Ләззат Ибрагимова: «Отбасы банк» алдағы 3 жылда несиелік баспана санын азайтпайды

Ибрагимова
Фото: ҚазАқпарат

«Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимова жыл сайын банк арқылы берілетін несиелік баспананың 50 пайызы Астана, Алматы, Шымкент қалаларына тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біз жыл сайын 75-80 мың несие береміз. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының үлесі 45-50 пайыздай болады. Яғни, 45-50 мың несие осы үш қалаға беріліп жатыр. Сол жоспармен келе жатырмыз», - деді ол.

Банк басшысы алдағы үш жылда осы көлем өзгермейтінін айтады.

«Жоспар өзгермейді. Тек қазір борышкерлерге несие беру үшін біз бағалау көрсеткіштерін енгізіп жатырмыз. Сол бағалау көрсеткішін көтеріп жатырмыз. Қазір 2,5 болса, кейін 6-7 деңгейіне көтеру жағын ойластырып отырмыз. Яғни, бірінші кезекте баспанаға ақшаны тұрақты жинақтаған адамдар алады», - деді Ләззат Ибрагимова.

Соңғы жаңалықтар