Латвиялық үздік джаз-бэндтердің бірі Марис Бриежкалнс ЭКСПО алаңында өнер көрсетуде

Алдымен екі елдің ұлттық тулары көтеріліп, мемлекеттік әнұрандары орындалды. Осыдан кейін Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин құттықтау сөз сөйледі. Ол ағымдағы жылы Қазақстан мен Латвия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатындығын, осы арлықта екі елдің саяси-экономикалық байланыстары нығайып, жоғары деңгейге көтерілгендігін баса атап өтті.
«Мен үшін Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Латвияның Ұлттық күнінің ашылу салтанатында барлығыңызды қарсы алу үлкен мәртебе. Латвия павильонының «Кездесу орны - Латвия. Энергия - табиғатыңызда» атауы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл тақырып Латвияның жасыл энергиясы сияқты табиғи құндылықтарымызды, сондай-ақ түрлі секторларда біздің компаниялар мен біліктілігі жоғары сарапшылар арқылы жоғары қосылған құн жасау қасиетімізді де қамтиды. Соңғы 25 жыл ішінде заманауи даму үшін қажетті мөлдірлік пен өзара құрмет сияқты өзара түсіністік пен жалпы алғышарттарды болжауға негізделген Латвия мен Қазақстан арасында тығыз ынтымақтастықты құра білдік», - деді келесі кезекте сөз алған Латвия Президенті Раймонд Вейонис.
Сонымен қатар, ол Қазақстан мен Латвия тарихының ұқсастығы бар екендігін атап өтті.
«Бұл бір-бірімізді жақсы түсінуге, саяси келіссөздерді дамыту мен түрлі мәдениетімізді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әрі қарайғы бірлескен жетістіктер үшін күшті негіз болап табылатын жемісті экономикалық ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Қазақстан өңірдегі Латвияның ірі сауда серіктесі болып табылады. Біздің елдер арасында экспорт пен импорт айналымының біртіндеп қарқын алып келе жатқанын бақылап отырмыз. Қазақстанның имфрақұрылымы өте жақсы дамыған әрі Қытай мен Орталық Азияның көршілес жатқан елдерімен тығыз байланыс арқылы жоғары артықшылыққа ие», - деді Латвия Президентті.
Салтанатты шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Латвияның танымал әншісі, музыкант әрі композитор Интарс Бусулис пен латвиялық үздік джаз-бэндтардың бірі Марис Бриежкалнстың квинтеті өнер көрсетуде.
Латвия Ұлттық күнінің мәдени бағдарламасы аяқталғаннан кейін Латвия Президенті Раймонд Вейонис «Нұр әлемге» және өз елінің павильонына барады деп күтілуде.