін жаттығу үшін алатын болдық. Əрине, ол жерді жөндеп, қалпына келтірсек те, салқын əрі сыз болатын. Сон- да да ауыр атлетикаға икемі бар шəкірттер тауып, алдап-сулап сол жертөлеге əкеліп, құлдырап кеткен спорт түрін қайта жаңғыртпақ болдық. Өз қаражатымызбен түрлі жарыстарға да барып жүрдік. Сол шəкірттердің ішінде кішкентай Мария да болған. Ол кезде ешкім оны Азия ойын- дары мен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болады деп ойлаған жоқ. Мария Грабовецкая үлкен спортқа деген алғашқы қадамын осы жертөледен бастады. Кейін 1999-2000 жылдары облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Ахметов біздерді шақырып, спорттың осы түрін жандандырмақ ниетте екенін білдірді. Ол кісі де спорттан қара жаяу емес, оның үстіне біздерді Кеңес үкіметі кезінен танитыны тағы бар. Ол уақытта облыс əкімі Сергей Кулагин. Əкім біздерге көп көмектесті. Қазіргі спорт мектебінің ғимаратын қала балан- сына ауыстырып, алып берді. Бүгінгі шəкірт тəрбиелеп отырған залға кірген мезетте осы жерден талай чемпиондар шығарамыз деп уəде берген болатынбыз. Уəдемізде тұрдық. 2008 жылғы Олимпиа- да ойындарының қола жүлдегері Мария Грабовецкая мен күміс жүлдегер Ирина Некрасова біздің шəкірттеріміз. Спорттан қол үзіп кеткен жігіттердің басын қайта құрап, осы жерде бапкер болуға шақырдық. Үгіттедік. Ақыры баяғы күшімізге қайта еніп, бүгін республикамыздағы ең үздік мектептердің бірі болып отырмыз. Қазір бізде екі мектептің шəкірттері жаттығады. Біреуі Қажымұқан атындағы №3 балалар мен жасөспірімдер мектебі болса, екіншісі жоғары спорт мектебі. Алғашқылары түске дейін жаттықса, соңғысы кешке жаттығады. Сонымен қатар, біздің базада ауыр атлетикадан ұлттық жастар құрамасы мен ерлер құрамасы да жаттығуларын өткізеді. Жақында ғана Илья Ильинмен сөйлескен болатынмын. Ол келесі айда келетіндігін айтты. Біздің мектептен халықаралық дəрежедегі спорт шеберлері Азия чемпио- ны, 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойын- дарына қатысқан Анна Нұрмұхамбетова, Азия чемпионатының жүлдегері Фаина Сиванбаева, Азия ойындарына қатысқан Ербол Мейрамов, əлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше мəрте чемпионы Екатерина Сто- ляренко жəне спорт шебері, жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері Жасұлан Қалиев сияқты болашағынан үміт күттіретін спортшылар шықты. Б і з д е м а м а н т а п ш ы л ы ғ ы б а р . Шəкірттерімізді мықты спортшы етіп қана тəрбиелемей, болашақта ұстаз болатындай бапкерлікке баулысақ дейміз. Дегенмен, олар мұнда келгісі келмейді. Себебі, жас бапкерге жұмысқа тұра салысымен 14 адамнан тұратын үш топ шəкірт жинау ке- рек. Таңертеңнен кешке дейін соларды бап- тау қажет. Сол үшін алатын еңбекақысы 50 мың теңгеден аспайды. Біздің талай мықты спортшылар еңбекақының аздығынан кетіп жатыр. Олар үшін бір тəулік жұмыс істеп, үш тəулік дем алатын күзетке барған тиімді. Жастар көп тұрақтамайды. Бізде бапкерді сырттан іздеу дерті бар. Біреудің қаңсығын таңсық қылып жүреміз. Ше- телден айына 8 мың доллар ақша төлеп бапкер жалдайды. Сол ақшаны əр облысқа бөліп, əр бапкерге 500 доллардан еңбекақы төлесе, ауыр атлетиканы дамытуға болар еді. Ал, ол бір күнде дамымайды. Уақыт, жағдай керек. Əрине, басында жаттығушы балалар көп болатыны заңды. Кейін іріктеліп, сұрыпталып мықтылары қалады. Ал, бапкерлердің арасында бəсекелестік деген бізде жоқ. Бəріміз ортақ мүдде үшін бары- мызды саламыз. Мынау менің шəкіртім, бұған жоламаңдар деген əңгіме болмай- ды. Тіпті, кейде өзіміз менің шəкіртіме қарай салшы, дұрыс жаттығып жатыр ма екен деп əріптестерімізге табыстайтын да кездеріміз болады. Себебі, бір бапкер бір шəкіртпен ұзақ уақыт жұмыс істей берсе, ол шəкіртінің кейбір кішкентай кемшіліктерін аңғармай қалуы мүмкін. Ал, ондай олқылық бірте-бірте түзетуге келмейтін үлкен қателіктерге алып барады. Соның алдын алу үшін осындай шараларға барамыз.

