Ленин кентінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарамасы бойынша қоныс аударушыларға 90 пәтер салынады - Павлодар

ВЛОДАР. 17 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливенцова/ - Павлодар маңындағы Ленин кентінде жаңа көшелер көбейіп келеді, мұнда екіпәтерлік 45 коттедждің құрылысы жүргізілуде. Салынып жатқан жаңа шағынауданда облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Ол салынып жатқан үйлердің әсіресе, сапасына зор көңіл бөлді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша болашағы жоқ ауылдардан қоныс аударатындарға үй салу үшін республикалық бюджеттен 483 млн.теңге бөлінді.

Болашақ қоныстанушылар қала кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби даярлықтан өтеді.

Көшіп келушілерге салынатын үйлер жайлы болмақ - жергілікті бюджеттен электрмен жабдықтау, су құбыры желілері, шаруашылық құрылыстары үшін қосымша 455 млн.теңге бөлінді.

Үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар