Лапландия тұрғындары метеориттің қалай құлағанын көрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лапландия мен Солтүстік Норвегия тұрғындары бейсенбі күні кешкісін аспаннан метеориттің құлауын бақылады. Бұл жайлы фин жедел қызметінің өкілі Маури Саниола мәлім етті, деп хабарлайды Yle телеарнасы.
Бейсенбі күні кешкісін аспаннан төменге қарай өте тез жылдамдықта құлдилап, Жермен жанасқаннан кейін жарқыраған жарыққа айналған отты шар байқалған. Куәгерлердің айтуынша, отты шардың ұшуы шамамен бес-жеті секундқа созылған.
«Шар жоғалып кеткеннен кейін, қатты дыбыс естіліп, тіпті үйлердің тербелгені байқалды», - деді Саниола.
Фин телеграфтық бюросының мәліметінше, оқиғадан кейін құтқару қызметіне толассыз қоңыраулар шалынған.
Қазіргі уақытта Лапландия үстінен метеорит ұшып, белгісіз орынға құлады деген тұжырым жасалып отыр.