LG Electronics көпшілік назарына адамның дауысымен басқарылатын сағатты ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - LG Electronics компаниясы LG G Watch деп аталатын жаңа смарт-сағатты көпшілік назарына ұсынды. Сағат Google компаниясы шығарған Android Wear операциялық жүйесімен жабдықталған, деп хабарлайды vesti.ru.
None
None

Жаңа сағаттың ерекшелігі сол, оны дауыспен команда беру арқылы басқаруға болады. Сағаттың экраны кішкентай, оның үстіне егер жарық жеткіліксіз болса, оның тілі мен сандарын көру оңай емес. Сондықтан оны әсіресе жүріп бара жатқан сәтте команда беру арқылы басқару ыңғайлы бола түспек. Сағаттағы Android Wear операциялық жүйесі тұтынушыларға ғаламтор беттеріндегі ең соңғы жаңалықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі - бұл «уақыт әміршісі» арқылы әрбір жан өзінің денсаулығын бақылай алады. Сонымен қатар, онда жаттығуларды үйлестіруге көмектесетін фитнес-монитор жүйесі енгізілген. Ол, мысалы, жүру жылдамдығыңыз бен жүріп өткен жолыңыздың қашықтығын экранға шығарып береді.

Соңғы жаңалықтар