Ленинский ауылындағы жаңа дәрігерлік емхана емделушілерін қабылдай бастады - Павлодар
деп хабарлады облыс орталығы әкімінің баспасөз қызметі. Ауылдық шипажайдың символикалық кілтін құрылысшылар емхана меңгерушісі Баян Қасымоваға табыс етті.
Тұрғындар үшін үлкен, жақсы жабдықталған емхана - тамаша жаңажылдық сыйлық. Ескі емхананың бейімделген тар ғимаратында әрқашан кезектер болып, мамандар көмегін алу үшін жеті шақырым жүріп, облыс орталығына баруға тура келетін.
10 мың тұрғыны бар ауылда медициналық мекеме құрылысына қалалық бюджеттен 235 млн. теңге бөлінген. Оған алты физиоаппарат, гематологиялық талдағыш, стоматологиялық жабдықтар сатып алынды, күндізгі стационар палаталары жабдықталды. Емхана ғимараты кең, жылы және жайлы.
Ауылдықтарды атаулы оқиғамен құттықтай отырып, қала әкімінің орынбасары Айым Қанафина жақын уақытта Ленинский ауылында Мәдениет үйі, балабақша және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қоныс аударушылар үшін үй салынатынын хабарлады.