Лихтенштейнде үкіметті алғаш рет әйел басқарады

АСТАНА. KAZINFORM — Лихтенштейндегі сайлауда Бригитта Хаастың «Отан Одағы» партиясы 38 пайыздан астам дауыс жинады, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Лихтенштейнде үкіметті алғаш рет әйел басқарады
Фото: www.krone.at

Жексенбі күні Лихтенштейн халқы заңгер Б.Хаастың үкіметті басқаруына дауыс берді. Оның «Отан одағы» партиясы 38,3% дауыс жинап, 27,5% дауыспен екінші орын алған прогрессивті азаматтық партиядан едәуір озып кетті.

Ірі партия дәстүрлі түрде елдің премьер-министрін тағайындайды. 

Ханзада Ханс-Адам II Мемлекет басшысы, бірақ оның үлкен ұлы ханзада Алоиз 2004 жылдан бастап регент ретінде оның міндетін атқарып келеді. Ол монархияға көбірек күш берген 2003 жылғы референдумнан кейін заңдарға вето қоюға құқылы. 

Дауыс беруге 16 171 сайлаушы қатысып, келушілер саны 76,3%-ды құрады.

Бұған дейін Солтүстік Македонияның алғашқы әйел президенті ресми түрде қызметке кіріскен болатын.

Соңғы жаңалықтар