Лиссабонда қазақстан-португалия сыртқысаясатаралық консультациялары өтті

Келіссөздер барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың басқарған қазақстандық делегациямен екіжақты экономикалық, мәдени-гуманитарлық және саяси қарым-қатынасты дамыту, сонымен қатар халықаралық ұйым аясында ынтымақтастық мәселелері қаралды. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізуге байланысты еліміздің кандидатурасын қолдау мәселесіне ерекше ден қойылды.
Тараптар Португалияның сыртқы істер министрі Паулу Порташтың Қазақстанға жасайтын ресми жұмыс сапарының дайындығын талқылады.
Португалия Ішкі саясат бойынша СІМ-нің бас директоры Руи Мачейр біздің еліміздің ішкі саяси бастамалары туралы оң пікірін білдіре келіп, Қазақстан экономикасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Португал тарапының өкілдері халықаралық аренада елімізді әрі қарай қолдауға дайын және екіжақты экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін жеткізді.
Португал тарапына Елшілікпен шығарылған Португал тіліндегі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы бар кітапша таратылды.
Сыртқысаясатаралық консультациялық кездесу аясында Португалиядағы ҚР-ның Елшісі Нұрлан Дәненов португалдық компаниялармен бірқатар кездесу өткізіп, Қазақстанға жасалатын бизнес-делегация сапарының дайындығына байланысты мәселелерді талқылады.