«АСТАНАЛЫҚ ОБЛЫС БОЛА ТҰРЫП, ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН БІР СПОРТШЫ ДАЙЫНДАЙ АЛМАДЫҚ-АУ!..» -

Əр төрт жылда бір рет өткізіліп тұратын ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы уақыт қалды. 2016 жылдың 5 тамызынан 21 тамызына дейін Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода өтетін дүбірлі жарысқа біздің елімізден 101 спортшы қатыспақшы. Отандас спортшыларымыздың жеңіске жетуіне тілектес болып, жанкүйерлік жасармыз-ау, дегенмен, солардың арасында бірде-бір ақмолалық спортшының жоқтығы көңілге қаяу салатыны болмаса...   Ақмолалық спортшылардың бағы жанғаны Бейжің Олимпиадасы болғаны е с і м і зд е . Қ о с б і рд е й  з і л т е м і р ш і қыздарымыз Ирина Некрасова мен Мария Грабовецкая еліміздің атын асқақтатып, күміс жəне қола жүлдегер атанғанда ақмолалықтар бөріктерін аспанға атып қуанған. Жүлдегерлеріміздің туған жерге оралуы қаншалықты салтанатпен ата- лып өтті десеңізші. Жеңіл автокөліктер шеруімен, жиналған қалың жанкүйерлер қауымының қошеметімен қос жұлдызын ақмолалықтар көкке көтеріп зор құрметпен қарсы алған еді. Өкінішке орай, облысымыз бен еліміздің атын аспандатқан қос зілтемірші қыздарымыздың жұлдызды жолы одан əрі жалғаспай, үзіліп қалды. Лондон Олимпиадасында зілтемірші Анна Нұрмұхамбетовадан үміт күтіп едік, ол бесінші орынды місе тұтты. Үкілеп додаға қосқан басқа спортшыларымыздың бəрі көш соңында қа лып, жерге қаратты. Содан бері де, міне төрт жыл уақыт өтіпті. Лондонда қайталаған сəтсіздіктен сабақ алып, алдағы Олимпиадаға дұрыстап дайындалайық деген үміт тағы да желге ұшқандай болып тұр. Алдын ала бұлай деп үзілді-кесілді үкім шығаруымызға себеп болған жай - биылғы Олимпиадаға біздің облысымыздан бірде-бір спортшының қатыспайтындығы. Иə, өкінішке орай, Рио-де-Жанейроға баратын қазақстандық спортшылардың арасында ақмолалықтар жоқ. Жалғыз ғана үміт отын тұтатқан параолимпиадаға қатысатын ақмолалық Вадим Дукарт бо- лып тұрған жайы бар. Мүгедек спортшы- лар арасындағы түрлі дүбірлі жарыстарда жақсы нəтижеге жетіп жүрген жерлесіміз Олимпиадада топ жара ма, жоқ па, ол енді уақыттың еншісінде. Б і з д і ң о бл ы с ы м ы з д а н б и ы л ғ ы Олимпиадаға неге бірде-бір спортшы ілікпеді? Осы сауалды қойғанымызда, облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының орынбасары Владимир Светличный бірқатар себептерді алға тартты. Ең басты себеп, үміт күткен жекелеген спортшыларымыздың түрлі себептермен жарысқа қатыса ал- май қалғандығында. Мəселен, өткен Олимпиадада азулы қарсыластарына тəжірибесіздігі, жастығы болар, аздап есе жіберіп алған Анна