08:44, 20 Маусым 2024 | GMT +5
Лео Игита «Қайрат» футзал клубымен қоштасу ойынын өткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны және «Қайрат» клубының ойыншысы Лео Игита алматылық командамен қоштасу ойынын өткізді.

Матч қақпашының достары және «Қайрат» АФК ойыншылары арасында өтті. Ойыннан соң спорттық шараны ұйымдастырушылар Игитаға құрмет көрсетіп, шапан жапты.
Айта кетсек, Лео мансабын осы маусымның чемпиондары – Семейдің футзал клубында жалғастыруы мүмкін. Сонымен қатар оған бразилиялық футзал клубтары да қызығушылық танытып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Астана» және «Ақтөбе» клубтарының эмблемасын таптаған Лео Игитаның басы дауға қалған еді. ҚФФ футзалшының әрекетіне байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ Лео Игитаның әрекеті үшін «Қайрат» футзал клубына айыппұл салынды.