Лаңкестік әрекеттердің дінге қатысы жоқ - Атыраудың «Иманғали» мешітінің бас имамы

«Исламның Аллаһ тағаланың жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін түсірген соңғы діні болып табылатыны белгілі, Ислам сөзінің өзі бейбітшілік пен сәттілікті білдіреді. Сондықтан да әр мұсылман бір-бірімен көріскенде бірінші кезекте күнделікті күйбең тіршілік жайлы сұрамай, оған бейбітшілік пен саулық тілейді, ол дегеніміз мұсылмандардың лексикасында және этикетінде жақсылық нышаны тығыз орнаған деген сөз. Нағыз мұсылман соғыстар, қантөгіс, қандай да болсын көтеріліс және өзіне-өзі қол салуға қарсы», - дейді Нұрбек қажы Есмағанбетов.
Еске сала кетсек, 31 қазан күні Атырауда екі жарылыс болды. Бірінші жарылғыш құрылғы облыстық әкімдік ауласындағы қоқыс жәшігінде, екіншісі «Сарыарқа» тұрғын үй алабында іске қосылып, лаңкес қаза тапты.
Жарылыс фактілері бойынша облыстық прокуратура «Лаңкестік» бабымен екі қылмыстық іс қозғады.