Нұрмұхамбетова отбасын құрып, сəбилі болуы себепті жаттығуын тоқтатса, Мария Грабовецкая іріктеу жарысында қарсыластарына есе жіберіп алған. Жалпы, облысымызда жазғы Олимпиа- да ойындары бойынша жеңіске жетеміз деп үміттендірер спорттың үш түрі бар, олар бокс, триатлон жəне ауыр атлетика. Таяуда ғана Астанадан əйелдер арасында бокстан əлем чемпионы болып оралған жерлесіміз Дина Жоламанның салмағы Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмейді екен. Ол 51 келілік салмақта рингке шыққан еді. Ал, Олимпиада ережесіне сай ондай салмақ жоқ, мұнда боксшы қыздар 54 келілік салмақ бо- йынша қолғап түйістіруі тиіс. Əйтпеген жағдайда, Дина Рио-де-Жанейрода жа- сындай жарқылдап, облысымыздың ғана емес, еліміздің намысын қорғары анық еді. Өкінішті-ақ, əрине. Триатлоннан əлемдік жарыстардың алдын бермеген Дмитрий Гаагтың жо- лын қуушы мықты спортшы əзірге об- лысымызда болмай тұр. Үміт күткен спортшыларымыздың бəрі іріктеу жарыс- тарынан əрі аса алмаған. Жоғарыдағы Владимир Светличный- дың уəжіне сенсек, облысымыздан О л и м п и а д а ғ а қ ат ы с ат ы н м ы қ т ы спортшылардың шыға алмай отыруына бірқатар объективті себептер бар. Ең алдымен, балалар мен жасөспірімдер арасында талантты спортшыларды даярлауға мүмкіндік беретін спорт клуб- тары тапшы. Бүгінде облыста балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтарының саны үшеу ғана. Сондай-ақ, ауылдық округтерде дене шынықтыру жəне спорт жұмыстары жөніндегі нұсқаушы штаттары қарастырылмаған. О б л ы с т ы ң 1 9 а у д а н ы н ы ң 1 1 - інде типтік спорт кешендері жоқ. Осы жағдайлардың бəрі ауылдарда жасөспірімдер арасында спортты да- мытып, талантты жастарды тəрбиелеп шығаруға кедергі келтіруде дегенді айтады облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының орынбасары. Қалай десек те, биылғы Олимпиададан астаналық облысымыз сырт қалып отыр. Бұл - жақсылық нышаны емес. Бармақ тістер, өкінішті жағдай. Облыстағы спорттың деңгейін көрсетер басты бір өлшем. Осы саланың басындағы лауазым иелері мен мамандар мұндай олқылықтың алдағы Олимпиадаларда қайталанбауына қазірден жіті көңіл бөлгендері жөн дер едік. «Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» деген халық даналығын естен шығармаған абзал. Өз аймағымыздан тəуелсіз еліміздің туын ұстап шығар спортшы болмаса да, сол Олимпиадаға қатысар бір ұлан болуы керек еді ғой. Бұл жөнінде оқырмандардың не ойы бар, га- зет арқылы көпшілікпен бөлісулеріңізге болады.

«Ағаш ектік екен, оны дұрыс күтіп, өсіре де білейікші» -

Жыл сайын көктем шыға мыңдаған көшет отырғызылғаны жайында жарыса жазып жатамыз.

