Леди Гага Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM –  Леди Гага 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті.

Гага
Фото: видеодан кадр

Леди Гага Сена өзеніне баспалдақпен төмен түсіп, ашылу салтанатында ән айтты. Ол француз әртісі және әнші Зизи Жанмердің Mon truc en plumes әнінің нұсқасын орындады. 

Гага
Фото: видеодан кадр

Осыған дейін Селион Дион ашылу салтанатында өнер көрсетуі мүмкін екені айтылған болатын. Олимпиада ұйымдастырушылары оның Эйфель мұнарасында сахнаға шығатынын растады.

Соңғы жаңалықтар