Лионель Месси клубтар арасындағы әлем чемпионатын аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Лионель Месси ойын көрсететін АҚШ-тың «Интер Майами» командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатында 1/8 финалды аяқтады.

Бұл клуб жарыстың аталған сатысында Францияның «Пари Сен-Жермен» командасымен шеберлік байқасты.
Бірінші кезеңде франциялық клуб тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде қатарынан төрт гол соғып үлгерді. Алдымен олардың қатарынан Жозу Невеш 6-минутта есеп ашса, ол 39-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Одан кейін «Интер Майами» сапынан Томас Авилес 44-минутта басымдықты арттырса, Ашраф Хакими 45-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
Бразилиялық клуб 1/8 финалда қосымша кезеңде «Ботафого» (Бразилия) клубын, англиялық клуб Португалияның «Бенфикасын» 4:1 есебімен сүріндірді.
Енді 30 маусымда «Интер» (Италия) мен «Флуминенсе» (Бразилия), 1 шілдеде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Ювентус» (Италия), «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) мен «Манчестер Сити» (Англия) ойнайды.
Ал 2 шілдеде «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Монтеррей» (Мексика) шеберлік байқасады.
Қазірге дейін ¼ финалға «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси» командалары жолдама алды.