Ал, солардың қаншасы жетіліп, мəуелі ағашқа айналды, қаншасы қурап қалды, оны ешкім есепке алып жатқан жоқ. Өзіңіз күнде жүретін көшеге назар аударып қараңызшы. Көктемде еккен балапан қайыңдар, балғын теректердің қаншасы жапырағын жайып, қурап қалғанын бірден көрер едіңіз. Биылғы жаздың басындағы 15-20 күндік ыстықтан күйіп кеткен ағаштарға кейін толассыз көп жауған жаңбыр тақа сеп болмады. Дер кезінде ешкім суармағасын қураған көшет қайта көгермейді. Біз жыл сайын қыруар ақша шығарып, күш жұмылдырып егеміз. Онымыз көбінесе көз алдау үшін жасалған науқандық шара тəрізді. Көбіне көшет тамырын тиісті тереңдікке салмай отырғыза саламыз. Отырғызған ағашымызды суару керектігін де ескермейміз. Ал, т амырын тереңге с алмаған ағаш алғашқы жазда бүршік жарғанымен, аязы сүйекті қарыған қыс түскенде жер бетіне жақын жатқан тамырлары үсіп кетеді. Келесі көктемде қураған көшетті суырып алып, орнына жаңасын отырғызамыз. Осындай жай жылда қайталанады. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын облыс қалалары мен аудан орталықтарында отырғызылған көшет біткеннің уақытында күтім жасалмағандықтан, 40 пайызы ғана өсіп-өнеді екен. Кейде басы қурап қалса да, тамыры аман қалып, түбінен көк өскін шығып келе жатқан ағаштарды көріп қуанып қаламын. Мұндайда биыл күзге дейін көк шыбық болып, келесі жазда кəдімгідей бойлап өсіп қалады-ау, үш-төрт жылда үлкен ағаш болады деп топшылаймын. Сөйткенше болмай, бір күні шөп шабушы біреу келіп, шөпке қосып, жаңағы көк өскінді де шауып кетеді. Оның ойынша маңайдың бəрі теп-тегіс, тап-тақыр бо- лып тұруы керек сияқты. Келесі жылы тағы да мыңдаған көшет отырғызылып, миллиондаған қаржы бөлінеді. Биыл отырғызылған көшеттерді жұлып тастап, жаңа көшет отырғызылады. Осылайша жылда көгалдандыру одан əрі жалғасады. Жыл сайын əуреге түскенше, көшетті дұрыс отырғызып, оны уақытында суарып, өсуіне жағдай жасасақ, үш-төрт жылда қаламыз көк желекке оранар еді ғой. Өкінішке орай, бұл саланың мамандары осындай қарапайым жайды түсіне алмай келеді.

«Орман-тоғай - ел байлығы» -

жасыл желекті өрттен қорғау - басты міндет

Облысымыздағы мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 1057761 гектарды құраса, 380304 гектары ор- манды алқаптар. Сондай-ақ, орман қоры жерлеріне республикалық жəне халықаралық маңызы бар теміржол мен автокөлік жолдарының бойындағы екпе ағашт ар да жат ады. Облыс аумағындағы орманды өрттен қорғау үшін «Қазавиаорманқорғау» мемлекеттік кəсіпорнының үш тікұшағы тартылған. Ұшқыштар күн сайын орман қоры аумағын аспаннан қадағалайды. Биылғы жылдың көктем мен жаз айлары салқын болды. Оның үстіне жиі жауын жау- ды. Бұған қарамастан, 7 гектар орман алқабында 16 рет өрт шықты. Өрттен келген шығынның жалпы сомасы 562,7 мың теңгені құраса, оның ішінде 273,3 мың теңгесі өртті сөндіруге жұмсалды. Жыл сайын өрттің шығу себебіне тал- дау жүргізіліп, отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері жиі бұзылатыны белгілі болды. Мəселен, биылғы жылы найзағайдың салдарынан екі өрт оқиғасы тіркелді. Жасыл желек алқабындағы өзге өрттерге адамдар кінəлі. Инспекция мен орман шаруашылығының маман- дары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған лауазымды жəне жеке тұлғаларға 35 хаттама толтырып, 2226940 теңгенің əкімшілік айыппұлын салды. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, шілде айының екінші онкүндігі ыстық əрі жауын-шашынсыз болмақшы. Осыған байланысты облыстың тұрғындары мен меймандары орманда отқа абай болып, балаларын қараусыз қалдырмаулары керектігін естеріне саламыз.

