Леонардо да Винчи салған аюдың бас суреті рекордтық сома - £8,9 миллионға сатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Christie's аукционында Леонардо да Винчи салған аю басының нобайы сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оны £8,9 миллионға (шамамен 12,3 млн АҚШ доллары) сатып алды. Бұл – итальян суретшісінің туындысы үшін рекордты сома.

«Сурет— Леонардо да Винчидің сызбашы ретіндегі шеберлігінің керемет дәлелі», - делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында.

Нобай – бұл қызғылт-ақшыл сары қағазға күміс қарындашпен салынған 7x7 см өлшемді сурет. Ол 1480 жылдардың бірінші жартысында жасалған. Бұл – суретшінің қолтаңбасы бар бірнеше туындыларының бірі.

Сатып алушының есімі жария етілмей отыр. Ал бұдан бұрынғы рекорд Леонардо Да Винчидің «Жылқы мен салт атты» туындысы үшін орнатылған еді, оны £8,1 миллионға сатып алды.


Соңғы жаңалықтар