Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты бес томдық библиографиялық нұсқаулықтың тұсаукесері өтті

None
None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты бес томдық библиографиялық нұсқаулықтың, бұған қоса алғы сөзін Елбасы жазған «Мысырдағы мамлүк сәулет өнерінің тарихы» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді,

деп хабарлады оқу орынының баспасөз қызметі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты бес томдық библиографиялық нұсқаулықтың ерекшелігі туралы айтып өтті. Аталған басылымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастыруға қатысты оқиғалар хронологиялық тәртіпте көрсетілген.

Елбасы туралы толық библиографиялық басылым тұнғыш рет жасалынды.

Тұсаукесер шеңберінде Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған мен тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұрбек Шаяхметов сөз сөйледі.

«Мысырдағы мамлүк сәулет өнерінің тарихы» атты кітаптың тұсаукесері шеңберінде Мысыр Араб Республикасының ҚР-дағы елшісі Абдалла әл-Арнуси сөз сөйледі. Елші Қазақстан-Мысыр арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі бұл кітап маңызды оқиғалардың бірі болып табылатынын айтты.

Абдалла әл-Арнуси: «Осы кітаптың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында жарыққа шығуы Республика азаматтарына мамлүктердің мәдениетіне қол жеткізу мүмкіндігін береді және Қазақстан мен Мысыр арасындағы мәдени диалогқа үлкен үлес болып табылады», - деді.

Кітаптың авторлары: Бақытты Батыршаұлы, Сайлау Батыршаұлы, Болат Көмеков кітаптың құрылымы туралы айтап өтті. Кітапта мамлүктердің безендіру мәдениетін көрсететін фотоматериалдар өте көп екені айтылды. Бұл оқырманға материалды тез түсінуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар
telegram