15:21, 25 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Лисаков қаласында әйел көпірден секіріп кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласының орталық көпірінен 34 жастағы келіншек секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл ақпаратты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады.

«Лисаков қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне бір әйелдің өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат түсті. Жедел жәрдем қызметі көпірден секіріп кеткен тұрғынға алғашқы көмек көрсетіп, құтқарып қалды. Қазір 34 жастағы келіншек қалалық ауруханада жатыр. Жағдайы бірқалыпты», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің «Суицидке итермелеу» бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.