Қанат ЕСЕТОВ,

облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

«Дендробақ демеу күтеді» -

Басқасын қайдам, дəл бүгінде Бурабайда жанайқайға басатын тұс келіп тұр. Нақтылай түссек, көп- салалы орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Қазақ орман шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты) дендробағына (түр мен тек қоры) қатысты мүшкіл хал осыны айтқызады. Төтесінен қайырайық, Қазақстанда орман тым аз. Оның үстіне жасыл белдеу қорының құрамын негізінен қайың, қарағай, емен, үйеңкімен шек- тей аламыз. Өсімдіктер əлемінің 17 пайызы ғана ағаш екен. Оның өзі көбінесе табиғаттың береген қолымен бой түзеуде. Сондықтан, «қара орманның» қалыңдауы адамның қамқор жанашырлығына тəуелді болып қала беретіні ақиқат. Міндет - барды еселеп, сұранысқа қажетті тұқым дайындау, жаңа түр мен текті молайту. Бұл орайда, басты тұтынушы бейқам отыр дегеніміз жараспас. Өткен ғасырдың басында-ақ, Бурабай орман техникумында дендробақ құрылып, өсімдіктердің 400 түріне ғылыми сынақ жүргізіле бастаған. Көзайым құндылықтың қайтарымы аз болған жоқ. Ең бастысы, өсімдіктер əлемін көркейтудің ғылыми жүйесі қалыптасты. Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаев Ақмола облысына 2007 жылғы 3 маусымдағы жұмыс сапары барысында аталған ұжымға арнайы ат басын бұрды. Бұл еліміз үшін қарбалас кезең еді. Міндет - Астананың «жасыл белдеуін» қалыптастыру. Осыдан болса керек, Нұрсұлтан Əбішұлы бірден қала іргесіндегі дендробаққа аялдаған. Елбасы негізгі орамдарды аралап көріп, директорға: «Иə, не айтасың?» дегені есімізде. Жалғыз ауыз сұрақтың астарында көптеген мəселе, орасан жауапкершілік жатқан еді. Орталық директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Болат Мұқанов Астананың жасыл белдеуін қалыптастырып жатқан кезде жас өскіннің түрі мен тегін, будандық аудандастырылуын, сұраныстағы тұқым дайындауды, оған қатысты ғылыми негіздемелер мен ұсыныстарды басшылыққа алу қажеттігін айтқан. Осыған байланысты жаңа міндеттер де жүктелгені түсінікті. Ғылыми-зерттеу институты Елбасы тап- сырмасын ойдағыдай орындап отыр деп айта аламыз. «Жасыл белдеудің» аумағы қазіргі күні 100 мың гектарға жуықтады. Онда Бурабай ғалымдарының жаңа патенттерімен өсірілген бағалы ағаштар, саялы өскіндер жайқалып өсіп тұр. Бұл бағыттағы ізденіс əлі де жалғаса беретіні анық. Тек əлеуеті мол ғылыми ордаға тиісті қамқорлық керек. - Осынау игілікті іспен жарты ғасырдан бері айналысып келеміз, - дейді орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директо- ры, академик Болат Мұқанов. - Профессор В.М.