19:07, 11 Қараша 2016 | GMT +5
Лейпциг әуежайында әлемдегі ең үлкен ұшақ отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лейпциг неміс қаласының әуежайында әлемдегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» ұшағы қозғалтқыштарының бірі жанды. Оқиға куәгерлері болған жайтты камераға түсіріп алған, деп хабарлайды Sachsen Fernsehen.

Өртті ауыздықтауға тоғыз өрт сөндіру машинасы келген. 15 минуттан соң өрт сөндірілді. Қазіргі уақытта «Мрияның» ұшуын қашан жалғастыра алатыны анықталуда. Leipziger Volkszeitung ақпараты бойынша ұшақ Чилиге бағыт алған.