Латвия мен Ресей шекарасына ұзындығы 23 шақырымдық қабырға тұрғызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Латвия мен Ресей шекарасында ұзындығы 23 шақырым болатын қабырға пайда болды. Бұл туралы Латвия Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Евгения Позняк мәлім етті, деп жазды РИА Новости.
None
None

Позняктың айтуынша, бұл бөгет заңсыз иммигранттардың өтуіне жол бермеу үшін қажет. Дуал тұрғызудан бөлек, 65 шақырым болатын шекаралық жолақ жабдықталды.

Бұл құрылыс 2015 жылы басталған, оны 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Биыл шекараны жайластыруға 6,3 миллион еуро бөлінген. Бұл қаражат 150 шақырым шекара жолағы мен 60 шақырым қабырға құрылысына жұмсалады. Тікенекті сымды қосқанда, ең төменгі биіктігі кем дегенде 2,7 метр болады. 

Соңғы жаңалықтар