Савичевтің Бурабайдың орман орамдарын- да өсімдіктердің 500 түріне сынақ жүргізуге мүмкіндіктің бар екендігін дəлелдеген жобасы мақұлданып, 1960 жылы арнайы дендробақ құрылған еді. Оның аумағы 44,3 гектарды алып жатыр. Мұнда өсімдіктің 2 мыңнан астам түрі зерттелген. Бүгінде соның 30 ұялас тармағы мен 95 текті құрайтын 800 түрі сақталып қалды. Жағрапиялық тегін тарқатсақ, дендробақтағы өскіндердің 25,6 пайызы еуропалық, 22,5-і сібірлік, 21,1-і солтүстікамерикалық, 14,4-і қиыршығыстық, 9,2-сі жапон-қытай аумақтық, 7,2 пайызы ортаазиялық түп тамырға жата- ды. Олар ағаштар, бұталар, саялы өскіндер жəне жартылай бұтақ тарамдары болып, үш дəлізді төрт топқа бөлінеді. Ғалымдарымыз табиғатпен неғұрлым үйлесімді байланыс- ты қамтамасыз ететін бау-бақша отырғызу өнерінің қайталанбас негізін қалыптастырды. Дендробақпен қолтықтас орналасқан арборетум мен популетумның табиғи құндылықтарымызды еселеудегі орны да өлшеусіз. Мұнда жолы түскен кісі өсімдіктер əлемінің қиял-ғажайып құшағына еніп кеткен- дей тебіренері сөзсіз. Табиғаттың қаталдығына қарамастан, осынау 11 гектарлық алқапта аса құнды өсімдіктер жайқалып тұрады. Қазіргі сақталғанының өзі 350 түрді қамтиды екен. Алуан мақсатта пайдаланылатын ағаштарды айтпағанда, дəрілік шөптер, сан алуан гүлдер, саялы бұтақтар, жеміс-жидектердің қалыңдығы қайран қалдырады. Бүгінде Бу- рабай дендробағына қатысты 150-ден астам ғылыми еңбек жазылып, ұжымдық жинақтарды қоспағанда, 70-ке тарта кітап жарық көрді. Сондай-ақ, оннан астам кандидаттық жəне докторлық диссертацияның қорғалуы дендробақ жүйесінің маңыздылығын дəлелдей түсетіндей. Бурабай бүгін үлкен өзгерістер құшағында. Оған қуанғанымызбен де, көзқарастың біржақтылығы қынжылтады. Бəрінен де барымызды сақтауға дəнекер болып отырған ғылыми дендробақтың бағы тайғанын айтсаңызшы. Соңғы он жыл- да маңызды нысанның қаржыландырылуы жұтаңдап барады. Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы жоқтан бар жасап отыр. Ғалымдар да үздіксіз дабылдатуын қояр емес. Бірақ, селт еткендей серпіліс шамалы. Д е н д р о б а қ Ш о рт а н к ө л і н ж а ғ а л а й орналасқан. Щучинск қаласы тиіп тұр. Қараусыз дүниедей көрінгендіктен, адамдардың жанашырлық сипаттағы сана-сезімі де өзгере бастағандай. Жұрт бұрынғыдай шарбақты айналып өтуді қойып, төтесінен тартады. Жеміс-жидекті тəртіп сақтап, тəптіштеп теруді ескермейтіндер айрықша қорғалатын алаптың топырақ құнарына нұқсан келетінімен де шаруасы жоқ. Ит-құс пен малыңыз да өріп жүреді. Қаншама маңдай тер төгілген нəзік өскіндер күл-қоқысты көтере ме, сөлі кетіп қуарып барады. Тиісті күтім көрмеген бақ көз алдымызда жабайыланып қалғандай əсер қалдыратыны өкінішті. Сол себепті, дендробақты қалайда сақтап қалу мəселесі өзекті болып отыр. Бүгінгі өлшеммен қарасақ, оған соншалықты аста-төк қаражат жұмылдырылмайтынын ғалымдардың жүргізген е сеп-қисаптары аңғартады. Республикалық орман шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының басшылығы жұмысты қалпына түсірудің алғашқы кезеңінде ең бол- маса еңсе тіктер теңге бөлінуін сұрап, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыс, аудан əкімдеріне бірнеше хат жолдаған. Əзірше алдарқатқан аяқ доптың кері болып тұр.

