Ленинградтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігіне арналған ақпараттық портал ашылады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жаңа әлеуметтік ақпараттық портал ашылғалы отыр, оның адресі - www.leningradpobeda.ru.
None
None

Қалалық үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл ресурс ақпараттық, интерактивтік және әлеуметтік бөлімдерден тұратын болады.

Порталға бұрын-соңғы бұқара халық көрмеген фотосуреттердің бірегей мұрағатын орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, соғыс ардагерлерінің, қоршаудағы Ленинград тұрғындарының, концлагерьлерде болған тұтқындардың фотосуреттері мен әңгімелерінің де «мұрағаты» құрылмақ. Оған қоса порталға қоршау жылдарындағы радио-архивтерді орналастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап порталда «Ленинград қоршауының виртуалды мұражайын жасауға көмектес» деп аталатын бірегей жоба іске қосылуда. Бұл жобаға атсалысқысы келетін кез-келген азамат отбасында сонау сұрапыл жылдардан сақталып келе жатқан жәдігердің фотосуреті мен оның тарихы туралы қысқаша әңгіме жолдай алады.

Соңғы жаңалықтар