Лицензиясыз бағдарламалық қамсыздандыруды қолданушылар 3 жағдайдың бірінде вирусқа тап болады

Майкрософт Қазақстан компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, вирусты жұқтырған жағдайда оны анықтап, салдарын жою үшін қолданушылар 1,5 млрд. сағат уақыты мен 22 млрд. долларын жұмсауына тура келеді. Корпорациялар болса, вирустық кибершабуылдардың салдарын жою үшін 114 млрд. доллар жұмсайды екен.
Компьютер қолданушылардың кейбіреулері қарақшылық бағдарламалық қамсыздандыру арқылы қаржысын үнемдеп қалуға тырысады, алайда олар осындай жағдайларда компьютерлік вирусты жұқтырып алу қаупі бірнеше есе артатынын түсіне бермейді. Зерттеушілер компьютермен бірге сатып алынбаған жалған бағдарламалық қамсыздандырудың 45 пайызы интернет желісінен жүктелгенін анықтады. Олардың 78 пайзында қандай да бір вирус бар болып шықса, 36 пайызы Троянмен немесе оған ұқсас бағдарламалармен жұқтырылған. Зерттеу қорытындыларына қарағанда: сауалнамаға жауап берушілердің 64 пайызы жалған бағдарламалық қамсыздандыруды қолданушылар қауіпсіздікке қатер төндіретін қиындықтарға тап болатынын біледі. 45 пайыз жағдайда жалған бағдарламалық қамсыздандыру дербес компьютердің жұмыс жылдамдығын төмендетіп, оны компьютерден алып тастауға себеп болған.