Ли Кэцян: Қытай ШЫҰ елдеріне ауыл шаруашылығы технологияларын таратуға 50 млн. АҚШ долларын бөлуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ШЫҰ елдеріне ауыл шаруашылығы технологияларын таратуға және кадрларды дайындауға 50 млн. АҚШ долларын бөлуге дайын. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян айтты.
None
None

Қытай тарапы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыра түсуге, Ұйымға мүше мемлекеттермен ауыл шаруашылығы тауарлары және азық-түліктің ақпараттық формасын талқылауға дайын. «Біз ауыл шаруашылығы технологияларын таратуға және кадрларды дайындауға 50 млн. АҚШ долларын бөлуге дайынбыз», - деді Л.Кэцян.

Сонымен қатар ол қытай тарапының қоршаған ортаны қорғау саласы мамандарын дайындауға мүмкіндік жасап, денсаулық сақтау саласындағы байланыстарды кеңейтуге әзір екендігін атап өтті.

«Осы ретте біз жұқпалы ауруларға қарсы тұрудың бірлескен іс-қимыл тетігін әзірлеуге де дайынбыз», - деді Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері.

Соңғы жаңалықтар