Лицензиялық турнир: Алуа Балқыбекова қарсыласын қапы қалдырды
АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде бүгін ШАРШЫ АЛАҢҒА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДЕН ҮШІН БОЛЫП КӨТЕРІЛГЕН Алуа Балқыбекова қарсыласын қапы қалдырып, келесі кезеңге өтті.

Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстады. Есеп: 5:0.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова бірінші мәрте Олимпиада жолдамасына таласып жатыр.
Енді жерлесіміз 10 наурыз күні1/8 финалда Оңтүстік Корея немесе Армения спортшыларының қай жеңгенімен жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетсе , 80 келідегі қазақстандық әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Того мемлекетінің спортшысы Прева Падабадиді 5:0 есебімен ұтқанын жазған болатынбыз.
Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.