12:11, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Лаңкестік қатерлерге байланысты қазақстандықтарға Мысырдың кей өңірлеріне бармауға кеңес берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Мысырда лаңкестік орын алуы мүмкін болғандықтан, ол жердегі қазақстандық туристерден сақтық танытуларын сұрайды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
«Синай түбегінде лаңкестіктің жоғары қаупіне және Мысыр басшылығының радикалды қылмыстық топтарды ұстау іс-шараларына орай, ТИК қазақстандық туристік операторларға Қызыл теңіздегі (Хургада мен оның маңындағы аудандар, Марса Аллам) аймақтарға, Шарм-эль-Шейх пен Дахаба курорттарындағы жұмыстарға үлкен ден қоюларын сұрайды. Жағдай тұрақталғанға дейін қазақстандық туристер аталмыш түбектен өзге аймақтарға, соның ішінде Табу мен Сант-Катрин аудандарына барудан бас тартқандары жөн», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар комитет Мысыр еліне, соның ішінде Каир, Александрия, Асуан мен Луксор қалаларына бармауға кеңес береді. Мысырда жүрген қазақстандық туристердің лицензиясы жоқ мысырлық агенттердің қызметіне жүгінбегендері ләзім.