«Lexus» қағып кеткен ер адамның жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері «Lexus» қағып кеткен ер адамның жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, ер адам қазір №7 ауруханада жатыр. «Оның жағдайы түскен кезде орташа болды. Миы шайқалып, екі жіліншігі тізеден төмен сынған. Оған ота жасалды. Қазір бөлімшеде жатыр», - деді баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жол апаты «Алматы Арена» спорт сарайы маңында болды. Момышұлы көшесімен жоғары жылдамдықпен жүйткіген «Lexus» көлігі жолдан өтіп бара жатқан бір отбасыны қағып кеткен. Соққы әкесі мен қызына тиген, анасы мен ұлы аман қалды. Үйдің отағасын жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ал бойжеткен ауруханаға жатудан бас тартты

Соңғы жаңалықтар