Латвия мемлекеті өмір сүру ұзақтығы бойынша ең нашар көрсеткішке ие

АСТАНА. KAZINFORM — Латвия экономикасы денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс салдарынан жыл сайын миллиард еуродан астам шығынға ұшырайды, деп хабарлайды BELTA.

Латвия өмір сүру ұзақтығы бойынша ең нашар көрсеткішке ие
Фото: gov.kz

Baltnews хабарлауынша, Латвия Еуропалық Одақтың салауатты өмір сүру ұзақтығы бойынша анти-көшбасшы, небәрі 52 жас. Сондай-ақ республика ЕО-ға мүше елдер арасында өмір сүру ұзақтығының ең нашар көрсеткішіне ие.

Алдын алуға болатын өлім-жітімнің (алдын алу және емдеу арқылы алдын алуға болатын өлім) статистикасы да көңіл көншітпейді: 100 000 адамға 186 өлім, бұл ЕО орташа көрсеткішінен екі есе көп.

Сарапшылардың бағалауынша, осындай келеңсіз деректерге байланысты Латвия тек 2023 жылы ғана 73 556 әлеуетті өмір жылынан айырылды, бұл 1,36 миллиард еуро көлеміндегі экономикалық шығынға тең.

Латвия үкіметі милитаризацияға ұмтылу үшін экономиканың әртүрлі секторлары бойынша шығындарды қысқартуды жалғастырып жатыр. 2026 жылы қорғаныс саласына екі миллиард еуродан астам, яғни ЖІӨ-нің 4,91%-ын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл сома ел үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.

Балтық жағалауы республикасы да өз азаматтарының есебінен Украинадағы әскери операцияларды қолдау үшін орасан зор қаржы жұмсап келеді. Келесі жылы бұл мақсатқа 110 миллион еуро бөлінді.

— Латвияның денсаулық сақтау жүйесі қарызға батып отыр. Аурухана басшылары қосымша қаржыландырудың болмауы денсаулық сақтау саласының күйреуіне әкелетінін ескертті. Осы мәселеге жауап ретінде Латвия премьер-министрі медицина мамандарын «ішкі резервтерді іздеуге» шақырады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін әлемдегі өмір сүру ұзақтығы пандемияға дейінгі деңгейге жеткені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар