12:12, 20 Мамыр 2019 | GMT +5
Лисаков тұрғыны балконнан секіріп кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласының 32 жастағы тұрғыны үшінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады.
«Кеше күндізгі сағат 12:00-де Лисаков қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғынынан хабар келіп түсті. Әйел адам психиатрдың бақылауына алынған баласының 3 қабаттағы балконынан секіріп кеткенін айтқан», - деді Ирина Беженарь.
Жедел-жәрдем қызметі балконнан секіріп кеткен 32 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізді.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.