«Талап сақталмауда» -

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық жəне энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті іріктеп тексеру кестесіне сəйкес облыстың энергетикалық кəсіпорындарында заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексерістер жүргізуде.

Мəселен, «Степногорск Энерготранзит» серіктестігіне тексеріс жүргізген кезде Энерге- тика министрлігі бекіткен электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану, электр қондырғыларын орнату қағидаларының он бес тармағы талаптарының бұзылғандығы анықталды. О с ы ғ а н б а й л а н ы с т ы д е п а рт а м е н т т і ң қаулысымен Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 300 бабына сəйкес серіктестікке əкімшілік айыппұл са- лынды. Сондай-ақ, департамент «ЕНКИ» серіктестігіне қатысты тексеру жүргізді. Нəтижесінде электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының жиырма бес тармағы талаптарының бұзылғандығы белгілі болды. Кодекстің 300 бабына сəйкес департаменттің қаулысымен бұл серіктестікке де əкімшілік айыппұл салынып, басшылары жауапкершілікке тартылды.

Ержан ЕРТАЕВ,

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық жəне энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

«Кеңөткелдіктер жағдайы назарымызда болады» -

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 2016 жылғы 16 маусымдағы санында жарияланған Көкшетау қаласының тұрғыны Аманжол Ахметжановтың «Шағын ауылдың үлкен мəселелері» мақаласына байланысты мынаны хабарлаймыз:

«Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының ауыл қасындағы пайдаланып отырған жер асты сулары республиканың жер қойнауындағы байлығына жатады жəне де бұл мекеме бюджетке қажетті салығын төлеп отыр. Ұңғыманың орналасу орнын көрсету өндірушінің өзінің айрықша құзыреті болып табылады. Кеңөткел ауылында жалпы 1798 гектар егіс алқабы бар 21 шаруа қожалығы жəне жалпы 720 гектар егіс алқабы бар «Шағала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркеліп, жұмыс істеп жа- тыр. «Шағала» ЖШС-інің 82 үлескері бар. Жыл сайын егіннің шығуына байланысты орта есеппен əр үлескерге 300 келі бидай, 200 келі арпа жəне əлеуметтік серіктестік шеңберінде тегін 3 тонна сабан беріледі. Ауылда 70 үй бар. 305 адам тұрады. Осы ауыл қарайтын Троицк ауылдық округі əкімдігінің мəліметі бойынша ауыл тұрғындарының меншігінде 890 бас ірі қара, 375 бас жылқы, 520 бас қой бар. 677 гектар жайылым жер бекітілген. Жайылым жерлердің тапшылығына байланысты əрі ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы құрылымдарында егістік жəне жай- ылым жерлерінің үлестері бар болғандығына орай, халыққа өз малдарын осы құрылымдар есебінен қосымша жайылымдарға бағуға рұқсат берілген. Жол қатынасына келетін болсақ, қысқы кезеңде Кеңөткел ауылынан «Көкшетау - Атбасар» тас жолына дейін, Кеңөткел мен Айдарлы - Қарсақ ауылдарының жолдарына дейінгі жерлерді қардан тазарту меморандум бойынша «Шағала» ЖШС жəне «Қошпан» ШҚ көмектерімен жүргізілді. «Көкшетау - Атбасар» тас жолында автожол- дарды тазарту жұмыстарын дəл осылай «Зеренді - Астық» ЖШС, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Айтқожин», «Грань», «Шоқ қарағай» ШҚ атқарды. 2016 жылдың мамыр айында əлеуметтік əріптестік шеңберінде «Көкшетау минералды сулары» АҚ жəне «Зеренді Сервис» ШЖҚ МКК- ның арнайы техникасымен Кеңөткел ауылынан «Көкшетау - Атбасар» тас жолына дейін жабыңғы төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, «Көкшетау - Атбасар» тас жолынан Қошқарбай - Кеңөткел - Троицк - Қарсақ ауыл- дарына дейінгі автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру жəне тегістеу бойынша жұмыстар атқарылды. Ауылдың негізгі мектебінде 44 оқушы білім алады. 2011 жылы жергілікті бюджет есебінен мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Содан бері тоза бастаған мектеп едені биылғы жазғы маусымда жоспарлы түрде ауыстырылады. Үлгілік ережеге сəйкес негізгі мектеп мəртебесі оқушылардың жалпы контингентінің 41-ден 80 адамға дейінгі кезінде сақталып қалады. Сондықтан, Кеңөткел мектебінің мəртебесі өзгертілмейді, жабылуға жатпайды. Шағалалы өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аудан бюджетінде ақшалай қаражаттың жоқ бо- луына байланысты мүмкін болмай отыр. Кеңөткел ауылының тұрғындары пайдаланатын аспалы көпір көктемгі су тасқыны кезінде біршама бұзылды жəне соған орай, Троицк ауылдық округінің əкімімен көпірді қайта қалпына келтіру жөнінде жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Маңызды мəселелерді анықтап шешіп отыру жəне зерделеу мақсатында ақсақалдар алқасы мен əйелдер кеңесі құрылды. Олар бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сай қызмет атқарады. Тоқсан сайын ауыл əкімімен азаматтардың жиындары өткізіліп, оған аудан əкімі аппаратының өкілдері де қатысып тұрады. Газетте ауыл тұрмысына қатысты бірқатар маңызды мəселелер көтеріліп отыр. Сондықтан, Кеңөткел елді мекенінің жағдайы алдағы уақытта назарымызда болады.

Соңғы жаңалықтар