Лавров Аляска саммитіне қатысады

АСТАНА.KAZINFORM — Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 15 тамызда Аляскада өтетін Ресей-АҚШ саммитіне қатысады, деп хабарлайды ТАСС.

Лавров Аляска саммитіне қатысады
Фото: mid.ru

Бұл туралы брифингте РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Алексей Фадеев мәлімдеді.

— Өздеріңіз білетіндей, әсіресе алдыңғы әкімшіліктердің жұмысы кезінде екі елдің қарым-қатынасы айтарлықтай төмендеді. Бұл кездесу көшбасшылардың украиналық дағдарыстан бастап, Халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан аса маңызды саналатын қалыпты, функционалдық екіжақты диалогты қалыптастыру жолындағы кедергілерге дейінгі барлық қордаланған мәселелерді талқылауға мүмкіндік беруі тиіс, — деді Фадеев.


Айта кетейік, өткен аптада Трамп Путинмен кездесу 15 тамызда Аляскада өтетінін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшылары Анкоридж қаласындағы әскери базада кездеседі.

Ұйымдастырушылар үлкен штаттағы кездесуді өткізуге қолайлы нұсқалары бар жалғыз қала — Анкоридж деген қорытындыға келді. Ал бұл тарихи кездесудің қауіпсіздік талаптарына қаланың солтүстік шетінде орналасқан Эльмендорф-Ричардсон әскери базасы ғана жауап береді.