Латыш туристеріне қастандық жасағандар құрықталды - Ақмола облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы ауылдың тепсе темір үзер төрт жігіті меймандарды ұрып-соғып жеке заттарын, екі мың АҚШ доллар ақшасын тартып алған. Жәбірленушілердің мәлімдеуінше, олар еуропалық нөмірлі Мерседес-Бенц 1113 маркалы жеңіл көліктерімен Қазақстанды туристік мақсатта аралап шықпақ болған. Бағыттары - Алматы қаласы. Ауыр жарақаттанған меймандар Астанадағы травмотологиялық ғылыми-зерттеу институтына жеткізілген. Қазір жағдайлары жаман емес көрінеді. Алдын ала жүргізілген тексеріс барысында 1973-1980 жылғы күдіктілердің үйлеріндегі Ауди-100 көлігінен туристердің сандық фото-бейне жабдықтары, еуро, доллар, лат, рубль тәркіленді. Қазір олардың үстінен ҚР ҚК-сінің 179-шы бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Қылмысқа қатысты қалғандары іздестірілуде.