Л.Кэцян: Қытай ТМД елдері ішінде Қазақстанға барынша мол инвестиция құюда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ТМД елдері ішінде Қазақстанға барынша мол инвестиция құюда. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен келіссөздер өткізгеннен кейінгі брифингте ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлім етті.
None
None

«Біз бірлескен күш жігеріміздің арқасында ынтымақтастығымыздың жаңа жарқын беттерін аштық. Қазіргі таңда Қытай Қазақстанның ірі екінші сауда экономикалық серіктесі болып табылады. Ал шетелдік инвестициялар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орында тұр», - деді Л.Кэцян.

Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, Қытаймен жасасатын сыртқы сауда операцияларында Қазақстан өңір бойынша екінші орынға шығып отыр.

«Алдағы уақытта біздер ынтымақтастығымызды энергетика салалары мен шикізаттық емес секторға көшіруге, сонымен бірге өңірлік деңгейдегі біздің компаниялар арасындағы ынтымақтастықты еселей түсуге қол жеткізе алар едік», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар