Леонардо Ди Каприоға тұңғыш рет «Оскар» сыйлығы берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Леонардо Ди Каприо бірінші мәрте «Оскар» сыйлығын алды, оған Америка киноөнері академиясының жүлдесі «Үздік актер» номинациясында берілді, деп хабарлайды әлемдік БАҚ.

Леонардо Ди Каприоға тұңғыш рет «Оскар» сыйлығы берілді

Америка киноөнері академиясының сыйлығын тапсыру салтанаты голливудтың «Долби» театрында өткізіліп жатыр.

Ди Каприо режиссер Алехандро Гонсалеса Иньярритудың «Жансебіл» (The Revenant) фильмінде аңшы Хью Гласстың рөлін сомдаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін актер «Оскарға» бес рет ұсынылған.