Лавров Путин мен Зеленскийдің кездесуіне қатысты шартты атады

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген, деп хабарлайды ТАСС

Лавров Путин мен Зеленскийдің кездесуіне қатысты шартты атады
Фото: ТАСС

Алайда мұндай кездесудің өтуі үшін алдымен министрлер мен сарапшылар жоғары деңгейде қаралуы тиіс мәселелерді жан-жақты пысықтап, қажетті ұсыныстар дайындауы қажет.

— Болашақта келісімдерге қол қоюға жеткен жағдайда, оларды украин тарапынан кімнің заңды түрде рәсімдейтініне қатысты мәселе де шешілуі тиіс, — деді Лавров.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский кездесуді Австрияда, Швейцарияда немесе Түркияда өткізуге келіскенін, бірақ Ресейде немесе Венгрияда болмайтынын айтқан еді.

Еске салсақ, 18 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Зеленский және Еуропа елдерінің басшыларымен кездесіп, кейін Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен. Осыдан соң Ақ үй Ресей мен Украина президенттерінің кездесуін ұйымдастыруды жариялаған болатын

Соңғы жаңалықтар