Лас-Вегастағы қылмыскердің үйінен көп қару-жарақ табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Лас-Вегастағы (Невада штаты) қанды қырғынды ұйымдастырушы қылмыскерінің үйін тінту барысында 18 дана қару-жарақ, жарылғыш зат және оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Бұл туралы дүйсенбі күні Лас-Вегас шерифі Джозеф Ломбардо баспасөз конференциясында мәлім етті.

«Енді мен Невада штатындағы Мескиттегі қылмыскердің үйін тінтудің нәтижесі жайлы нақты ақпараттар бере аламын. Тінту барысында 18 дана дәрімен атылатын қару, оқ-дәрілер, жарылғыш зат және электр құрылғылары табылды. Біз қазір оларды зерттеп жатырмыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, жексенбі күні кешкісін Лас-Вегастағы  Mandalay Bay қонақ үй-сауықтық кешенінің маңында болған концертте атыс болды. Полиция мәліметтерінше, қонақ үйдің 32-қабатынан 64 жастағы Стивен Пэддок оқ жаудырған. Ол тәртіп сақшылары келгенше өз-өзіне қол жұмсап үлгерген. 

Соңғы жаңалықтар