Латвия Президенті маусым айының басында Қазақстанға ресми сапармен келеді

АЛМАТЫ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру керек. Бұл мәселе бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан-Латвия ынтымақтастығы: Еуропадағы бизнестің жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын тәжірибелік семинарда талқыланып жатыр.
None
None

«Маусым айында Латвия Президенті Андрис Берзиньш Қазақстанға ресми сапармен келеді. Жақын арада делегация мүшелерінің тізімі белгілі болады. Бұл шара кезінде Латвия кәсіпкерлерінің қазақстандық іскерлік қауым өкілдерімен кездесуі өтеді», - дейді Латвияның Қазақстандағы Елшісі Юрис Маклаковс. Оның айтуынша, Латвия Президентінің Қазақстандағы бұл сапары кезінде бірқатар мәселелер талқыланбақ. Онда қаралатын жәйттар қазір нақтыланып жатыр. Мәселен, соның бірі екі елдің арасындағы әуе қатынасын қайта жандандыру жөнінде болмақ. Латвия өз тарапынан «Эйр Астана» әуе компаниясына Ригаға әуе рейсін жасауына рұқсат бермек.

Соңғы жаңалықтар