Лицензиялық турнир: Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде бүгін қазақстандық боксшылардан бірінші болып шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бокс
Фото: Бокс федерациясы

Нақтырақ айтсақ, әйелдер арасында 66 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Наталья Богданова бірінші айналымда аргентиналық Лорена Соледад Балбуэнді жеңді.

Кездесудің бірінші раундында төрешілер жеңісті қарсыласқа бергенімен, Богданова тез жиналып, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.

Ол екінші кездесуін ертең өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаршы алаңда әйелдер арасында екі, ерлер арасында екі, жалпы төрт боксшымыз шаршы алаңға шығатынын жазған болатынбыз. 

Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.

Соңғы жаңалықтар