11:34, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Лемье пен Стивенс Головкинмен қарымта кездесу өткізгісі келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Давид Лемье және америкалық боксшы Кертис Стивенс 11 наурызда өтетін жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда, Геннадий Головкинмен қарымта кездесу өткізуге қарсы еместігін атап өтті, деп хабарлады Sports.kz.

«Жеңімпаз (біздің Стивенспен айқасымыздағы) Головкинмен кездескісі келеді. Бірақ менің ойымда тек алдағы айқас», - деді Лемье ESPN-ге берген сұхбатында.
«Алдымен сенбіде өтетін жекпе-жегімізді өткізіп алайық. Келесісін сосын болжаймыз», - деді Стивенс.
Еске салсақ, екі боксшы да Головкиннен техникалық нокаутпен жеңілген.