Лас-Вегастағы Tesla Cybertruck жарылысы: Күдікті анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ол Колорадо штатыда тұратын 37 жастағы армия ардагері Мэттью Ливельсбергер болып шықты, деп хабарлайды New York Post.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Ливельсбергер жаңа жыл түні Trump халықаралық қонақүйінің тұрағында өртенген электрлі пикапты жалға алған. Жарылыс кезінде Теслада отшашу минометтері, кемпингке арналған жанармай және құты болған.
Жарылыс салдарынан жүргізуші қаза тауып, кемінде жеті адам жараланды.
Жергілікті БАҚ сонымен қатар Ливельсбергердің Колорадо штатында бірнеше мекенжайы бар екенін, олардың бірін сәрсенбінің соңында федерациялар іздегенін хабарлады.
ФТБ оқиғаны теракт болуы мүмкін деп болжады.
Айта кетейік, сәрсенбі күні Лас-Вегастағы Trump International қонақүйінде электрлі Cybertruck пикаптың жарылуы болды.
Кейінірек АҚШ барлау агенттіктері Жаңа Орлеандағы теракт пен Cybertruck жарылысының байланысын зерттеп жатқаны хабарланды.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та Дональд Трамптың қонақүйінің жанында Tesla өртенгенін жаздық.