Лас ауа жүкті әйелдердің түсік тастау қаупін арттырады – зерттеу

«Бейжің университетінің ғалымдары 2009 – 2017 жылдар аралығындағы 255 мың жүкті әйелдің медициналық карталарын зерттеп шықты. Олар әйелдердің білім деңгейі, мамандығы, тұрғылықты жері секілді критерийлерді ескерді», деп жазады басылым.
Зерттеу барысында ғалымдар әр әйел тұратын жердің ауасының ластану деңгейін қарап шықты.
«Зерттеу барысында 17 477 әйелдің (6,8%) жүктіліктің алғашқы үш айында түсік тастағаны анықталды. Ғалымдардың айтуынша, олардың барлығы ауа ластану көрсеткіші өте жоғары жерлерде тұрған немесе жұмыс істеген», деп жазады автор.
Оның айтуынша, ғалымдар жүкті әйелдерге ауа ластанбаған жерлерде көбірек болуға кеңес берген. Дегенмен, ДДҰ мәліметінше, Бейжің әлемдегі ең ауасы лас қалалардың қатарында 122-орында тұрғандықтан, бұл кеңеске құлақ асу қиын.