Лисаковск қаласында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

Бұған дейін, 2012 жылдың қарашасында осындай екі орталық Жітіқара және Арқалық қалаларында, ал үшіншісі, 13 ақпанда Рудный қаласында ашылған болатын. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл 2012 жылдың мамыр айында Үкімет бекіткен 2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасының аясында жасалған Кәсіпкерлердің құзырет орталықтарын дамыту тұжырымдамасы бойынша жүзеге асып отыр. Онда кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсетудің үш деңгейлік жүйесі енгізілді - облыстық қалалар деңгейінде (КҚО - кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары), шағын қалалар (КҚО - Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары) және аудандар (КҚМО - Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтары).
КҚО ұсынатын кешенді қызмет түрлері - өз бизнесін ашудан бастап, оны тиімді басқаруға дейінгі кәсіпкерліктің барлық үдерістерін қамтиды. Онда кәсіпкерлерге тегін заң көмегі көрсетіліп, қызметкерлерді іріктеу, бухгалтерлік, салықтық және маркетингтік мәселелер бойынша консультация беріледі. Кәсібін жаңадан бастаған және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер КҚО-дан шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша яғни: субсидия, кепілдіктер, гранттар және микрокредиттер бойынша толық ақпарат алуларына болады.